Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақ құрылымы: Ұйымдастыру бөлімі


Отбасылық құқықтық қатынастардың субъектілеріне мыналар жатады



бет2/3
Дата14.04.2023
өлшемі83 Kb.
#174484
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Ашық сабақ Неке және отбасы ұғымы

Отбасылық құқықтық қатынастардың субъектілеріне мыналар жатады:

  1. ерлі-зайыптылар;

  2. балалар;

  3. басқа отбасы мүшелері мен жақын туыстары;

  4. заңмен белгіленген басқа да адамдар.

Отбасылық құқықтық қатынастардың объектілеріне жататындар:

  1. отбасы мүшелері арасында туатын өзіндік және мүліктік қатынастар;

  2. некені қиюдың тәртібі мен шарттары және оны жою;

  3. ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды басқа отбасыға орналастыру және т.б.

Неке отбасы заңдары мына қағидаларға негізделген:

  1. Еркек пен әйелдің некелік одағының еркіндігі;

  2. Отбасында ерлі-зайыптылар құқығының теңдігі;

  3. Отбасы ісіне басқа біреулердің орынсыз араласуына жол бермеу;

  4. Отбасылық мәселелерді екі жақты келісім арқылы шешу;

  5. Балаларды отбасында тәрбиелеу, олардың дамуына жағдай жасау;

  6. Отбасының барлық мүшелерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Неке дегеніміз – ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды тұғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі негізінде жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одағын айтамыз.
Неке қию тәртібі бойынша некеге отырғысы келген азаматтардың арыздары алдымен азаматтық хал актілерін жазатын (АХАЖ) мемлекеттік органдардың кітабына жазылады да, арыз берген күннен бастап 1 ай мерзім өткен соң жүргізіледі.
Ерекше мән-жайлар болған кезде (жүкті болу, бір тараптың өміріне тікелей қауіп төнуі және т.б. жағдайларда) неке өтініш берген күні қиылуы мүмкін.
Некеге отырудың шарттары: некеге отыратын еркек пен әйелдің екі жақты келісімі және олардың неке жасына толуы болып табылады. Неке жасы еркектер мен әйелдер үшін 18 жастан бастап белгіленген. Дәлелді себептер болған жағдайда азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылға дейін төмендете алады. Барлық жағдайда неке жасын төмендету тек некеге отырушылардың келісімімен және ата-аналардың немесе қорғаншылардың келісімімен мүмкін болады.
Некеге тұрған адамдардың қалауынша неке шарты жасалуы мүмкін. Неке шарты нотариуспен расталған, некеге тұрушылардың құқықтық жағдайын анықтайтын шарт болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет