Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақ құрылымы: Ұйымдастыру бөлімі



бет1/3
Дата14.04.2023
өлшемі83 Kb.
#174484
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Ашық сабақ Неке және отбасы ұғымы


«Жалпыға бірдей құқықтық білім беру"неке және отбасы»


Мақсаты
Білімділік: Оқушыларды отбасы, неке туралы білімдерін кеңейтіп, жан-жақты
ұлттық қасиеттерін қалыптастыру.


Дамытушылық : ой-өрісін дамыту, ойлау қабілетін арттыру, теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.


Тәрбиелік: шапшандыққа, ізденімпаздыққа, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа
баулу, ұжымдық ауыз біршілікке тәрбиелеу.


Көрнекіліктер: Слайд, компьютер, интерактивті тақта, құжат үлгілері
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақ құрылымы:



  1. Ұйымдастыру бөлімі

ҚР Конституциясы қашан қабылданды?


Азаматтық құқық түсінігі.
Азаматтық құқықтың жүйесі.
Азаматтық құқықтың принциптері.
Азаматтардың құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі.
Азаматтарды хабар-ошарсыз кетті деп және өлді деп жариялау.


Негізгі бөлім
Біздің жаңа тақырыбымыз Неке және отбасы ұғымы. ҚР «Неке және отбасы» заңымен танысып, ондағы жаңа мәліметтерді баяндайтын боламыз.
Жаңа тақырып жоспары

  1. Неке және отбасылық құқықтық қатынастар ұғымы.




  1. Некеге отыру және оны тоқтатудың шарттары.

  2. Отбасы ұғымы, ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері

  1. Неке және отбасылық құқықтық қатынастар ұғымы.

Отбасылық құқықтық қатынастар дегеніміз – құқық нормасымен реттелген отбасы мүшелерінің арасындағы қатынастарды айтамыз.


Неке отбасы заңдары:

  1. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібін, некені тоқтату және оны жарамсыз деп тануды белгілейді;

  2. Отбасы мүшелерінің: ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың арасындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді, мүліктік емес және мүліктік жеке қатынастарды реттейді;

  3. Ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәртібін айқындайды;

  4. Азаматтық хал актілерін тіркеу және заңдарда белгіленген тәртіппен ақылы қызмет көрсету тәртібін реттейді.

  5. Бұл мәселелер негізінен «ҚР неке және отбасы туралы» 1998 жылғы заңымен реттеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет