Секция
«
Социология
и
политология
»
қорғады. Осы кезеңде екі елдің арасындағы қақтығыс тоқтатылып,
Минск тобы да екі жақты өзара келісім арқылы мəселені шешу-
ге тырысты. Соғыс тоқтады, ең бастысы Таулы Қарабақ террито-
риясы Арменияның бақылауында қалып қойды. Осының өзі сол
кездің өзінде қақтығыстың уақытша ғана тоқтағанын, болашақта
бұл тағы да екі елді қандай да бір əрекетке баратынын божап берді.
Сөйтіп қақтығыстың екінші кезеңінің нəтижесінде Əзербайжан
жағының Таулы Қарабақ аймағынан айырылып, бұл жер енді Ар-
менияның бақылауына көшкенін көрсетті. Ал мұның өзі екі мем-
лекеттің арасындағы даулы мəселенің болашақта тағыда өрбитінін
көрсетті.
Қақтығыстың тағы бір көрінісі 2014 жылы тамыз айында армян
тікұшағы атылған кезде еске түсірілді. Осы кезде армян жəне əзір-
байжан шекарасындағы қақтығыстар екі елдің əскери күшері ара-
сында болды. Екі жақтанда адам шығыны болып, 20-дан аса адам
қаза тапты. Бірақ бұл жолы қақтығыстар осы əрекетпен тоқтады.
Дегенмен, осы оқиғаның өзі əлі де болса Таулы Қарабақ мəсе-
лесінің күн тəртібінде тұрғанын көрсетті. Мұны 2016 жылы күрт
басталған соғыс қимылдары дəлелдеді.Əзірбайжан кеңесі ірі қару-
ларды пайдалана отырып, өздері жаққа күші жағынан үлкен көлем-
де оқтың атылып жатқаны жайлы хабарлады. Қақтығысты реттеу
маусым айында ресейлік дипломаттар мен Ресей президенті Вла-
димир Путиннің белсенді қатысуымен бір шешімге келгендей бол-
ды. Таулы Қарабақ үшін қақтығыстың тағы бір күрделі кезеңі 2020
жылдың қыркүйек-қараша айларын қамтыды. Бұл қақтығыстың
барысы зерттеудің келесі тарауында толығырақ қарастырылады.
Қарулы қақтығыстар басталған сəттен бастап аяқталғанға дейін
бейбіт шешім шығару үшін əлемдік халықаралық ұйымдар мен
жекелеген мемлекеттер екі халықты татуластыру мақсатында көп-
теген қадамдарға барды. Бейбітшілік процессінің жалғыз жетістігі
1994 жылы құрылған Минск тобы деп айтуға болады. Алайда екі
тарап арадағы делдалдар арқылы болсын нақты келісімге келу қа-
дамдарына бармады. Бұл да болсын бейбітшіліктің күнін одан ары
алыстатып отырды. Басқаша айтқанда Ереван мен Баку ма ксима-
листік көзқарасты ұстанды. Минск тобының атқарған жұмыста-
рын атап өтпеске болмайды. Таулы Қарабақ қақтығысын алғаш
реттеу əрекеттері 1991 жылы Ресейдің сол кездеңдегі президенті
Борис Ельцин жəне Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұл-
482
Достарыңызбен бөлісу: |