Сабақтың тақырыбы: Негізгі және көмекші сөздер



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі23,38 Kb.
#89684
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
f5f9b80c7737790
a71a2400-6c0e-11e5-9d50-f6d299da70eeТМВР 1-межелік тест спец, a71a2400-6c0e-11e5-9d50-f6d299da70eeТМВР 1-межелік тест спец, a71a2400-6c0e-11e5-9d50-f6d299da70eeТМВР 1-межелік тест спец, a71a2400-6c0e-11e5-9d50-f6d299da70eeТМВР 1-межелік тест спец, f5f9a46e494f990, f5f9a46e494f990, f5f9b75e1112760, f5f9b75e1112760, f5f9b75e1112760
Модаль сөздер— сөйлеушінің сөйлем мазмұнына көзқарасын білдіретін сөздер. Қазіргі қазақ тілінде модальдылықты толық мәнді есім де, етістік те, көмекші сөздер де білдіреді. Модаль сөздер есімді (керек, қажет, тиіс, сияқты, сықылды, тәрізді, секілді, мүмкін, бәлки, бәлкім, әрине, әлбетте, рас, анығынан, шамасы, тәрізді) және етістікті (екен, шығар, болар, дейді, көрінеді, білем) деп екіге бөлінеді. Бұлардың модальдылық сипаты бірдей емес. Әрине, мүмкін сөзінің лексикалық мағынасының өзі әуелден модальды. Ал білем, көрінеді т. б. сөздердің лексикалық мағынасының сыртында модальдылық та мағына бар. Мысалы: Мен оны жақсы білем. Бұл жерден ауыл анық көрінеді. Мұндағы білем, көрінеді етістіктері өздерінің негізгі лексикалық мағынасында жұмсалған. Мені оятқан сен білем, Кешегі облысқа кеткендердің бірі Асқар көрінеді дегендерде бұлар таза модальдылық мағына білдіріп тұр. Сондай-ақ қажет, керек, мүмкін, рас модаль сөздерін де дәл осы тұрғыда алып қарауға болады. Модаль сөздер сөйлемнің баяндауышының құрамында жұмсалады. Кейбірі қыстырма сөздердің қызметінде қолданылады. Мысалы, Рас, Ділдәні Абай сүйіп қайтқан жоқ (Мұхтар Омарханұлы Әуезов). Мүмкін, олар үйде жоқ (Н. Ғ.). Модаль сөздер мен қыстырма сөздерді шатастыруға болмайды, бұлар - өзіндік ерекшеліктері бар екі түрлі грамматикалық категориялар. Модаль сөздер баяндауыш құрамында жұмсалғанда көбіне келер шақта келеді (Олар келген кезде менің жұмыста болуым мүмкін. Байдалыға соларды салу қажет (М. Ә). Модаль сөздер болжалдық, міндеттілік, мүмкінділік, қажеттілік т. б. мағыналарда қолданылады.
Көмекші сөздерге анықтама бергенде оның дербес лексикалық мағынасының болмайтындығын баса айтамыз. Атауыш сөздерден ажыратып, жеке топ ретінде бөліп алғанда да осы мағынасының болмауы себепші болған. Дегенмен бұл көмекші сөздердің лексикалық мағынасы бар деген тілшілердің пікірін қолдаймыз. Сондықтан да көмекші сөз деп өздерінің дербес лексикалық, мағынасы түрлі дәрежеде солғындаған екінші бір атауыш сөздердің жетегінде келіп соның мағынасын түрлі дәрежеде тиянақтап келетін, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырушы қызметін атқаратын сөздердің тобын айтамыз.
Көмекші сөздердің лексикалық мағынасы туралы мәселе тіл білімінде даулы мәселелердің бірі болып саналады. Біріншіден, көмекші сөздердің барлығына бір өлшем қойып мағынасын анықтау мүмкін емес. Жалпы сөздердің лексикалық мағынасын анықтауда белгілі бір өлшем бар дегенге сенудің өзі қиын. Атауыш сөздердің өздерін де мағынасьна қарап талдау жасағанда бір өлшем алмаймыз. Салыстыралық, сын есім мен зат есімдердің лексикалық мағыналарынын дербестігі бірдей еместігі анық. Сын есімдер мағына жағынан зат есімдерге байланысты анықталады. Оқулықтарыңызда сын есімдерге анықтама бергенде заттың, сынын, түсін, сыр-сипатын, ішкі қасиетін білдіретін есім сөздердің тобын ай­тамыз деп көрсетеміз; Демек сын есімнің мағынасында, аз болса да, зат есімге тәуелділік бар. Ал есімдіктердің мағынасын анықтауда мүлде басқа принцип ұсынамыз. Мен, сен, ол, анау, мынау, қанша, неше, кім деген сөздерді мағынасына қарай бір топқа енгізіп есімдік деп атау мүлде қиын. Олардың басын қосып тұрған нәрсе — орынбасарлық, бас­қа сөздердің орнына қолдану қызметі. Бірақ сөздердің сөйлемдегі кызметі мен сөздердің лексикалық мағынасы бір нәрсе еместігін де есепке алу керек. Менсен, ол деген есімдіктердің лексикалық мағынасы — айтушы, талдаушы, бөгде жақтарды білдіруі. Коммуникативті негізде пайда болған тіркестер, алғаш салыстырып қолданылуы, біртіндеп салыстыру қасиетінен айырылуы да мүмкін. Мұндай теңестіру нәтижесінде сөздерде жалпы мағына, жаңа функциялар пайда болады. Мысалы, Ішім өлген, сыртым сау (Абай). Іш пен сырт сөздерінің антоним екендігі анық, бірақ өлім мен сау антоним емес. Өлі сөзінің антонимі — тірі, саудың антонимі — ауыру. Абай өлеңінде ол антонимдік мәнді шендестіре қолданылып тұр.
Көмекші сөздерде лексикалық мағына бар дегенде біз осы толық мағыналы, атауыш сөздердің мағынасымен тең, айырмашылығы жоқ екен деп түсінбейміз. Ең басты айырмашылығы сол — көмекші сөздердің лексикалық мағынасы дербестегінен айырылған. Нәтижеде олар сөйлемнің құрамынан тыс, екінші бір сөздің жетегіне ермей қолданылмайтын дәрежеге жеткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет