Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы-тәуелсіз мемлекет. Сабақтың мақсаты



Дата25.08.2017
өлшемі28,9 Kb.
#27568
түріСабақ
Қазақстан - тәуелсіз мемлекет.



Сабақтың тақырыбы:


Қазақстан Республикасы-тәуелсіз мемлекет. 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Оқушылардың мәтін аясында білімдерін кеңейту, жаңа сөздер үйрету. Практикалық жұмыстарға мейлінше көп көңіл бөліп, тілдесім әрекетіне жетелеу. 
Септеулік шылауларды меңгерту. 
Дамытушылық: Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Берілген материалдарды өмірдегі жағдайлармен салыстыра, байланыстыра отырып, тілдесім әрекетін. 
Тәрбиелік: Өз елін, өз жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту. 
Сабақтың түрі: жаңа сабақ 
Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі талдау. 
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте. 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
II. Үй тапсырмасын тексеру: 
- Үйге қандай тапсырма берілді? 
-Үй тапсырмасын барлығымыз орындадық па? (үй тапсырмасын жалпылай сұрақтар арқылы және жекелеп тексеріп шығу) 
III. Жаңа сабаққа даярлау: 
-Сендер қандай жерде, қандай елде тұрасыңдар? 
-Сендер өз елдеріңнің тарихын жақсы білесіңдер ме? 
-Қазақстан қандай мемлекет? 
-Қазақстан тәуелсіздігін қашан жариялады? 
IY. Жаңа тақырып: 
Сабақтың мақсатымен, барысымен таныстыру. 
Септеулік шылаулар. 

Септеулік шылау сөздерді бағындыра байланыстырады. Ол атау, барыс, шығыс және көмектес септіктерінде тұрған сөзбен тіркесіп қолданылады. Алдындағы сөздің септігіне қарай оның 4 түрі бар. 

Септік Шылау Мысал 
Атау септігіне қатысты туралы, жайында, сияқты, үшін т.б. Отан үшін отқа түс – 
қүймейсің. 
Барыс септігіне 
қатысты дейін, қарай, тарта, таман, жуық т.б. Түске дейін жүзге жуық 
хат жібердік. 
Шығыс септігіне 
қатысты кейін, соң, әрі, гөрі, бері 
Осыдан кейін үйге барамын 
Көмектес 
септігіне қатысты бірге, қабат, қатар 
Мен досыммен бірге жұмыс істедім. 

1. Мәтінге дейінгі жұмыс: 


Сөздікпен жұмыс: 
а) берілген сөздердің оқылуымен, аудармасымен, қолданылу аясымен таныстыру 
ә) сөздерді хормен, жекелеп оқытып шығу 
б) осы сөздерді қатыстырып сөз тіркестерін немесе сөйлемдер құрату 
тәуелсіздік - независимость шақырым – километр 
жарияланды- объявлен солтүстік-батыс – северо-запад 
батыс - запад оңтүстік-шығыс – южный- восток 
көршіміз - соседи өсімдік - растения 
шектеседі - граничат аумағында - величина, объем 
жер көлемі – обьем земли шекара - граница 
2. Мәтінмен жұмыс: 
-берілген мәтінді мәнерлеп оқып шығу 
-оқушыларға жекелеп, кезекпе-кезек оқытып шығу 
-мәтінді аударту 
-мәтін бойынша слайд көрсету 
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі 1991 жылдың 16 желтоқсан айында жарияланды. Жер көлемі -2717,3(екі мың жеті жүз он жеті бүтін, оннан үш) мың шаршы шақырым. Халқы – 16 миллион, астанасы – Астана қаласы. 
Қазақстан Республикасының шекарасы 15 мың шақырымнан асады. Оның 12 мың шақырымы құрлықпен, ал 3 мың шақырымы сумен (Каспий және Арал теңізі бойларымен) өтеді. Батыс, солтүстік-батыс, солтүстігіміздегі көршіміз – Ресей Федерациясы, оңтүстік-шығыс және шығыста Қытай Халық Республикасымен шектеседі. Оңтүстік және оңтүстік-батыстағы шекараларымыз – Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстан Республикалары. Ірі өзендері: Ертіс, Есіл, Жайық, Іле, Сырдария, Тобыл. 
3. Мәтіннен кейінгі жұмыс: 
1. Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіз ел болды? 
2. Оның жер көлемі қандай? 
3. Халқының саны қанша? 
4. Шекарасы қанша шақырым? 
5. Қазақстан қай елдермен шектеседі? 
6. Тәуелсіз Қазақстан Республикасында қандай ірі өзендер бар? 
4. Топпен жұмыс: 
1. Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасау. 
Ү лгі: Мемлекет, 8 әріп, 8 дыбыс, 3 д/ты, 5 д/сыз 
Мем-ле-кет – үш буын, 1,3-бітеу, 2-ашық буын 
м – дауыссыз, үнді 
е - дауысты, жіңішке, ашық, езулік 
л – дауыссыз, үнді 
к - дауыссыз, қатаң 
т - дауыссыз, қатаң 
1-топ: Халық 2-топ: Теңіз 3-топ: Көлем 
2. Мәтіннен септік жалғауында тұрған сөздерді теріп жазып, талдау. 
Үлгі: Республика+ның-ілік септік, ненің? 
3. Берілген шылау сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастыру. 
1-топ 2-топ 3-топ 
Туралы, қарай, соң. Бірге, кейін, сияқты. Қатар, жайында, жуық. 
Y. Сабақты бекіту: 
-Бүгін сабақта не істедік? 
-Қандай жаңа сөздер үйрендік? 
-Қандай мәтін оқыдық? 
YI. Үйге тапсырма: 
-73-бет 2-тапсырма. 
-Республика сөзіне фонетикалық талдау жасау. 
YII. Бағалау. 
YIII. Сабақ соңы.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет