Уақытты басқару
№
|
Сабақ тақырыбының атауы
|
Практикалық сабақ
|
|
Бұлшықет ішіне егу жасау техникасы.Көктамврға егу жасау техникасы
|
6 сағат - 270 мин
|
11
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
5 мин.
|
22
|
Практикалық сабақтың тақырыбының өзектілігін және білімділігі
|
15 мин
|
34
|
Практикалық жұмыстың, манипуляцияның орындалу техникасын көрсету және түсіндіру
|
45 мин
|
45
|
Практикалық сабақтың әдістемелік нұсқаулығы
|
10 мин
|
56
|
Практикалық сабақтың тақырыбының өзектілігін және білімділігінің бекілілуі
|
180 мин
|
67
|
Сабақты қортындылау
|
10 мин
|
ү8
|
Үй тапсырмасы.
|
5 мин
|
|
Барлығы:
|
270 мин
|
Шағын дәріс
Тақырыбы : ««Көктамырдан қан алу техникасы.Көктамыр ішілік тамшылы жүйені жинау техникасы.Тамыр ішіне тамшылап құюдың техникасы.Венозды катетерлармен жұмыс істеу ережелері»
Жоспар:
1. Көк тамырдан анализге қан алу;
2.Тамшылап дәрі жіберу үшін система жиыстыру;
3.Көк тамырға тамшылап дәрі жіберу;
4.Пациенттің жағдайын бағалау;
5.Пациентті және керекті құралдарды пункцияға дайындау;
6.Пункциядан кейін пациенттің жағдайын бақылау;
7.Инъекциядан кейінгі асқынулар,себептері,белгілері , емдеу және алдын-алу.
Көк тамырға инъекция жасағанда қауіпсіздік техникасының ережелері.
Көк тамырға егудің алдында дәрілерді еріту керек. Оның концентрациясын азайту үшін және 1 минутта 1 мл-ден ақырын енгізу. Дәрі қанға тез түсіп, ағзаға тез әсерін тигізеді. Тамырға дәріні ерітпей енгізуден өмірге қауіпті асқынулар болуы мүмкін: жүректің, тыныс алудың тоқталуы, анафилактикалық шок. Соңғы асқыну-дәрілерді ағзаға енгізуден пайда болған қауіпті аллергиялық реакциясы болып табылады. Еріту үшін 20-40% глюкоза ерітіндісін қолданады. Алдымен шприцке дәріні, сосын еріткішті сорып алу, дәріні жақсы еріту үшін: осы ережені сақтау өте қажет.
Осылай жүрек гликозидтерін: строфантин, коргликон енгізеді.
Көк тамыр ішіне 10% кальций хлоридін өте тиянақты енгізу керек.
Оны алдымен физ.ерітіндімен 1:1 ерітіп, қатаң түрде көк тамырдың ішіне енгізеді. Енгізер кезінде ине тамырдан шығып кетпеуін қадағалайды (ол үшін поршеньді өзіне қарай тартады). 10% кальций хлориді тері астына түскенде некрозға дейінгі ұлпалар қатты тітіркенеді.
Егер осы дәрі қателесіп тері астына енгізілгенде, енгізуді тоқтатып, егу жасаған жері мен жан-жағына 0,25% немесе 0,5% новокаин ерітіндісін енгізу керек.
Осы жағдайда 3 мақсатқа жетуге тырысамыз:
Тері астына түскен дәрінің концентрациясын азайту.
Ауырсынуды басу.
Қабыну болмас үшін новокаин ерітіндісін қолданады. Егер емделушіге новокаин ерітіндісі де тітіркендіру әсерін тигізе, онда дәрінің концентрациясын азайту үшін 0,9% натрий хлорид 50-80 ерітіндісін егу жасаған жеріне және жан-жағына енгізеді.
Көк тамырдың ішіне ауа және май (ауа эмболиясы, май эмболиясы) түскен жағдайда болатын асқынулар адамның өміріне өте қауіпті болады.
Достарыңызбен бөлісу: |