Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Салықтық тексерулердің түрлері



бет118/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   626
145-бап. Салықтық тексерулердің түрлері

      1. Салықтық тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулер;

      2) жоспардан тыс салықтық тексерулер. 

      2. Салық органдары салықтық есептілікті, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушілердің (салық агенттерінің) қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты тағайындайтын тексерулер тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулер болып табылады;

      3. Жоспардан тыс салықтық тексерулер – осы баптың 2-тармағында көрсетiлмеген, оның iшiнде:

      1) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) өзiнiң салықтық өтiнiшi немесе шағымы бойынша, оның ішінде:

      резидент-заңды тұлғаның, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнiң бөлiну арқылы қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына байланысты;

      бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметiн тоқтатуына байланысты;

      дара кәсiпкер қызметiнiң тоқтатылуына байланысты;

      қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен алынуына байланысты;

      салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға шағымына байланысты;

      2) салық төлеушінің осы Кодекстің 432-бабының 1 және 2-тармақтарын өздеріне қолдануға байланысты ұсынылатын қосылған құн салығының асып кетуі сомаларының анықтығын растау жөніндегі салықтық өтініші бойынша жүзеге асырылатын тексерулер болып табылады.

      Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген салықтық өтініштер:

      өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлар пайдалануға қабылдап алынған;

      жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбаларды экспорттау басталған күнге дейін берілуі мүмкін;

      3) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнде көзделген негiздер бойынша;

      4) салық төлеушi (салық агенті) осы Кодекстiң 115-бабында айқындалған тәртiппен камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы салық органдарының хабарламасын орындамаған жағдайда;

      5) жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiнiң өтуiне байланысты;

      6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық төлеушi (салық агентi) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселелерi бойынша, оның ішінде:

      салық төлеуші (салық агенті) салық органының талап етуі бойынша дебиторлар тiзiмiн белгіленген мерзiмде ұсынбаған не дебиторлардың жоқтығы туралы мәліметтерді ұсынған жағдайда;

      дебитор салық органының талап етуі бойынша салық төлеушімен (салық агентімен) өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актiсiн белгіленген мерзiмде ұсынбаған жағдайда;

      7) қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған асып кету сомаларының анықтығын растау бойынша қосылған құн салығы жөніндегі декларациядағы салық төлеушiнiң талабы бойынша;

      8) бейрезиденттiң қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға байланысты бюджеттен табыс салығын қайтаруға арналған салықтық өтiнiшi бойынша, сондай-ақ бейрезиденттің осындай салықтық өтінішті қайтадан қарау туралы өтініш жасауына байланысты;

      9) банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында, сондай-ақ орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген мiндеттердi орындау мәселелерi бойынша;

      10) сот жасалуын іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жүзеге асырылды деп таныған шот-фактура жазып беру жөніндегі әрекет (әрекеттер) бойынша салықтық міндеттемені айқындау мәселелері бойынша;

      11) уәкілетті органның шешімі негізінде;

      12) осы Кодекстің 142-бабының 5-тармағында, 144-бабының 2-тармағында және осы баптың 7-тармағында белгіленген жағдайларда салық органының шешімі негізінде жүзеге асырылатын тексерулер болып табылады.

      4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген жоспардан тыс салықтық тексерулер бұрын тексерілген кезеңге жүзеге асырылуы мүмкін.

      Бұл ретте бұрын тексерілген кезеңге жоспардан тыс (кешенді немесе тақырыптық) салықтық тексерулер:

      салық төлеушінің (салық агентінің) өзінің өтініші бойынша;

      қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының асып кету сомаларын қайтару туралы талап бойынша;

      салық төлеушінің осы Кодекстің 432-бабының 1 және 2-тармақтарын өздеріне қолдануға байланысты ұсынылатын қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау жөніндегі салықтық өтініші бойынша;

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша;

      салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымына байланысты жүргізілетін салықтық тексерулерді қоспағанда, уәкілетті органның шешімі негізінде жүргізіледі.

      5. Салық төлеуші (салық агенті) сотқа тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым берген жағдайда, бұрын тексерілген кезеңге шағым жасалған мәселе бойынша жоспардан тыс кешенді және (немесе) тақырыптық тексерулер сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін жүргізілмейді.

      6. Салық төлеуші деңгейлес мониторингте болған салықтық кезеңдерге мыналарды:

      қарсы тексерулерді;

      салық төлеушінің (салық агентінің) өзінің өтініші бойынша жүргізілетін салықтық тексерулерді;

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процесстік кодексінде, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша жүргізілетін салықтық тексерулерді;

      салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымына байланысты жүргізілетін салықтық тексерулерді қоспағанда, салықтық тексеру жүргізілмейді.

      7. Қосымша нұсқама ресімдеу арқылы тексерілетін кезең өзгертілген және осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі өткенге дейін тексерілетін кезеңге салықтық тексеру аяқталған жағдайда, алдыңғы салықтық тексеруді тағайындауға себеп болған негіздер бойынша салық органы тексерілетін кезең өзгергенге дейін бұрын нұсқамада көрсетілген, тексерілмеген салықтық кезеңге салықтық тексеруді тағайындауы мүмкін.

      Ескерту. 145-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Каталог: wp-content -> uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
uploads -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет