Аускультация методикасы
Стетоскоп түтіктерінің ұшы құлақтың тесігіне тығыз кигізілуі керек.
Стетоскоп түтіктері аускультация кезінде бір-біріне, аурудың денесіне және дәрігердің киіміне тимеу керек.
Қосымша дыбыс тумас үшін стетоскоптың дыбыс қабылдайтын қалқанын екі саусақтың арасында қимылсыз ұстау керек.
Стетоскоптың дыбыс қабылдайтын қылқаны тыңдайтын бетке тығыз да тегіс қойылуы керек. Стетоскоп қалқаны теріге барлық шетімен (периметрімен) бірдей тиіп тұруы керек.
Қосымша методтар
Диагностикада қолданылатын қосымша методтарды 3 топқа бөлуге болады. 1. Лабораториялық методтар. Оларға лабораторияда жүргізілетін анализдер жатады. Мысалы: әр түрлі қанның анализдері, асқазан сөлінің анализі, қанда қант, қалдық азот т.б. заттарды анықтау т.с.с
2.Инстурментальды методтар. Бұл тәсілдерді пайданау үшін әр түрлі аспап құрал-саймандар қолданылады. Мыс: рентгенмен тексеру, электрокардиография, бронхоскопия, фибрагастродуоденосклпия, цитоскопия т.б.
3. Дәрігерлік манипуляциялар мен диагностикалық операциялар. Дәрігерлік манипуляцияларға плевраның, перикардтың, төс сүйегінің пункциясы, трепанобиопсия жатады. Диагностикалық операцияға лимфа безі- тері, бұлшық ет биопсиясы, лапоротомия (іш қуысын ашу) т.б. жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |