Сабақтың әдістемелік нұсқауы «Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды ұйымдастыру»



бет22/59
Дата15.07.2020
өлшемі210,33 Kb.
#75246
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   59
Байланысты:
лекция казакша
лекция казакша, лекция казакша, лекция казакша, лекция казакша, лекция казакша, лекция казакша, лекция казакша, лекция казакша, лекция казакша, лекция казакша, лекция казакша, лекция казакша, лекция казакша, лекция казакша
Сабақ кезеңінің атауы

Теориялық сабақ (дәріс,аралас сабақ,мин.)

1

Ұйымдастыру сәті:

а) сабақтарда жұмыс жағдайын ұйымдастыру

б) Сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтау

Оқыту міндеттері:

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау.



5 минут


2

Өткен тақырып бойынша тірек білімді өзектендіру (әдіс-тәсілдер)

15 минут

3

Жаңа материалды баяндау (дәріс жоспары)

Дәріс жоспары



  1. Қазіргі уақытта алғашқы медициналық-санитарлық көмекті

  2. Қалалық емхананың міндеттері

  3. Профилактикалық бөлімнің негізгі міндеттері

45 минут

4

Өткен материалды бекіту (әдістері мен тәсілдері)


30 минут

5

Сабақтың қорытынды кезеңі:

а) Оқушыларды бағалау

б) Үйге тапсырма


5 минут







100 минут

Жоспар

  1. Қазіргі уақытта алғашқы медициналық-санитарлық көмекті

  2. Қалалық емхананың міндеттері

  3. Профилактикалық бөлімнің негізгі міндеттері




    1. Қазіргі уақытта алғашқы медициналық-санитарлық көмек

Қазіргі уақытта алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастыратындар – әдетте амбулаторлық-емханалық мекемелер. Бұлардың құрамына амбулатория (3-5 дәрігерлік мамандық бойынша қабылдау жүргізетін мекеме), емхана (кемінде 13-15 мамандықтан дәрігерлік қабылдау жүргізіледі), диспансерлер, мамандандырылған емханалар (стоматологиялық, физиотерапевтік, т.б.), әйелдер консультациясы, фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер.

Қала тұрғындарына жоғары дәрежедегі және мамандандырылған медициналық көмек қалалық ауруханаларда және бірнеше мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерде (әйелдер консультациясы, перзентханада, диспансерлерде, кеңес беру және диагностикалық орталықтарда, т.б.) көрсетіледі.

Қалалық ауруханалар атқаратын, көрсететін қызмет түріне орай көпсалалы және мамандандырылған, ұйымдастырушылық жүйесі бойынша – емханамен біріккен және жеке, қызмет көлеміне сәйкес – түрлі категориялы, яғни төсек саны әртүрлі болады.

Біріккен қалалық аурухананы бас дәрігер басқарады, ал оның емдеу бөлімінің жұмысына орынбасары (бұл негізінде жатып емделетін бөлімге жауапты) жауап береді, сонан соң емхана бойынша, ұйымдастыру-әдістемелік жұмысқа және әкімшілік-шаруашылық бөлімшенің жұмысын ұйымдастыратын орынбасарлары болады. Бас дәрігер әрқайсысына тиісті жұмыс көлемін бекітеді, солар арқылы мекеменің барлық жұмысы атқарылады. Ал әрбір бас дәрігердің орынбасары іс жүзінде ауруханадағы (стационар), емханадағы бөлім меңгерушісіне барлық қызметтің түрлерін жүктейді және солардың жұмысының нәтижесіне сүйенеді.

Бір ескеретін жағдай медициналық көмекті қажет етіп келген әрбір 100 адамның 80-ні амбулаторлық-емханалық жағдайда емделіп жазылады, ал тек қана 20-сы жатып емдеуге (стационарға) жіберіледі. Сондықтан да емдеу-сауықтыру жұмысын атқаруда емханалар алдыңғы орында деп есептелінеді.

Қалалық емханалар кейде біріккен аурухананың құрамында болады, бірақ көбінесе қазіргі кезеңде жеке түрі қалыптасуда. Осыған орай емхананың бас дәрігері немесе емханалық жұмыс бойынша бас дәрігердің орынбасары болады.

Қала тұрғындарына емдеу-профилактикалық көмек көрсететін негізгі мекеме – қалалық емхана. Бұл мекемелердің 2 түрі бар; 1 – дербес, 2 – қалалық аурухананың құрамында.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет