Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Қазақ тілім - өз – тілім – ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана – тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
|
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
Қане, балалар, сабаққа көңіл аударайық:
- Суретті плакатпен жұмыс. Сөз таптары туралы берілген білімді еске түсіру.
- Сөз таптары атау, тиянақтау.
- Зат есім, сан есім, етістік.
- Сөз табу, сөзді қатыстырып сөйлем құрап айтады. (әр сөз табына)
- Мынау алма. Алма тәтті, қызыл. Ағашта бес алма өсіп тұр.
|
|
Қызығушылықты ояту
|
- Ребус шешу арқылы сабақтың тақырыбын табу.
- Зат есім.
Зат есім туралы ережені интерактивті. тақтадан шығарып өздерімен бірге айтып түсіндіріп өтемін.
Ой ашар.
Ол кім? Бұл не? ойыны.
- Жекелеген заттардың суреті арқылы оларға кім? Не? сұрақтарының қойылатынын білдіру. Сұрақтардың қойылатынын өздеріне тұжырымдатып, көздерін жеткізу, ереже шығару.
- Мысалы:
- Тақтадағы домбыра, кітап, бор, дәптер, әже мұғалім дәрігер т. б. суреттерге сұрақтар қойып өздері тұжырымдап, көздерін жеткізіп ереже шығарады.
«Кел, жұмбақ шешейік. »
Бірнеше жұмбақтар шешкізіп, олардың жауаптарын беретін сөздерге тиісті сұрақтар қойғызу.
Мысалы: Қабат – қабат қаттама.
Ақылың болса аттама. (Кітап)
Жіп – жіңішке денесі,
Ортасында инесі (қалам)
Кітап, қалам сөздеріне сұрақ қойғызып, оларды қатыстырып сөйлемдер құрату.
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.
Қосымша шығармашылық тапсырмалар.
«Қыста» тақырыбына шағын әңгіме құра.
«Дөңгелек стол» әдісі
Шарты: Топта бірінші оқушы өз ойын әр түрлі пасталарды пайдалана отырып, тақырыпқа сай жазады. Қалған оқушылар да алдыңғы сөйлемді қайталамай, өз ойын жазу керек.
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |