Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті. 5-8 жаттығулар. Сабақтың мақсаты



бет27/31
Дата08.11.2016
өлшемі8,43 Mb.
#1258
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, сөздікпен жұмыс. Бағалау.

Күні: 19 . 01. 15

Пәні: Математика

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Сабақтың тақырыбы:  Көбейту және бөлу. 64*48 және 3072:64
Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Екі таңбалы санға бөлу тәсілдерін  пысықтау. Ауызша  және жазбаша  көбейту

тәсілдерін  пысықтау.


Дамытушылығы:Баған түрінде көбейту мен бұрыштап бөлу жағдайларын негіздеу. Ойлау

қабілетін дамыту.



Тәрбиелігі: Тапқырлыққа, жылдамдыққа  тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: сиқырлы әріптер, сөзжұмбақ.
Пәнаралық байланыс: ана тілі
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау, қызығушылығын ояту
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық  дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1.№9-мысалдың орындалуын тексеру, бағалау.

2.Білімдерін пысықтау.


1.Қабырғасы 8 дм шаршының ауданы нешеге тең? 64дм

2. 8*9= 72

3. Ұзындығы 4 см. Ені 5 см ауданы нешеге тең? 20 см

4. 1 дм= 10 см

5. 1 дм² = 100 см²

6. Қабырғасы 8 дм және 4 дм тік төртбұрыштың ауданы нешеге тең? 32 дм

7. 8*6= 48

8. Ауданды қалай табамыз? Ұзындығын еніне көбейтеміз.

9. 2 дм² =200 см²

10. 7*9 = 63

11. 5 дм  =50 см

12. Периметрді қалай табамыз? Ұзындығы мен енін қосамыз. 2 – ге көбейтеміз.

13. 5 дм² =500 см²

14. 8*6= 48


ІІІ. Жаңа сабақ
Екі таңбалы санға бөлу алгоритмі 2 таңбалы  санға ауызша көбейту алгоритмін еске түсіру.
Алгоритм
1. 2 таңбалы санды  разрядтық  қосылғыштарға жіктейміз.
2. Қосылғыштарды жеке-жеке санға көбейтеміз
3. Шыққан сандарды  қосамыз

Екі таңбалы санға жазбаша көбейту алгоритмі


Алдымен санды бірлігіне, сосын ондығына көбейтеміз.
Санды бірлікке көбейтеміз, ондығын ойға сақтаймыз.
Санды ондыққа көбейтеміз, ойдағыны қосамыз
Жазбаша бөлу алгоритмі
3072:34  
1.Толымсыз бөлінгішті анықтаймыз.
2. Бөліндідегі цифрлар санын анықтаймыз. (ол біреу)
3. Бөлгенде шығатын санды жобалап табамыз.
4. Шыққан санды бөлгішке көбейтеміз.
64*48=64* (40+8)=64*40+64*8=2560+512=3072

64*40=2560       64*8=512    2560+512=3072

3072:64=48

№2.


5561:67=83      2496:48=52       5561:83=67        2496:52=48

№4.


430*10=4300ц                     4300+3500=7800ц

500*7=3500ц                       

430*7=3010         4300-3010=1290ц

№5.


280км=280000м      138300+71700=210000м

280000-210000=70000м=70км

Ағаштың тапсырмасын шешу сәтінен үзінді.
Сергіту сәті:

№6.  


Х+3019=5240               х-1025=2220            х*84=2940          х:27=5870

Х=5240-3019                х=2220+1025           х=2940:84           х=5870*27

Х=2221                         х=3245                      х=35                    х=158490

№7 . 9000:18*9=4500       86*82-1025=6027          (3025+986):7=573

(1800*30):27=2000

№8.  


Х+5+3=12

Х+8=12


Х=12-8

Х=4


№9 

500*2:1000*20-20+5007=5007

32*40:10:32:4*2492-2492=17572
ІV. Сабақты қорытындылау.

«Көбейту»  сөзжұмбағын шешу.

1.     Екі шеті тұйықталған түзу сызық не деп аталады? кесінді

2.     Сан. бес

3.     Аптаның алтыншы күні?  сенбі

4.     «Кіші» ұғымына қарсы  сөз. Үлкен

5.     Амалдың түрі? Азайту

6.     Ұзындықтың өлшем бірлігі? Метр

7.     Уақыт өлшем бірлігі? минут



V.Бағалау.

VІ. Үйге: №3 15- бет

Күні: 18 . 01. 15

Пәні: Математика

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Қайталау.

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға екі таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдерін тиянақтауға, теңдеу құрастырып шешімін табуға үйретуге мүмкіндік жасау;

Дамытушылығы: ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелігі:білімділікке, дәптермен жұмыс жасау барысында тазалыққа, ұқыптылыққа

тәрбиелеу.



Түрі: аралас сабақ

Типі: жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, есептеу, салыстыру.

Көрнекілігі: жолақшалар, суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендеу.

Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,

Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

Мақсат қою кезеңі:

-Балалар, бүгін біз Екі таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдерін қайталаймыз. Екі таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдерін кім қалай меңгергенін байқап көреміз.

ІІ. Жаңа сабақ:

Оқулықпен жұмыс:

№1. Амалдарды орында және тексер:

304:14 = 976: 23= 34*13= 18*32 =

.

№2. Әрбір өрнектің мәнін екі түрлі тәсілмен есептеп шығару.



А) (30*5):5=150:5=30

(30*5):5= 30*(5:5)=30



Ә) Тиімді тәсілмен есептеп шығар:

(15*3):9=45:9= 5



(40*7):7 =40* (7:7) =40*1 =40

№3. Есепті шығар.

а) Ш: 60* (50+37+23) =6600 (тг)

60*(62+20+33)=6900(тг)

Ж: 4"а" сыныбына 6600 тг, 4"Ә"сыныбына 6900 тг жұмсалды.

№5. Есепті шығар.

а = 200м

в =121м


Р=(200+121)*2=642 м

а = 300м


в =43м

Р=(300+43)*2=686 м

Ж: 4"А" сыныбы уақыт пен материалды аз жұмсайды.

№6 (ауызша.) а) 40+ 40: 8=45 дәптер.

ә) 15+15:5 = 18 дәптер.

ІІІ. Қорытындылау. -Бүгінгі сабақтан не білдік?

ІҮ. Үйге тапсырма: № 7,№4; 6- бет.

Ү. Оқушыларды бағалау.

Күні: 19 . 01.2016 ж.

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Алғашқы көмек. Бедел Тұрсынбаев.

Мақсаты:

Білімділігі:Оқушыларға Бедел Тұрсынбаевтың «Алғашқы көмек» атты әңгімесі бойынша

қазақтың ашаршылық кезіндегі өмірімен таныстыру.



Дамытушылығы:оқып, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу, байланыстырып сөйлеуге,

ойын тұжырымдай білу қасиетін дамыту;



Тәрбиелігі:қыйындықтан қорықпайтын, елін қорғайтын, шыншыл азамат болуға тәрбиелеу.

Түрі:аралас сабақ.

Типі: жаңа білімді үйрету сабағы.

Әдісі:сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі:суреттер.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Ермек Өтетілеуовтың "Балмұздақ" әңгімесі бойынша білімдерін тексеру, бағалау.



Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық.

ІІІ. Жаңа сабақ:

1. Қазақ халқы қиын кезеңді бастан кешірді. Соның бірі – 1931 – 1932 жылдардағы ашаршылық. Сол нәубет кезеңде үш жарым миллион қазақ халқы аштан қырылды. Ел басына түскен ауыр зұлматтың бір көрінісі Бедел Тұрсынбаевтың төмендегі «Алғашқы көмек» әңгімесімен танысамыз.

2. Мәтінді түсініп, жалғастырып оқу.



3. Сөздік жұмыс.

Нәубет – апат, кесапат, ауыртпалық.

Зұлмат – алапат, ауыр, қиын, зобалаң.

Білте – майшамның тұтатқанда жарық беретін ширатылған талшығы.

Құман – шәугім.

Сықылды – сияқты, тәрізді.

ІҮ. Жаңа материалды түсінгенін тексеру кезеңі:

1. Әңгімеде автор қай кезеңдегі оқиғаны баяндайды? «Қансонар» дегенді қалай түсінесің? Ел басындағы ауыртпалықты әңгімедегі қай сөздерден аңғаруға болады?

2. Сол тұсты тауып оқы. ( «Егер әкем түк әкелмесе, сонда біз не болдық?! ... », «Әттең, үстіме киімім бүтін болса, ...»). Мәтіннен баланың әкесі мен шешесіне берген мінездемесін тауып оқы. Егер әкем түк әкелмесе, сонда біз не болдық?! Деген бала ойын ары қарай жалғастырып көр. Не болуы мүмкін деп ойлайсың?

3. Әңгімені бөлімдерге бөліп, әр бөлімге ат қой. (Аңшылыққа даярлық. Әкесін күтуі. Алғашқы көмек. ...). 4. Әңгімеден ашаршылықтың белгілерін танытатын сөздерді тауып, дәптеріңе толықтырып жаз. (... Жыртығын жамау, киімім бүтін болса; шай дейтін шай да жоқ; Талдың кептірген бүршігі, жасыл шөптің қураған жапырағы сықылдыларға ...; қара қазанға құры суды құйып қайнатып отырғалы талай заман болды. ...)


Ү. Қорытындылау. 1.Әңгіме неліктен «Алғашқы көмек» деп аталған? Еңбектің ең алғашқы қасиетін бала қалай сезінді?

2. Әңгіме мазмұны бойынша мына сөзжұмбақты шеш. «Қансонар» сөзінің мағынасын сөздіктен ізде.



ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, сөздікпен жұмыс. Бағалау.

Күні: 19.01.16.

Пәні: Дүниетану

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.

Тақырыбы: Шалғын өсімдіктері мен жануарлары.

Мақсаты:

Білімділігі: Шалғын өсімдіктері мен жануарлары ,оларды қорғау туралы түсіндіру.

Дамытушылығы:Ой-өрісін , тіл байлығын, шалғын туралы ойын дамыту.

Тәрбиелігі:Табиғатқа жанашыр болуға, оны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі:аралас сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білімді үйрету сабағы.



Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелері материалдар
Сабақ барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару. Балалар,сендерге табыс тілеймін, Жарық пен жылу, денсаулық! Бір – біріңе сендер де, тілеңдер біраз жақсылық.

Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Шалғын өсімдіктері мен жануарлары ,шалғынды қорғау.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

" Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік мекенжайларына бейімделуі" тақырыбы бойынша білімдерін тексеру, бағалау.



ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Кіріспе:

Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары жайында қысқаша түсінік.

Жазықтарды далалық өңір немесе дала деп атайды.Ал таулары көп аймақтар таулы өлке деп деп жиі аталады. Еліміздің барлық жерінде өсімдіктер мен жануарлар тіршілік етеді.

Әр өңірдің өзіне тән өсімдіктері,жануарлары бар. Олардың табиғат жағдайлары: топырағы, ауа райы бірдей емес; жыл бойы түсетін жауын- шашын мөлшері де әртүрлі; тіпті жыл маусымдарының өзінде (басталу,аяқталу) айырмашылықтар бар.

Қандай жерде ,қандай үлескілерде таралса да тірі ағзалар өзара және өлі табиғатпен бірлесіп қана тіршілік ете алады. Осыны табиғи бірлестік дейді.

2.Шалғын өсімдіктері мен жануарлары туралы түсіндіру.

Шалғын—еліміздің табиғи байлығы.Шөптекті өсімдіктер жаз бойы жайқалып өсетін ылғалы жеткілікті шағын үлескілерді –көгал, ал аумағы жағынан үлкендерін –шалғын дейді.Шалғындағы шөп жаздың басы мен ортасында жұмсақ болады. Пішен шабу осы кезеңде басталады.Пішен дайындайтын шалғынды шабындық дейді.

Шалғында мал жемейтін улы өсімдіктер де кездеседі.Олар- уқорғасын,сарғалдақ.

Шалғында бунақденелілер көп болады. Алуан түрлі қоңыздар,шекшектер, түкті аралар да қаптап жүреді.Бозторғай, бөдене, бөктергі,бүркіт сияқты құстар,саршұнақ,көртышқан сияқты жануарлар да аз емес.



Оқулықпен жұмыс.

Тізбектей дауыстап оқыту.



Дәптермен жұмыс.

Күн ретін.ауа райын жазу.

Улы өсімдіктерді теріп жазу.

ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Суреттер бойынша түсіндіру. Фильм көрсету.Өздеріне көргендерін әңгімелету.



Ү.Қорытындылау.

--Шалғын деген не?Көгал деген ше?

--Шалғында мал жемейтін қандай өсімдіктер бар?

--Шалғынды аман сақтап қалу үшін не істеу керек?Пішенді қай кезде даярлау керек?



VІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 58-61-беттерді оқу,мазмұны

Дәптерге өсімдіктер мен жануарлар атауларын жазу.



VІІ. Бағалау

Күні: 19. 01. 15

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септелуі. 16-20 жаттығулар

Мақсаты:

Білімділігі:Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып,

олардың сұрақтарын меңгерту.



Дамытушылығы: Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу

қабілеттерін дамыту.



Тәрбиелігі:Сауаттылыққа, дұрыс мәдениетті сөйлей білуге, жылдамдыққа, ұқыпты таза

жазуға тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі:Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдіс – тәсілдері :Топпен жұмыс, сұрақ – жауап, ой қозғау.

Сабақтың көрнекіліктері : Септіктер кестесі, суреттер, «Жетіген» музыкалық аспабы. Пәнаралық байланыс :Ән - әуен, математика, сурет, ана тілі
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Поэзия минуты:

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл – қызын мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

15-жаттығудың орындалуын тексеріп,ережені сұрау, білімдерін бағалау.

8

ІІІ. Жаңа сабақ.

16-жаттығу. Не ? – Ненің ? - Неге ? – Нені ? - Неде ? – Неден ? - Немен ? – жетігенмен жетіген жетігеннің жетігенге жетігенді жетігенде жетігеннен


Зат есімнің септік жалғаулары

Септіктердің аты Сұрақтары Септік жалғаулары

Атау септік Кім? не?

Ілік септік Кімнің? Ненің? - ның, - нің, - дың, - дің, - тың, - тің Барыс септік Кімге? Неге? Қайда? - ға, - ге, - қа, - ке

Табыс септік Кімді? Нені? - ны, - ні, - ды, - ді, - ты, - ті

Жатыс септік Кімде? Неде? - да, - де, - та, - те

Шығыс септік Кімнен? Неден? - нан, - нен, - дан, - ден, - тан, - тен Көмектес септік Кіммен? Немен? - мен, - бен, - пен


17 - жаттығу. Сәуле, Сәулені

Тапсырма : Сөздерге сұрақ қой. Олардың қай септікте тұрғанын айт.

18-жаттығу.

Тапсырма : Зат есімнің жалғауларының астын сыз. Сұрақтардың орнына ақбөкен сөзін қойып, мәтінді көшіріп жаз.



ІV. Жаңа білімді бекіту кезеңі.

19-жаттығу

Тапсырма : Сөздерді септеп жаз.

1 – топ 2 – топ 3-топ

Ата Шеңбер өлең

Тар шеңберді айналып,

Тұр қазықта байланып.

Қаға берер таңдайды Әдетінен танбайды.

Тапсырма : Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда. Оларға қай септіктің жалғауы жалғанып тұр.

ГҮЛДІҢ ГҮЛДІ ГҮЛГЕ ГҮЛ ГҮЛМЕН ГҮЛДЕН ГҮЛДЕ Зат есімнің септелуі


Ү.Қорытындылау.

VІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 20-жаттығу. Септіктерді жаттау.

VІІ. Бағалау.

Күні: 20 . 01.2016 ж.

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Көксерек. Мұхтар Әуезов. (повестен үзінді)

Мақсаты:

Білімділігі:Оқушыларды Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» атты повестен үзіндісімен таныстыру,

үзіндінің өзекті түйінін ашуға жағдай жасау;



Дамытушылығы: өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып

сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.



Тәрбиелігі:балалардың жүрегінде аяушылық, мейірімділік сезімдерін ояту.

Түрі:аралас сабақ.

Типі: жаңа білімді үйрету сабағы.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы. Бәрін ұғып алыңдар, сабаққа зер салыңдар.


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Б. Тұрсынбаевтың "Алғашқы көмек"әңгімесі бойынша білімдерін бағалау.

Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық.

-Балалар, сендер «Көксерек» атты киноны көрдіңдер ме?

Онда не жайлы еді? Мұхтар Әуезов кім? Өткен тарауда оның қандай әңгімесімен танысып едік?
ІІІ. Жаңа сабақ:

Мына «Бөлтірікті қанша асырасаң да, орманға қарап ұлиды» деген мақалды қалай түсінесің?

Ол үшін Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» атты повесіндегі Құрмаштың өмірімен таныссақ, осы әңгіменің түйінін табамыз.

Оқулықпен жұмыс. Іштей, жалғастырып тізбектей оқу. Әңгімедегі басты кейіпкер кім деп ойлайсың? Көксерек туралы ауыл адамдары қандай пікірлер айтты?

Көксерек «ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін ұға алмады» дегенді қалай түсінесің?


ІҮ.Жаңа білімді меңгергенін бекіту кезеңі:

1. Ауыл иттерінің Көксеректі жек көретіні туралы жазылған жерді тауып оқы.

Көксеректің ашқарақтығын суреттейтін тұсты тауып оқы.

2. Әңгімені мұқият оқып, мына үлгілік кесте бойынша Көксерекке сипаттама бер.


Көксеректің күшік кезі

Көксеректің көк шолақ қасқыр болған кезі

Жүні – үрпиіп ,үдірейіп

Езуі – ыржитады

Бойы – үлкен емес


Жота жүні – үрпиіп

Көзі – жасылданып

Азуы – ақситып ашып, тістерін көрсетіп



Ү. Қорытындылау.

-Бүгін не жайлы өттік? Әңгіме немен аяқталды деп ойлайсың?
ҮІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу.
ҮІІ. Бағалау.

Күні: 21. 01. 15

Пәні: Математика

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.


Сабақтың тақырыбы: Көбейту және бөлу.5009*32 және 160288:32

Мақсаты:



Білімділігі: Оқушыларға екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу жайында түсінік беру;
Дамытушылығы: Баған түрінде көбейту мен бұрыштап бөлу жағдайларын негіздеу. Ой -

өрісін, өз бетінше тапсырма орындау қабілетін дамыту;


Тәрбиелігі: Ұқыпты, ретті жазу дағдысын қалыптастыру. Адамгершілікке, достыққа

тәрбиелеу.


Көрнекілігі:суреттер, кесте.


Әдісі:ойын, сұрақ - жауап, түсіндіру, іздену.
Түрі: аралас сабақ.

Типі: жаңа білімді үйрету сабағы

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

Бір, екі, үш
Сынып іші тып - тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1. 7,8- мысалдың орындалуын тексеру.


2. Білімдерін пысықтау.

Көбейту кестесін сұрау, білімдерін бағалау



ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Сандарды дұрыс жазу. 78 780 7800 78000 780000

2. Математикалық диктант.

85 - ті 10 есе арттыр


85 - ті 11 - ге көбейт
935 - ке 85 - ті арттыр
8700 - ді 100 есе кеміт

3. Оқулықпен жұмыс.

№1. Көбейтудің қалай орындалғанын талда және түсініп ал:
х  670 х 45 00

4889


536 + 405

268  360


32160 400500
№2. Бөлудің қалай орындалғанын түсіндір:
– 32160 48 - 400500 89

288 670 356 4500

– 336 - 445

336 445


0 0

№3. Көбейтуді орында және тексер:

560*39=21840 6500*73=474500 5008*64=320512 7040*38 =267520
№4.Қалдықпен бөлу. «Кім жылдам?» Тапсырманы 3 оқушы тақтада орындайды.

32180:48 =670 (қ.20) 32169:48= 670 (қ.9) 32159:48= 669(қ.47)

№5. Ш: 120: (10-6)=30 (тг)

10*30=300 (тг)

6*30=180(тг)

№6. Ш: 28*20: (29+27)=1(м)

29*1 =29 (м)

28*1=28(м)

№9. Егер кесіндінің ұзындығы хсм болса, онда мына өрнектер нені білдіреді?

х+2 х*2 х-2 х:2



ІҮ. Қорытындылау.


Ү.Бағалау.
ҮІ.Үйге тапсырма. 7,8-мысалдар. 18-бет.

Үш қатардан 3 оқушы шығып тақтада орындайды.


88101+9870: 35 = 88101+282 = 88383
49469 - 14382: 47 = 49469 - 306= 49163
51643 - 22320: 36 = 51643 - 620= 51023
ІҮ. « Тез жауап бер» ойыны.
‹А) Мына сандардағы әр цифр нені білдіреді? 306, 698, 540
Б) Әр сандағы 7 цифры нені білдіреді? 753, 78, 407, 777
В) Сандар қатарын жалғастыр:
1 5 25 125.........
254 250 246.........

Күні: 21. 01. 15

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.

Тақырыбы: Ілік септік. 28-33 жаттығулар

Мақсаты:

Білімділігі: Зат есімнің септелуі туралы білімдерін толықтыру;Ілік септігі және оның

сұрақтары мен жалғауларытуралы білім қалыптастыру;



Дамытушылығы: Сөздік қорын байыту, сөйлем ішінен ілік септігіндетұрған сөздерді табуға

үйрету


Тәрбиелігі: Ұжыммен жұмыс жасауға, айналасындағыларды тыңдайбілуге, қорытынды

жасауға, ойын жинақтауғамашықтандыру.



Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Топпен жұмыс, сұрақ-жауап, ойындар,

жеке оқушымен жұмыс.



Сабақтың көрнекілігі : Кесте, қима қағаздар, слайдтар, суреттер.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- оқушылар назарын сабаққа аудару;

- оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру.
Психологиялық дайындық.

«Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге

Ізетпенен біз!»
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1.25-жаттығудың орындалуы тексеріледі, бағаланады.



 2. «Өткенге шолу».

Септік атаулары

Сұрақтары

Септік жалғауларды атап шығу



ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Көркем жазу. Гг Гг Гг Гг

2.Оқулықпен жұмыс.

28-жаттығу.

Мәтінді оқу.

Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда

29-жаттығу.

Жаңылтпашты оқып, жатқа жаз.

Кімнің? сұрағына жауап беретін сөздерді тауып,жалғауларын тиісті белгілермен белгіле.

ақынның, батырдың, ұстаздың,шәкірттің



30- жаттығу . Мақалдарды түсініп оқы.

Ілік септікте тұрған сөздерді тап.



елінің -елдің сөздеріне ілік септігінің әр түрлі жалғану себебін түсіндіру
31-жаттығу.

1.берілген сөздер ілік септікте тұрғандай етіп үш сөйлем құрап жазу.



Қыз, сырғанақ, отбасы

2. Кестені пайдаланып пікірін дәлелдеу.



32-жаттығу.

Сөздерге астындағы жалғаулардың тиістісін жалғау арқылы ілік септікті сөз жасау.



Емен, сауысқан, құндыз, шебер, ат, сүт
 Сергіту сәті

«Бір, екі, үш,

Бойға жинап күш.

Төрт, бес, алты, жеті,

Мынау ауыл шеті.

Сегіз, тоғыз, он,

Ал, қанеки, қон!»
ІV. Сабақты бекіту

А) Мақалдарды ілік септікте тұрған қажет сөзді қойып көшіріп жазу:

Туған ... түтіні де ыстық.

... өзегі талмас.

Ас - ... арқауы.

... шиесін шын шығарады.



Қажетті сөздер: Өнерлінің, адамның, жердің, өтіріктің

Ә) Сөйлемдерді жақша ішіндегі зат есімді ілік септігіне қойып, көшіріп жазу.


V. Үйге тапсырма:

33-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, ілік септіктегі зат есімдерді теріп жазу.


VІ. Бағалау.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет