Сабақтың жоспары Сабақтың тақырыбы: Дидактика пәні, міндеттері Сабақтың мақсаты


ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту кезеңі:Дидактиа туралы ұғым (суреттер мұражайы)



бет3/10
Дата06.02.2022
өлшемі67,5 Kb.
#80216
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Дидактика пәні, міндеттері

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту кезеңі:Дидактиа туралы ұғым (суреттер мұражайы)
«Дидактика» - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko – оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. . Дидактиканың міндеті – білім мазмұнын, оқыту әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу.
Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670). Оның 1632 жылы шыққан «Ұлы Дидактика» кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол басты мақсат – адамшылық, оған жету жолы – білім беру және оқыту деп санады. «Көп емес, өмірге керекті білімдерді» беруге шақырып, оны түсіндіру үшін жаттығу, тәжірибелік әдістерді қолдануды ұсынды. Оқушыны жақсы сезімге бөлейтін әдістердің пайдалылығын дәлелдеді. Я.А.Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік принциптерін ұсынды. Коменский сынып-сабақ жүйесін терең зерттеді. «Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары» деген еңбегінде сынып-сабақ жүйесінің бөліктерін атады. Олар:

  • Оқушыларды мектепке белгілі бір уақытта қабылдау, сабақ аяқталған, ешкімді одан босатпау;

  • Оқушыларды сыныптарға бөлу;

  • Әр сыныпқа бір бөлме беру;

  • Күніне 4 сабақ өткізу;

  • Әрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау;

  • Қоңыраудың соғылуы;

  • Тәртіп;

  • Бір сабақтың ұзақтығы бір сағаттан аспау керек;

  • Сабақты күзде бастау.

«Мұғалім – сабақты жаратушы, оның жүрегі»,- деп түсінген. Оқушының өз күшіне деген сенімін арттыру, еңбекті сүюге тәрбиелеу, үй жұмысы туралы да мәселелер ұлы педагогтың назарынан тыс қалған жоқ. Коменский экскурсияны кең қолданып, оны білім берудің маңызды құралы деп санаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет