Мына мен тұра сала төсектен,
Жаттығатын спортшы деп есепте.
Бір, екі, үш,
Бұлшық етте, міне, күш!
Төрт, бес, алты,
Бүгілеміз, бүктелеміз бәкідей,
Созыламыз, керілеміз сәкідей.
Ой толғаныс
Сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап бер.
Денсаулық қандай байлық? (зор)
Бір сөзден құралған сын есім ... (дара)
Тәтті сөзі заттың несін білдіреді? (дәмін)
Қандай бала арлы бала? (әдепті)
Жақсы – жаман қандай сын есім? (қарсы мәндес сын есім)
Әдемі сөзі қандай сын есім? (дара)
Заттың сынын, сапасын, түрін, түсін, дәмін білдіретін сөз табы? (Сын есім)
Сын есімнің сұрақтары? (қандай? қай?)
Сын есімдер құрамына қарай қаншаға бөлінеді? (екіге)
Тудың түсі? (көгілдір)