Сабақтың тақырыбы: Астана қаласына саяхат Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



бет30/88
Дата25.11.2022
өлшемі7,06 Mb.
#159786
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   88
Байланысты:
6 сынып қазақ тілі 2-тоқсан
6 сынып әдебиет 2-тоқсан, біріккен сөздер, Есімдік тақырыбы бойынша тест тапсырмасы, 12.12.2022 қазақ тілі 6-сынып, Олимпиада тапсырмалары 11 сынып
Ұйымдастыру кезеңі:
(Ұ) Оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.


Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Сабаққа кіріспе




(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. «Астана Опера» театры қандай сәулетімен ерекшеленеді?

2. Театр қандай стильде жасалған?


3. Театрда қандай қойылымдар бар?


4. Опера театры мен драма театрының басты ерекшеліктері неде деп ойлайсың?



Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.

7-тапсырма.

Мәтінді оқып шығып, кәсіби сөздерді теріп жаз. Қай салаға жататын кәсіби сөздер екендігіне көңіл бөліп, оларға түсінік бер. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін пайдалан.



Ертеде бір балықшы суды жағалап келе жатса, алыста күнмен шағылысып, жалтырап дыраудай бір нәрсе көрінеді. Жақындап келсе, айналасындағы бір жымға денесінің көбін батырып, үлкендігі қайықтай бір нән балық жатыр екен. Балықшы оны қолындағы жарағымен аулап ала алмайды. Көршісі Иван деген балықшының жарағы, ау-жадырасы бар екен...



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет