«МАШИНАҒА» пәрмені бойынша жаяу әскердің машинасымен және бронетранспортермен, сондай-ақ автомобильмен және танкімен тасымалданатын жеке құрам машинаның алдына 33,34-суреттерінде көрсетілгендей сапқа тұрады. Машина кемерлерінен отырғызу кезінде бөлішенің жеке құрамы отырғызу люктерінің немесе артқы дөнгелектің денгейінде лектерінің бастарымен қатарласады. Осы пәрмен бойынша танкінің экипажы танкінің алдына бір қатарлы сапқа тұрады.
15-сурет. Взводтың жеке құрамымен машиналар алдында сапқа тұруы:
жеке құрам – екі қатарлы сапта; машиналар сызық бойымен
Танкінің командирі алдынғы шынжыр табаннан екі адым алда, ал экипаждың қалған құрамы-командирден солға қарай орналасады (33,г-сурет).
Жеке құрамды машиналарға отырғызу:
- жаяу әскердің машиналары мен бронетранспортерлеріне люктері арқылы;
- автомобильдерге – оң, сол және артқы кемерлер арқылы;
- жабық қорапты автомобильдерге артқы кемер арқылы жүргізілуі мүмкін.
Жолдың оң жағында тұрған машинаға сол жақ кемер арқылы отырғызуға рұқсат етілмейді.
«МАШИНАҒА» пәрмені бойынша жаяу әскердің машиналарына және бронетранспортерлерге отырғызу кезінде тағайындалған жауынгерлер десанттық бөлімшенің артқы есігін (отырғызу люктерінің қақпақтарын), автомобильдерде жүргізушілер қажеттілігіне орай артқы кемерді ашады. Отырғызу аяқталғаннан кейін артқы есіктер (отырғызу люктерінің қақпақтары, кемерлер) жабылады.
«ОРЫНДАРЫҢА» пәрмені бойынша бөлімшелер машиналардағы өз орындарына тірек ретінде дөңгелектер, шынжыр табандар, аяқ салғыштарды пайдаланып жылдам орналасады (16,17-суреттер).
Отырғызу кезінде отырғызуды жүргізген немесе артында тұрған әскери қызметшілерге беретін қару рота пулеметтерін және басқада ауыр қаруды қоспағанда ыңғайлы етіп алынады. Отырғызу аяқталғаннан кейін қару тізенің арасына қойылып, екі қолмен ұсталады. Автомттар бөлімше командирінің пәрмені бойынша «кеудеге» алынуы мүмкін. Зат қапшықтары және шинельдің орамдары бөлімше командирінің(машина басшысының)
16- сурет. Жеке құрамды отырғызу үшін сапқа тұрғызу:
а – жаяу әскердің машинасындағы отырғызу люктері арқылы; б - бронетранспортерлердің люктері арқылы; в – автомобильдің артқы кемері арқылы; г – десанттарды танкіге отырғызу.
нұсқауы (пәрмені) бойынша шешіледі және машинаға орналастырылады.
Бөлімшенің командирі (машина басшысы) жеке құрамды отырғызудың дұрыстығын қадағалайды, ал отырғызу аяқталғаннан кейін есіктердің (люктердің) және кемерлердің бекітілгенін тексереді, ұрыс машинасындағы өз орнына және бронетранспортердегі машина командирінің орнына, ал автомобильде – жүргізушінің қасына немесе аға командирдің нұсқауы бойынша автомобиль қорабының сол жақ, алдыңғы бұрышына отырады.
Бөлімше қозғалысының басталуы алдында машиналар қозғалтқышын қосу және қыздыру жүргізетін алдын-ала «ОТАЛДЫР» пәрмені беріледі.
«МАРШ» пәрмені бойынша барлық машиналар өздері тұрған сапта бір мезгілде қозғалысты бастайды немесе арақашықтықтарды және аралықтарды қабылдап қайта сапқа тұрады. Егер лектегі машиналардың арасындағы арақашықтық 10м-ден көп болмаса, машиналар белгіленген арақашықтықты ала отырып, қозғалысты кезектесіп бастайды.
Қозғалыстың тәртібін және жылдамдығыи, сондай-ақ демалысқа арналған аялдаманы айқындау кезінде жауынгерлік Жарғыларда баяндалған нұсқауларды басшылыққа алу қажет. Машиналар арасындағы арақашықтықтар жылдамдыққа және қозғалыстың шарттарына қатысты болады және орта есеппен 25-50м болуы мүмкін. Арақашықтықты өзгерту үшін: «АРАҚАШЫҚТЫҚТЫ ҰЛҒАЙТ», «АРАҚАШЫҚТЫҚТЫ ҚЫСҚАРТ» пәрмендері беріледі.
Қозғалыс кезіндегі бұрылыстарды бағыттаушы машинадан кейін кезектесіп (кірумен) немесе бір мезгілде барлық машиналар (бөлімшелер) жасауы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |