14. Басқару формасы деген – ол?
А) мемлекеттік биліктің ең жоғарғы мекемелерінің құрылымы
В) билікті қолдау әдістерінің сипаттамасы
С) билік беделін міндетті түрде сақтау әдістерінің жинағы
Д) легитимдік билік негізінде жатқан анықтама
Е) билікті оның тұтастығы және тұрақтылығы тұрғысынан бағалау
15. Бюрократия – ол
А) мемлекеттік аппараттағы, өз пайдасын ойлайтын, қабілетсіз және принципсіз қызметшінің
зорлығы
В) басқарушы құрылымдар мен қатынастардың ерекше формасы, оларға келеңсізмінездеме тән:
халықтан алшақтау, басшы мен оған бағынушылар арасындағы ерекше қатынас, қызметтің
мазмұндылығын формасының басымдылығы
С) қазіргі заман мемлекетіндегі қоғамды басқаруға жұмылдырылған қоғамдық тәртіп пен
тиімді әлеуметтік ұйымдастырудың қажетті формасы
Д) биліктің халықтан жаттануының, буржуазиялық қоғамдағы демократиялық ұрандардың
жалғандығының көрсеткіші
Е) капиталистік елдердің мемлекеттік аппараттарының мәнін ашып көрсететін түсінік
16. Жеке тұлға деген – ол
А) өзінің ішкі ерекше дүниесімен, өмірлік әрекет амалдарымен пісіп жетілген адам
В) жеке адамды сипаттайтын тұрақты әлеуметтік мәнді қасиеттер жүйесі
С) нақтылы қоғамдағы қабылданған жүріс-тұрыс стандартына сәйкес келетін және оны тұрақты
түрде қайта өндіріп отыруға қабілетті жеке адам
Д) қоғамдық тәрбие мен жеке адамның өзіндік талаптарының соңғы нәтижесі
Е) басқаларға ықпалды, силы да беделді адам
17. Саяси қылмыс – ол
А) саяси партия қаржысын талап-таражға салу
В) ереуілдерде, ақпарат құралдары арқылы билік орындарының әрекеттерін сынау
С) адамдарды кепілдікке алу, астыртын кедергі жасау, конституциялық билікті құлату
Д) сайлау мен референдумға қатысудан бас тарту
Е) депутаттардың, министрлердің, әкімдердің, президенттің азаматтармен кездесуге берген
уәделерін орындамау
18. Саяси сана – ол
А) адамдардың саяси өмірді, саяси идеяларды, көзқарастарды, мақсат-мүдделерді ұғыну, сезіну
В) субъектілердің саяси өрісті ұғынуын білдіретін саясаттанудың бірден-бір негізгі
категориялары
С)саясат туралы қарапайым көзқарасты білдіретін термин
Д) саяси әлеуметтендіру процесінде жеке адамдарға, топтпрға міндеттелген саяси таптар
Е) саясатты зерттеу әрекетінің түпкі нәтижесі
19. Топтар мен жеке адамдардың саяси жүріс-тұрыстарын зерттеу үшін саясаттанудың
қандай әдісін қолданады?
А) салыстыру
В) құрылымды-қызметтік
С) антропологиялық
Д) психологиялық
Е) бихевиористік
20. Абсолютизм - ол
А) саясаттанушы ғалымның ғылыми зерттеу жұмысын толық бітіруге ұмтылысы
В) саяси биліктің бір адамның –монархтың қолына шоғырланған мемлекеттің басқару формасы
С) жеке адамды мемлекеттік биліктен босатуға бағышталған әлеуметтік –саяси ағым
Д) мемлекеттік биліксіз түрлі одақтар арқылы өзін - өзі басқаратын қоғам құруға тырысу
Е) басқа елдердің жерін тартып алу, егемендігін айыру