Сабақтың аты Қозғалыс материяның ажырамас бөлігі Жалпы мақсаты



бет180/215
Дата07.02.2022
өлшемі5,17 Mb.
#83076
түріСабақ
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   215
Байланысты:
9 физ ҚМЖ

2.Мәнмәтінмен жұмыс оқушыларға оқулықтағы мәтінді оқып,талқылау,берілген кестені толтыру ұсынылады.Кестедегі мәліметтерді қорғау тапсырылды.Қорғаушының орындығының артына стикер іліп кету арқылы орындалады.

1

Ядролық реактордың негізін салушы ғалымдар






2

Ядролық реакцияға қатысатын химиялық элементтер






3

Ядролық реактордың бөліктерін ата




4

Ядролық энергияны алу әдістері




Топ тапсырманы «ақылдың алты қалпағы»әдісі арқылы алып шығуқажеттілігі айтылады.


Әр қалпақтың ішіне сұрақтар тасталған сол сұрақтар арқылы әркім өз позициясын ұстану керек.Әр қалпақ түсіне сәйкес критерии қойылып,топ мүшелері сол қалпақты киюге лайықты немесе лайықты емес екендерін өздері анықтап,бағалауды ұсынады.

Түсі

Критерии

Төмен.

орташа

жақсы

Өте жақсы

ақ

Ақпарат жеткілікті болды ма?
Ұсынылған ақпарат нақты ма?
Ақпаратта соңғы жаңалықтар қамтылған ба?













Қызыл

Тақырыпты ашу барысында эмоция көрініс берді ме?
Баяндаушының эмоциясы қаншалықты дәрежеде болды?
Шынайы болды ма?













сары

Тақырыпты ашу барысында өз позицияңызды қорғай алдыңыз ба?
Дәлел жеткілікті болды ма?
Өзгелерді сендіре алдыңыз ба?













жасыл

Сіз қосқан идея қаншалықты құнды болды?
Сіө өз жұмысыңызға қанағаттандыңыз ба?















Қара

Сіздің пікіріңіз қаншалықты дәлелді болды?
Көтерген проблемаңыз көпті толғандырды ма?













көк

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айта алдыңыз ба?
Тақырып өз деңгейінде ашылды ма?












Жұмыс барысын бақылау нысандары





Оқушылар мәтінді толық оқып шығады.Кестені толтырады және қорғайды. Топ баяндамашыларын бақылаушы бағалайды


Әр топ бірін бірі топтың жасаған жұмыс алгоритміне орай бағалайды


«Екі жұлдыз,бір тілек »арқылы бағалау

4 минут
1 мин

ІҮ. Негізгі бөлім

Кризистік масса


Реактордың өлшемдері оған сәйкес уранның массасы белгілі бір кризистік мәндерінен артқан жағдайда ғана көбею коэффиценті бірге тең болады. Кризистік масса деп бөлінетін заттың тізбекті ядролық реакция жүре алатындай ең кіші массасын айтады.
Өлшемдері шағын болғанда реактордың активті аймақтың беті арқылы (ураны бар стержень орналасатын көлем) нейтрондардың шығыны өте көп болады.
Жүйенің өлшемдерін арттырғанда бөлінуге қатысатын ядролардың саны көлемге пропорционал, ал шағын болатын нейтрондардың саны беттің ауданына пропорционал өседі. Сондықтан жүйені үлкейту арқылы көбею коэффициентінің мәндеріне жеткізуге болады. Егер қармалатын және шағын болатын нейтрондар саны бөліну процесінде алынатын нейтрондардың санына тең болса, онда жүйенің өлшемдері кризистік өлшем болады. Кризистік өлшемдер және оған сәйкес кризистік масса ядролық отынның түріне, баяулатқышқа және реактордың конструктивтік ерекшеліктеріне байланысты анықталады.
Шар тәрізді таза уран үшін (баяулатқышсыз) кризистік масса 50 кг-ға жуық. Бұл жағдайда шардың радиусы жуықтап алғанда 9 см болады (уран өте ауыр зат). Нейтрондарды баяулатқыштарды және бериллийден жасалған нейтрондарды шағылдырушы қабықшаларды қолдана отырып, кризистік массаны 250 г-ға дейін азайту мүмкін болды.
Реакторды басқару кадмийі немесе боры бар стерженьдердің жәрдемімен орындалады. Стерженьдер активті аймақтан толық шығарылған кезде к>1 болады, ал стерженьдер толық енгізілген қалпында к<1 болады. Активті аймақтың ішіне стерженьдерді бірте-бірте енгізіп, кез келген уақыт мезетінде тізбекті реакцияның әрі қарай үдеуін тоқтатуға болады. Ядролық реакторларды басқару ісі ЭЕМ көмегімен қашық жерден жүзеге асырылады.
Ядролық реакторлардың негізгі элементтері
Суретте ядролық реакторы бар энергетикалық қондырғының сүлбесі келтірілген.
Ядролық реактордың негізгі элементтері мыналар: ядролық отын ( , ) және т.б. нейтрондарды баяулатқыш (ауыр су немесе кәдімгі су, графит т.б.) реактор жұмыс істеген кезде пайда болатын энергияны әкетуге арналған жылу тасымалдағыш (су, сұйық натрий т.б.) реакциялардың жылдамдығын реттеуші құрылғылар (реактордың жұмыстық кеңістігіне ендірілетін нейтрондарды жақсы жұтатын кадмий немесе бор сияқты заттары бар стерженьдер).
Реакторды сыртынан - сәулесі мен нейтрондарға тосқауыл болатын қорғаныс қабықшамен қоршайды. Қабықшаны темір толтырғыш бар бетоннан жасайды.
Ауыр су ең жақсы баяулатқыш болып табылады. Кәдімгі судың өзі нейтрондарды қармап алып, ауыр суға айналдырады. Сондай-ақ ядролары нейтрондарды жұтпайтын графит те жақсы баяулатқыш болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   215




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет