Перкуссия (қағу)
Перкуссияны 1761 ж Вена дәрігері Л. Ауэнбурггер ұсынған болатын. Бірақта бұл метод көп уақытқа дейін онша белгілі болған жоқ. Тек, 1808 ж Францияның белгілі дәрігері Корвизор Ауэнбурггердің еңбегін австрия тілінен француз тіліне аударғаннна кейін ғана, ол тәсіл медициналық әлемде кеңінен қолданыла бастады. Кейін бұл тәсілді басқа дәрігерлер жетілдіріп отырды.
Перкуссия ережелері мен әдістері Перкуссия жасалғанда сақталуға тиісті ережелер:
Бөлме іші тыныш және жылы болу керек.
Перкуссия кезінде аурудың қалпы оның бұлшықеттерінің тартылуына жағдай туғызбауы керек. Перкуссияға ең ыңғайлы қалыптар- аурудың тұрған және отырған қалыптары.
Дәрігердің қалпы өзіне ыңғайлы болу керек. Перкуссия кезінде дәрігер аурудың алдыңғы жағында оның оң қолын ала тұрады, ал аурудың арт жағында оның сол қолын ала тұрады.
Өткізу әдісіне қарай перкуссия тікелей және жанама болып екіге бөлінеді. Тікелей перкуссияда перкуссиялық соққы (қағу) аурудың денесіне тікелей (бірден) тиеді. Тікелей перкуссияға Ауэнбурггер ұсынған әдіс жатады-белгіленген мүшені бір-бірімен біріктіріліп, жартылай иілген төрт саусақпен қағады. Тікелей перкуссияның бір түріне Образцов перкуссиясы жатады- перкуссия жасайтын мүшені сұқ саусақ ортан саусақтың үстінен сырғанап барып шертіп ұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |