Сборник II научно-практической международной студенческой конференции Narxoz Student Research-2021



Pdf көрінісі
бет430/514
Дата22.01.2022
өлшемі3,66 Mb.
#129635
түріСборник
1   ...   426   427   428   429   430   431   432   433   ...   514
Байланысты:
narxoz-student-research-2021

Секция

 «

Социология

 

и

 

политология

»

Қорытындылай  келе,  Таулы  Қарабақ  ауданынан  қатысты 

қақтығыстың  ертеден  басталғанын  көреміз.  Кеңестер  Одағы 

құралған алғашқы кезеңнің өзінде Таулы Қарабақ ауданын əзер-

байжандар мен армияндар бөлісе алмай, соңында КСРО шешімімен 

аудан заңды түрде Əзербайжан Республикасының құрамындағы ав-

тономиялы облыс болып бекітілген болатын, дегенмен бұл шешім 

армияндарды қанағаттандырмағанын кейінгі кездегі қақтығыстар 

дəлелдеп отыр. БҰҰ жəне əлем қауымдастығы Таулы Қарабақ ау-

данын  территориялық  орналасуы  жағынан  Əзербайжанның  жері 

деп біледі.

Тарихи жағынан алғанда Таулы Қарабақ ауданы Əзербайжанға 

тиесілі  екендігі  сөзсіз,  өзімізге  белгілі  ертеден  бұл  территория 

бірде  Осман  империясының  құрамына,  бірде  парсы  патшалығы-

ның құрамына, соңында Ресей империясының құрамында болған-

дықтан,  Кеңестер  Одағы  кезінде  нақты  шешім  қабылданып,  ау-

данға автономия облысы мəртебесі беріліп, Əзербайжанның құра-

мында қалдырылуы дұрыс шешім екендігін территориялық орна-

ласуы да айқындайды.

Саяси  жағынан  алғанда  аудан  аймағында  армиян  халқының 

саны  жағынан  көптеп  орналасуы,  осыған  байланысты  Армения-

ның бұл территорияны өзіне қосып алуға ұмтылуы, қақтығыстың 

туындауына жəне ұзақ уақыт нақты шешілмеуіне алып келіп отыр. 

Бұл  ретте  БҰҰ-ның  Жарғысына  сəйкес  елдің  территориясының 

тұтастығының  бұзылуы  дегеніміз  елдің  саяси  тұтастығына  қауіп 

төнген  дегенді  білдіреді,  сондықтан  мұндай  заңсыз  əрекеттерге 



жол берілмеу керектігі сөзсіз дегіміз келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   426   427   428   429   430   431   432   433   ...   514




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет