Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
Үй тапсырмасын сұрау
ББ кестесін толтыру
Қызығушылықты ояту
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.
Қосымша шығармашылық тапсырмалар.
Морфология Грамматика ғылымы тілдің грамматикалық құрылысын зерттегенде өзінің тексеретін объектісінің негізі етіп сөзді жәнесөйлемді алады. Тексеру объектілерінің осындай ерекшеліктеріне қарай грамматика ғылымы морфология жәнесинтаксис деп аталатын екі салаға бөлінеді.
Морфология – сөз және оның формалары туралы ілім. Морфология сөздің жасалу, түрлену, өзгеру жүйелерін, сөздің бөлшектенуі мен олардың әрқайсысының грамматикалық мағыналары мен қызметтерін зерттейді.