Сабақтартарының жиынтығы Кафедра мәжілісінде қаралды және мақұлданды, Хаттама №11 «30» 05 2018 ж


Дақылдардың фосфор тыңайтқыштарына қажеттілігін анықтау әдістемесі



бет57/64
Дата08.02.2022
өлшемі92,52 Kb.
#123633
түріСабақ
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   64
Байланысты:
agrohimiya lektsiya zhi nt

Дақылдардың фосфор тыңайтқыштарына қажеттілігін анықтау әдістемесі. Фосфор тыңайтқыштарының мөлшерін анықтау үшін, егер Р2О5 мг/кг мөлшері белгілі болса, төмендегі формуланы пайдаланады (Черненок В.Г., 1987;1997):
Др = (Ропт - Рфакт)*К, мұнда [5]

ДР - фосфор тыңайтқышының енгізу мөлшері, кг/га ә.е.з.;


Ропт – дақылға қажетті топырақтың 0-20 см қабатындағы жылжымалы фосфордың оңтайлы мөлшері, мг/кг;
Рфакт - топырақтың 0-20 см қабатындағы жылжымалы фосфордың нақты мөлшері, мг/кг;
К - 10 кг-ға тең топырақтың 1 мг Р2О5 тыңайтқыш эквиваленті, атап айтқанда, бұл 1 кг топырақтағы Р2О5 мөлшерін 1 мг-ға арттыру үшін енгізілуге тиісті фосфор тыңайтқышының кг көлемі.

Мысалы, егер топырақтағы Р2О5 нақты мөлшері 14 мг/кг болса, онда Др = (35 - 14)*10 = 210 кг/га, ал егер 27 мг/кг, онда Др = 80кг/га.


Қоректік элементтердің мөлшерін оңтайлы деңгейге дейін жеткізу қалыптасып отырған ылғалдандыру жағдайында болуы мүмкін ең жоғары өнім алуға мүмкіндік береді.
4-тақырып. КАЛИЙ ТЫҢАЙТҚЫШТАРЫ

1. Калий тұздарының кен орны.


2. Өңделмеген калий тұздары және концентрлі калий тыңайтқыштары, олардың қасиеттері.
3. Әр түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарына калий тыңайтқыштарының тиімділігі мен топырақ-климат жағдайларына байланысты оларды енгізу әдістері және технологиясы.
4. Солтүстік Қазақстан топырақтарында калий тыңайтқыштарының тиімділігі (ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі мен сапасына әсері), оларды қолдану ерекшеліктері.

Калий тыңайтқыштарын табиғи калий тұздарынан өндіреді. Табиғи калий тұздарының негізгі қоры Қазақстан (Ақтөбе облысы – Жыланды кен орны), Ресей, Украина, Беларусь, Канада, Германия, Франция, АҚШ, Испания сияқты елдерде орналасқан.


Калий тыңайтқыштарын өндіру үшін мына минералдарды пайдаланады: cильвинит mKCl + nNaCl, карналлит KCl·MgCl2·6H2O, каинит KCl·MgSO4·3H2O, шенит K2SO4·MgSO4·6H2O, ланбейнит K2SO4·2MgSO4, алунит (K, Na)2SO4·Al2(SO4)3·4Al(OH)3, полигалит K2SO4·MgSO4·2CaSO4· 2H2O, нефелин (K, Na)2O·Al2O3·2SiO2.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет