80-бап. Дара кәсіпкердің және жеке практикамен айналысатын адамның тіркеу деректерін өзгерту
1. Салық органы тіркеу деректерін өзгертуді:
1) дара кәсіпкер Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен ұсынатын хабарлама;
2) жеке практикамен айналысатын адамның тіркеу есебі туралы салықтық өтініші негізінде жүргізеді.
2. Дара кәсіпкер осы баптың 1-тармағында көрсетілген хабарламаны орналасқан жеріндегі салық органына өзінің тіркеу деректері және (немесе) бірлескен кәсіпкерліктің қатысушылары (мүшелері) туралы деректер өзгерген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынуға міндетті.
3. Жеке практикамен айналысатын адам осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті өзінің тұрған жері өзгерген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда ұсынуға міндетті.
4. Салық органы тіркеу деректерін өзгертуді тіркеу деректерін өзгерту үшін ұсынылған хабарламаны алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.
5. Салық органы жеке практикамен айналысатын адамның тұрған жері туралы мәліметтерді өзгертуді тіркеу деректерін өзгерту үшін ұсынылған салықтық өтінішті алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Салық органдары, егер салықтық өтініште көрсетілген тұрған жері "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінде болмаған жағдайда, жеке практикамен айналысатын адамның тұрған жері туралы мәліметтерді өзгертуден бас тартады.
Достарыңызбен бөлісу: |