3. Жаңа тақырыпты түсіндіру. «Үшбұрыштар әлеміне саяхат»
Өмірдегі көріністерден мысалдар келтіру:
- өміріміздегі үшбұрышты заттарды елестетейік
- Таулар, пирамидалар, жол жүру ережесіндегі ескерту белгілері және т. б.
- Негізінен үшбұрыштар үшкір болады, сондықтан оның ауаны тесіп өтетін қасиеті бар деуімізге болады. Мысалы: ұшақтардың басы, құстардың тұмсығы, майшамның жанып тұруы, т. б.
- Енді үшбұрышты геометрияда қалай салатынымызға тоқталайық
- Алдымен жазықтықтан 3 нүкте белгілеп аламыз және оларды белгілейміз. Олардың арасын кесінділермен қосамыз. Сонда үш төбесі, үш қабырғасы, үш бұрышы бар элементтерден құралған геометриялық фигура пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |