Ойдың тереңдігі оқылған объектіні терең білуден, оны өз бетімен зерттеп, ішкі байланыстарын, басқа объектілермен байланыстарын аша білуден көрінеді.
Ой тұрақтылығыдегеніміз – ойдың маңызды, оқу материалдарына тоқталуы, оларды ойда сақтау керек жерде қолдана білу. Ойдың тұрақтылығы ақыл-ой жұмысымен айналысуға байланысты.
Іскерлік дегеніміз – іс – әрекетті жақсы істеуге керекті жұмыс тәсілдерін белгілі бір жағдайларға байланысты таңдау және қолдану, адамның жұмысты жаңа жағдайда өнімді, сапалы, уақытында істей білу қабілеті.
Психология және дидактика тәжірибесі оқу бағдарламаларына өте маңызды оқу іс –әрекетін енгізуді талап етті
Арнайы іскерліктер – оқушылардың бойында нақты оқу пәндерін оқу процесінде қалыптасады. Олар оқу материалымен жұмыс істеуге керекті және оны түсінуге елеулі ықпал етеді
Интеллектуалдық іскерліктер – талдау және жинақтау, қорытындылау және саралау, салыстыру және ұқсату, себеп – салдарлық байланыстарды табу
Оқушының оқу жұмысын тиімді ұйымдастыру іскерліктері – оқу материалдарын меңгеру, талдау, оларды түрлі танымдық міндеттерді шешуге қолдану, өз жұмысын бақылау, оның нәтижелерін түзету
Қ.Жарықбаевтың анықтамасы бойынша «дағды – алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс- әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматтандырылуы». Дағды – іс –әрекеттің автоматтандырылған бөлігі, ол іс –әрекетті жақсы, көп күш жұмсамай, жасауға мүмкіндік береді.
Ақыл – ой дағдылары: әдебиеттерді, сызбаларды оқу, есте сақтау, өткенді тұрақты түрде қайталау.
Тілдік дағдылар: сөйлемдерді дұрыс құру, дәйекті дәлелдерге сүйеніп сөйлеу және жазу, қыстырма сөздерді қолданбау.
Ерік – жігер дағдылары: іс-әрекеттегі белсенділік, тәртіптілік, талап қоя білу.
Мәдени дағдылар: ұжымды басқа адамдарды құрметтеу, өзін –өзі тәрбиелеу.