Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-параграф. Салықтық тексерулерді жүргізу тәртібі мен мерзімдері



бет119/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   626
2-параграф. Салықтық тексерулерді жүргізу тәртібі мен мерзімдері

146-бап. Салықтық тексерулерді жүргiзу мерзiмi

      1. Нұсқамада көрсетілетін салықтық тексерулерді жүргізу мерзімі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, нұсқама табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      2. Салықтық тексеруді жүргізу мерзімін:

      1) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, құрылымдық бөлімшелері жоқ заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер және Қазақстан Республикасында біреуден аспайтын тұрған жері болған кезде қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер үшін:

      салықтық тексеруді тағайындаған салық органы – қырық бес жұмыс күніне дейін;

      жоғары тұрған салық органы – алпыс жұмыс күніне дейін;

      2) құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар және Қазақстан Республикасында біреуден астам тұрған жері болған кезде қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, сондай-ақ салықтық мониторингке жататын салық төлеушілер үшін:

      салықтық тексеруді тағайындаған салық органы – жетпіс бес жұмыс күніне дейін;

      жоғары тұрған салық органы бір жүз сексен жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін.

      3. Уәкілетті орган өзі тағайындаған салықтық тексеру мерзімін:

      1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін – алпыс жұмыс күніне дейін;

      2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін бір жүз сексен жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін.

      4. Салықтық тексеруді жүргізу мерзімінің өту барысын салық органдары:

      салық органының мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну туралы талаптарын салық төлеушіге (салық агентіне) табыс ету және салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеруді жүргізу кезінде сұратылған мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсынуы;

      салық органының сұрау салуын басқа аумақтық салық органдарына, мемлекеттік органдарға, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға жіберу және көрсетілген сұрау салу бойынша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды алу;

      шет мемлекеттерге ақпарат беру туралы сұрау салу жіберу және халықаралық келісімдерге сәйкес салық органдарының ол бойынша мәліметтер алуы;

      салықтық тексерудің алдын ала актісіне салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша қарсылықты дайындауы және оны салық органының Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қарауы кезеңінде тоқтата тұруы мүмкін.

      Бұл ретте салықтық тексеруді жүзеге асыратын салық органы салықтық тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабарламаны салық төлеушіге (салық агентіне) құқықтық статистика органын хабардар ете отырып, тоқтата тұру немесе қайта бастау күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оған қолын қойғызып табыс етуге немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы не электрондық тәсілмен жіберуге міндетті. Бұл ретте салықтық тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабарлама салық органы веб-қосымшаға осындай хабарламаны жеткізген күннен бастап электрондық тәсілмен салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етілді деп есептеледі. Бұл электрондық тәсіл осы Кодекстің 86-бабында айқындалған тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген салық төлеушіге қолданылады.

      5. Осы баптың 4-тармағында белгіленген негіздер бойынша тоқтата тұру мерзімі:

      1) салықтық мониторингке жататын салық төлеушілерді;

      2) резидент-заңды тұлғаның, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің таратылуына, бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметін тоқтатуына, дара кәсіпкер қызметінің тоқтатылуына байланысты жүргізілетін;

      3) мынадай:

      трансферттік баға баға белгілеу;

      қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған асып кету сомаларының анықтығын растау;

      бейрезиденттің өтініші негізінде бюджеттен табыс салығын қайтару бойынша салық агенттерін тексеру;

      тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында жазылған мәселелер бойынша тақырыптық тексерулердің;

      4) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процесстік кодексінде көзделген негiздер бойынша жүргiзiлетiн;

      5) салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 161-бабына сәйкес салықтық тексерулер жүргізу барысында құжаттарды (мәліметтерді) ұсыну туралы салық органының талабын қойған жағдайда;

      6) салық төлеушiге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісі шығарылған, сондай-ақ салық органы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен салықтық тексерудің алдын ала актiсіне салық төлеушiнің (салық агентінің) жазбаша қарсылығын қараған жағдайларда салықтық тексеру мерзiмiне кiрмейдi.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) – 6) тармақшаларында көрсетілмеген салықтық тексерулер үшін тоқтата тұру мерзімі салықтық тексеру мерзіміне кіреді.

      6. Егер осы баптың 5 және 7-тармағында өзгеше белгіленбесе, ұзарту немесе тоқтата тұру мерзімдерін ескере отырып, кешенді немесе тақырыптық тексеруді жүргізу мерзімі:

      1) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, құрылымдық бөлімшелері жоқ заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер және Қазақстан Республикасында біреуден аспайтын тұрған жері болған кезде қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер үшін – алпыс жұмыс күнінен;

      2) құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар және Қазақстан Республикасында біреуден астам тұрған жері болған кезде қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, сондай-ақ салықтық мониторингке жататын салық төлеушілер үшін – бір жүз сексен жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      7. Қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған асып кету сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексерулерді жүргізу, оны ұзарту және тоқтата тұру мерзімі осы Кодекстің 431 және 433-баптарында көзделген мерзімдер сақтала отырып белгіленеді.

      8. Хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу кезінде нұсқамада көрсетілген мерзім отыз жұмыс күнiнен аспауға тиiс.

      Бұл ретте хронометраждық зерттеп-қарау, егер тексерілетін тұлға көрсетілген уақытта және күндері өз қызметін жүзеге асыратын болса, жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақыт, демалыс, мереке күндері) жүргізілуі мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет