сөйлеу элементтерінің (дыбыс-
тар, буындар, сөздер) айтылу
жылдамдығы. С.ж. - интонация-
ның бір комгіоненті (бөлігі) болып
табылады. М аңы зды ны ж әне
м аңы зы ж о қты с а л ы с ты р а ,
қарама-қарсы қоюда С.ж. рөлі
жоғары болады, маңызды деген
сөздер, әдетте, баяу тем пте
айтылады.
СӨЙЛЕУ МҮШЕЛЕРІ - сөйлеу
аппараты; сөз дыбыстарын жасау
үшін пайдаланылатын адамның
мүшелері. С.м. екі топқа бөлінеді:
тыныс мүшелері - бронх, өкпе,
кеңірдек. Бұлар ауа ағынын өткізу
арқылы ды бы с ш ы ғару үш ін
қажет. Дыбыстау үшін тікелей
қажет мүшелер: актив (қозғала-
тын) жэне пассив (қозғалмайтын)
мүшелер. Дыбыстау ке зін д е гі
актив С.м.-нің қозғалуын арти
куляция деп атайды, ал пайда
б о л ға н д ы б ы ста р д ы - а р т и -
ку л я ц и я л ы қ д ы б ы с т а р д е п
атайды.
С.м. актив түрлеріне жататын-
дар: көмей, жұтқыншақ, тіл, ерін,
таңдай пердесі. Пассив С.м. -т іс ,
таңдай, мүрын қуысы.