Оқушылардың жасаған жұмыстары
Бірінші топ Қожаның тапқырлығы, екінші топ Қожаның тентектігі, үшінші топ Қожаның ақылдылығы дәлелдейтін мысалдар келтірді.
Жинақтау бөлімінде «INSERT» әдісі бойынша алған білімдерін тексердім. Не үйрендім? Не білдім?Жүрегіме не түйдім? Сұрақтары жазылған парақшалар таратып толтыруды тапсырдым. Болғанна кейін жазғандарын оқыттым. Сабақты қорытындылау мақсатында кері байланыс ұсынып, сабақтан алған әсерлерін стикерлер жазып ілді. Топ басшыларының бағалауларын тыңдап, өзім қорытынды бағаны қойдым.
Оқушылар ұсынған
кері байланыс
Бірінші өткізген сабағымда мен керемет нәтижеге қол жеткіздім деп айта алмаймын. Сабағымның сәтті тұстарын айтатын болсам, оқушыларым топта оқу мен жазу әрекеттерін іске асырды,ойларын еркін жеткізе білді,сабаққа деген қызығушылықтар, құлшыныстары оянды. Тапсырма орындауда тыс қалған оқушы болған жоқ. Сабағымда АКТ құралдарын тиімді пайдаланып, интерактивті тақта арқылы тапсырмаларда көрнекі түрде көрсету мен тексеруде пайдалану уақыт үнемдеуге көмектесті. Ал, сәтсіз тұстарына келетін болсақ, кей оқушыларымның ұяңдығы мен тіл байлықтарының аздығы. Осы кедергілер арқылы біраз оқушым сабаққа тартылып кеткен жоқ, тіптен аса ашылып сұраққа жауап бере қоймайтын оқушылардың тартылулары біраз кедергі болды. Топқа бөліну кезінде бастапқыда әр қайсысы өз досымен отырғысы келді, сынып белсенділері бөлініп отырмақ болды, бірақ сабақ барысында бірте-бірте бірлесіп жұмыс жасай бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |