Қалыптастырушы бағалау:одағай емлесін өздігінен анықтаған оқушыны « Жарайсың!»
деген одағай сөзімен ауызша бағалаймын.
4- тапсырма Жеке жұмыс
Ұялы телефон арқылы «Kahoot» тест тапсыру.
1. «Мәссаған» көңіл-күй одағайының түрін анықтаңыз.
А) жекіру
В) таңырқау
С) өкіну
2.Айырмашылықты тап: «Пай-пай!»
А) одағай сөз
В) негізгі одағай
С) күрделі одағай
3. Көңіл-күйді білдіру үшін не қолданылады?
А) одағай
В) еліктеу сөз
С) шылау
Бағалау критерийі: Грамматикалық тапсырманы орындайды.
Тест соңында шапшаң орындаған оқушы телефоннан өз нәтижесін анықтай алады әрі нәтижесінде қарай телефонның өзі
Смайликтер арқылы бағалайды.
|
Интернет желісі
арқылы тест тапсырады
|
Сабақтың соңы
|
Кері байланыс: «Қосу. Алу. Қызықты» кестесін смс арқылы жазады.
Оқушылар Whatsapp желісі бойынша бүгінгі сабақта оңай болған және қиын болған тапсырмаларды бір-біріне және мұғалімге жібереді..Сонымен қатар сабақ барысында белсенді болған оқушыға смайлик сыйлайды.
|
Whatsapp
желісі арқылы
хабарлама жіберу
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау –қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?
Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
|
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақтау
|
Барынша қолдау көрсету: «Жұптық әңгіме» тәсілін мұғалім жетекшілігін көбірек қажет ететін оқушыларға қолданамын.
Орташа қолдау: Әр түрлі әдістер әдістер арқылы тақырыпқа қатысты бірнеше сұрақтар беріп отырамын.Сұрақтарға нақты жауап береді.Мәтінде көзқараспен фактіні ажыратады.Пікір алмасады.Өз ойын ашық айтады.
Қолдау көрсету аз: «Қағып ал» әдісі бойынша одағайларды мағыналық топқа жіктейді,өзіндік ерекшеліктерін өз бетінше анықтайды.Өз ойын тұжырымдайды.
|
Дескриптор нәтижесінде оқушыларға қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.
Әр түрлі әдістер арқылы,әр тапсырмадан кейін кері байланыс жасалып отырады.
|
Сабақ үдерісінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға мән берілу керек.
|
Рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына
қол жеткізді ме?
Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса,неліктен деп ойлайсыз?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?
Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?
|
|
|