Сабақтың тақырыбы Сабақ тақырыбы: Адамның өміріне климаттың әсері қандай?



бет1/20
Дата17.02.2022
өлшемі0,63 Mb.
#132248
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Дүниетану 3-т ҚМЖ 130 бұйрық 4-сынып


3-тоқсан 10 сағат



Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Сабақ тақырыбы: Адамның өміріне климаттың әсері қандай?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.2.2.1 – адамзат дамуына климаттың әсерін талдау

Сабақтың барысы.




Сабақтың кезең
уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Дене мүшелерімен амандасу (көзбен, қол алысып, құлақпен, аяқпен амандасу)
Мұғалім: — Екі көз не үшін керек?
Оқушы: — Жақсыларды көру үшін.
Мұғалім: — Екі құлақ не үшін керек?
Оқушы: — Ақыл – кеңес тыңдау үшін.
Мұғалім: — Екі қол не үшін керек?
Оқушы: — Елге көмек беру үшін.
Мұғалім: — Екі аяқ не үшін қажет?
Оқушы: — Шетте жүрсең,
Туған жерге жету үшін
Мүғалім: — Ал басың не үшін керек?
Окушы: — Бәрін-бәрін ойлау үшін.
Дұрыс балалар, олай болса мен сендердің құлақтарың, көздерің, қолдарың мен аяқтарыңа саулық тілеймін.
Жұмыс ережесін келісу
Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда)
(Ұ) «Допты қағып ал» тәсілі бойынша сыныпқа сұрақтар қоямын.
ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.
Оқу мақсатын таныстыру
Күтілетін нәтижені анықтау

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.
Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.





ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау.

Психологиялық ахуал.

Алдыңғы білімді еске түсірутапсырмалары.



Ортасы

Адамның өміріне климаттың әсері қандай?
«Климат» гректің «клима» – көлбеу деген сөзінен шыққан. Климат күн сәулесінің Жер бетіне көлбеу түсуіне байланысты қалыптасады. Көлбеу түсетін сәулелерге қарағанда тік түсетін сәулелер ыстығырақ болады. Олар ауаны қыздыру арқылы Жер бетін жылдамырақ жылытады. Экваторға жақындаған сайын күн сәулесінің жер бетіне түсу бұрышы да ұлғаятындықтан ауа температурасы да жоғарылай береді. Климат адамның сыртқы түріне ғана емес, оның кәсібіне, баспанасы мен өмір салтына да әсер етеді.Адамзаттың тарихынан мысалдар қарастырайық. Жер бетінде алғашқы адамдар пайда болғанда климат жылы болған. Адамдар саналуан жеміс-жидектер өсетін ағаштардың ортасында тіршілік еткен. Жан-жануарлар да көп болған. Адамға жылы киім мен баспана қажет болмаған. Алайда шамамен жүз мың жыл бұрын мұз басу дәуірі басталған. Солтүстіктен жылжыған алып мұз қабаты бүкіл жер бетін жапқан. Міне осы кезеңде адам баласы жан сақтаудың қамын жасаған.Шамамен 13 мың жылдай уақыт бұрын алып мұз қабаты еріген. Соған қарай адам баласы да табиғи ортадағы өзгерістерге бейімделіп өмір сүре бастады. Осыдан шамамен үш мың жылдай уақыт бұрын Ұлы Далада климат өзгеріп, құрғақшылық орнаған. Жауын-шашын азайып, күн ысыған. Бүгінде климаттың адамға тигізетін ықпалы ерте кездердегідей аса күшті емес. Дегенмен қазірдің өзінде адамның өмірі
көп жағдайда ауа райы мен климатқа тәуелді.
Дескрипторы:
• зерттеу негізінде өз өңірінде табиғи апаттар туындау ықтималдығын болжайды;
• климаттың адамзат дамуына әсерін талдайды;
• нысандардың кеңістікте бір-біріне қатысты орнын анықтайды;
• өзінің жасанды ортадағы қауіпсіздігін жоспарлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет