Постерлерін жұпта қорғау сәттерінен көрініс
Ендігі кезекте мен оқушыларыма кері байланыс ұсынып «Өздеріңде осындай Қожаның басында болған сәттер кездесті ме?» деген сұрақ қойдым. Оқушылар мектептегі өздерінің бастарынан өткен қызықты оқиғаларын атып берді. Одан интерактивті тақтадан дене қимылдарын бейнелейтін бейнеролик көрсетіп, оқушылармен бірге би билеп, балалар сергіп қалды.
Талдау бөлімінде топтар арасында «Мынау кім?» ойыны арқылы бір-біріне сұрақтар дайындап, жауап алынды. Енді әр топқа шығармашылық тапсырма берілді. Әр топ өз Қожаларын қорғау керек болды. Тапсырманы орындауда бастапқыдағыдай емес топта бір-бірімен ақылдасып, ойларын бөлісе бастағандары байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |