Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



бет115/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   626
142-бап. Тақырыптық тексеру

      1. Тақырыптық тексеру – салық органы салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты мынадай мәселелер:

      1) салықтардың және (немесе) бюджетке төленетiн төлемдердiң жекелеген түрлерi бойынша салықтық мiндеттеменi орындау;

      2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы және (немесе) акциз бойынша салықтық мiндеттемені орындау;

      3) сот жасалуын іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жүзеге асырылды деп таныған шот-фактура жазып беру жөніндегі әрекет (әрекеттер) бойынша салықтық міндеттемені айқындау;

      4) салық төлеушi мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау;

      5) халықаралық шарттардың (келiсiмдердiң) ережелерiн қолданудың құқыққа сыйымдылығы;

      6) қосылған құн салығының асып кету сомаларының, оның ішінде қайтару ұсынылған соманың анықтығын растау;

      7) бейрезидент қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарттың ережелерін қолдануға байланысты бюджеттен қайтаруды ұсынған табыс салығын растау;

      8) бейрезиденттiң қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарт ережелерін қолдануға байланысты бюджеттен табыс салығын қайтаруға арналған салықтық өтiнiшiн қайтадан қарау туралы өтінішінде жазылған;

      9) осы Кодекстiң 115-бабында айқындалған тәртiппен камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы салық органдарының хабарламасын салық төлеушiнiң (салық агентінің) орындамауы;

      10) осы Кодекстiң 29-бабында көзделген талаптардың орындалуы;

      11) салық төлеушiнiң (салық агентінің) тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға шағымында жазылған;

      12) салық органдарында тiркеу есебiне қою;

      13) бақылау-касса машиналарының болуы мәселелері бойынша жүргізетін тексеру болып табылады.

      Осы тармақшада көрсетілген мәселе бойынша тақырыптық тексеру ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша салық органдарына беруді қамтамасыз ететін бақылау-касса машинасына қатысты жүргізілмейді;

      14) төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;

      15) 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

      16) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердiң аумағына әкету кезінде Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру үшін қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген құжаттардың болуы және тауарлардың құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі;

      РҚАО-ның ескертпесі!


      17) тармақшаның осы редакциясы 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (тоқтатылған редакциясын ҚР 25.12.2017 Салық кодексінің 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасынан қараңыз).

      17) акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы;

      18) автокөлік құралдарын көліктік бақылау немесе жол полициясы бекеттерінде тексеру кезінде импортталатын тауарларға тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауар атауларының тауар-көлік жүкқұжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі;

      19) бақылау-касса машиналарын қолдану тәртiбiн сақтау;

      20) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын және акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн өндiру, сақтау және өткiзу шарттарын сақтау;

      21) касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкiмді орындау;

      22) электрондық нысанда шот-фактураларды жазып беру тәртібін сақтау;

      23) Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуына байланысты кедендік баждардың төмендетілген мөлшерлемелері қолданылатын тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлар қалдықтарының болуын растау;

      24) ірі салық төлеушілер мониторингі шеңберінде шешімді орындамау мәселелерi бойынша жүргiзетiн тексеру болып табылады.

      2. Тақырыптық тексеру мынадай:

      1) әлеуметтік төлемдерді есептеудің, ұстап қалу мен аударудың толықтығы және уақтылы болуы;

      2) банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте, сондай-ақ "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы" және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мiндеттердi орындауы;

      3) трансферттiк баға белгiлеу;

      4) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын, сондай-ақ авиациялық отынның, биоотынның, мазуттың айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша да жүргізілуі мүмкін.

      3. Тақырыптық тексеру осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген бірнеше мәселе бойынша бір мезгілде жүргізілуі мүмкін. Тақырыптық тексеру салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің барлық түрі бойынша міндеттемелердің орындалуына тексеру жүргізуді көздей алмайды.

      4. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiмен келісу бойынша осындай бiрлестiктердiң өкiлдерi осы баптың 1-тармағының 12) – 18) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша тақырыптық тексерулердi жүргiзу кезінде қатысуға тартылуы мүмкін.

      Жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің өкілдері көрсетілген тақырыптық тексерулерді жүргізу кезінде салық төлеуші құқықтарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Тақырыптық тексеру актісінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері өкілдерінің қатысу фактісі тіркеледі.

      5. Салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген тұрған жері бойынша және (немесе) салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша салық органының шешімі негізінде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, осы баптың 1-тармағының 12) – 23) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша тақырыптық тексерулер тағайындалады.

      6. Тақырыптық тексеру осы Кодекстің 145-бабы 3-тармағының 2) немесе 7) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған кезде осы баптың 1-тармағының 1) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша бір мезгілде жүргізіледі.


Каталог: wp-content -> uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
uploads -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет