Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақ құрылымы: Ұйымдастыру бөлімі


Некеге отыру және оны тоқтатудың шарттары



бет3/3
Дата14.04.2023
өлшемі83 Kb.
#174484
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Ашық сабақ Неке және отбасы ұғымы
ҚМЖ Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы (8 сынып), Nationalities 1, Лаб 3-6 2023 каз 1-часть для студ
2. Некеге отыру және оны тоқтатудың шарттары 
Некеге тұрған адамдардың қалауынша неке шарты жасалуы мүмкін. Неке шарты нотариуспен расталған, некеге тұрушылардың құқықтық жағдайын анықтайтын шарт болып табылады.
Некеге отыруға мынадай жағдайларда жол берілмейді:

  • бірі болса да басқа адаммен некеде тұрса;

  • ата тегі бойынша;

  • бала асырап алушылар мен бала болып алынғандардың бір-бірімен некеге отыруына;

  • біреуі болса да сот психикалық ауыру немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдар арасында.

  • бір жыныстыларға

Неке мынадай жағдайларда тоқтатылады:

  • Ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің өтініштері бойынша;

  • Ерлі-зайыптылардың біреуінің қаза болуы кезінде.

Әйелінің жүкті кезінде және бала дүниеге келгеннен кейін бір жыл бойы, әйелінің рұқсатынсыз некені бұзу туралы ерінің іс қозғауға құқығы жоқ.
Неке мынадай жағдайларда бұзылады:
Азаматтық хал актілерін жазу органдарына жазған ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша, егер екінші адам:

  • сотпен хабарсыз кеткен деп танылса;

  • сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылса;

  • қылмыс жасағаны үшін үш жылдан артық мерзімге сотталса бұзылады.



3. Отбасы ұғымы, ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
Отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы.
Бала деп он сегіз жасқа толмаған тұлға танылады.
Ата-аналар өз балаларына қатысты бірдей құқықтар мен міндеттерді орындайды. Олар өз балаларының денсаулығы үшін жағдай жасауға, оларды тәрбиелеуге құқылы және міндетті. Ата-аналар өз балаларын тәрбиелеуде барлық басқа тұлғалардың алдында артық құқықтарға ие. Баланы тәрбиелеуші ата-аналар өз қабілеттері және қаржылай мүмкіндіктері шеңберінде табиғи психикалық және рухани даму үшін қажетті өмір салтын қамтамасыз ету үшін жауап береді.
Баланың ұлты ата-ананың ұлтымен белгіленеді. Егер ата-анасының ұлты түрліше болса, баланың ұлты оның қалауы бойынша кәмелетке толған кезде әкесінің немесе шешесінің ұлтымен жазылады.
Ата-аналар немесе олардың біреуі ата-аналық құқықтан айырылуы мүмкін, егер олар (біреуі):

  1. Ата-аналақ міндеттерін орындаудан бас тартса (алимент төлеуден);

  2. Дәлелсіз себептермен басласын перзентханадан алудан бас тартса;

  3. Балаға қатал қараса, оның ішінде оларға күштеп немесе психикалық зорлық көрсетсе;

  4. Белгіленген тәртіппен маскүнемдікпен, нашақорлықпен ауырады деп танылса.

ҚР Конституциясына сәйкес неке мен отбасы, ата мен әке және бала мемлекеттің қорғауында, балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-аналардың құқығы әрі міндеті. Кәмелетке толған, еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті. 
Ерлі-зайыптылардың отбасындағы теңдігі
1. Ерлі-зайыптылар тең құқықтар пайдаланады және тең міндеттер атқарады.
2. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы қызмет түрін, кәсібін және діни сенімін таңдауға ерікті.
3. Ерлі-зайыптылар ана болу, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру, ерлі-зайыптылардың тұрғылықты, болатын жерлері мәселелерін және отбасы өмірінің басқа да мәселелерін бірлесіп шешеді.
4. Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық пен өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсіп-жетілуіне және олардың әл-ауқат жағдайына қамқорлық жасауға міндетті.
Ерлі-зайыптылардың тектерді таңдау құқығы

  1. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) кезiнде ерлi-зайыптылар өз тiлектерi бойынша ортақ тегі ретiнде өздерiнiң бiреуiнiң тегiн таңдайды не ерлi-зайыптылардың әрқайсысы өзiнiң некеге дейiнгi тегiн сақтап қалады, не біреуі (екеуі де) өз тегiне екiншi жұбайдың тегiн қосып алады. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң болса да некеге тұрғанға дейiнгi тегi қосарлас болса, олардың тектерін қосуға жол берiлмейдi.Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде тегі өзгерген жағдайда, азамат бір ай мерзімде жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыруға міндетті.

  2. Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң тегiн өзгертуi екiншiсінің тегiн міндетті түрде

өзгертуiне әкеп соқпайды.
3. Неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған жағдайда ерлi-зайыптылар неке қию (ерлі-
зайыпты болу) кезінде таңдаған тектерін сақтауға немесе өздерiнiң некеге дейiнгi
тектерін қалпына келтiруге құқылы.


ІV. Қорытындылау


Пысықтау сұрақтары:

1. Отбасылық құқықтық қатынастар дегеніміз не?


2. Отбасы заңдары қандай қатынастарды реттейді?
3. Отбасылық құқықтық қатынастардың субъектілеріне кімдер жатады?
4. Отбасылық құқықтық қатынастардың объектілерін атаңыз.
5. Неке отбасы заңдары қандай қағидаларға негізделген?
6. Неке дегеніміз не?
7. Некеге отыру жасы неше жас?
8. Некеге отыруға қандай жағдайларда жол берілмейді?
9. Неке қандай жағдайларда тоқтатылуы мүмкін?
10. Неке қандай жағдайларда бұзылуы мүмкін?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет