Сақтандырудың теориялық негіздері



бет9/13
Дата12.12.2021
өлшемі173,82 Kb.
#99841
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Сақтандырудың теориялық негіздері Сейл Заманбек
Сейл Заманбек Сақтандыру 243-244 б – 15-16 есептер, Сейл Заманбек Сақтандыру 243-244 б – 15-16 есептер, Сейл Заманбек Сақтандыру 243-244 б – 15-16 есептер, Сақтандырудың теориялық негіздері Сейл Заманбек, Сақтандырудың теориялық негіздері Сейл Заманбек, Сақтандырудың теориялық негіздері Сейл Заманбек
Қайта сақтандыру ұйымы – уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы негізінде қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

    Сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) – сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметін уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлға;



    Жоғарыда аталған Заңға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің негізгі сақтандыру қызметінен басқа төмендегідей қызмет түрлерін атқарады:3

    1. уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен инвестициялық қызметті;

    2. тиісті жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы шегінде өзінің сақтанушыларына қарыз беруді (сақтандыру ұйымы үшін);

    3. сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатуды;

    4. ақпарат бөлімдерінің кез келген  түрлерінде сақтандыру ісі және  сақтандыру қызметі  жөнінде  арнаулы әдебиет сатуды;

    5. бұрын өз мұқтаждары үшін  сатып алынған (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін) немесе оның қарамағына сақтандыру шарттарын жасауға байланысты келіп түскен (сақтандыру ұйымы үшін) мүлікті сатуды немесе жалға беруді;

    6. сақтандыру қызметіне байланысты мәселелер бойынша кеңес берушілік қызмет көрсетуді;

    7. сақтандыру (қайта сақтандыру) саласында мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастыру мен жүргізуді;

    8. сақтандыру агенті ретінде сақтандыру  делдалы болуды;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет