адамның таңдау мүмкіндігі жоқ әлеуметтік мәжбүрлеу жағдайы ретіндегі іс-
әрекетке ешқашан ортақ бола алмайды. Таңдаудың болмауы әрекеттің оған
берілетін жауаппен алмастырылғанын білдірмейді. Агенттілік тікелей немесе
жанама түрде құрылымның бір бөлігі болуы мүмкін. Перифериядағы іс-
әрекеттің әлем-жүйені ұстап тұруда өмірлік маңызы бар.
Гидденс жеке
адамдарды өзінің салдары бойынша жаһандық болып табылатын әлеуметтік
ықпалды жүргізушілер ретінде көрсетеді. Дәл осы сарында жергілікті
өзгерістер мәселесі кеңістік пен уақыттағы байланыстардың кеңеюі ретінде
ұғынылатын жаһанданудың бір бөлігі болып отыр.
Сонымен, біз Энтони Гидденстің жаһандану
теориясы, мәселен
Валлерстайнның әлемдік жүйелік сараптау теориясына қарағанда жоғары
деңгейдегі жеке-дара агенттілікті баса көрсететінін байқаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: