Сборник II научно-практической международной студенческой конференции Narxoz Student Research-2021



Pdf көрінісі
бет427/514
Дата22.01.2022
өлшемі3,66 Mb.
#129635
түріСборник
1   ...   423   424   425   426   427   428   429   430   ...   514
Байланысты:
narxoz-student-research-2021

Narxoz Student Research-2021

дағы  екі  халықтың  құтын  қашырып  болған  бітпейтін  қақтығы-

стардың кесірінен əзірбайжандықтар өз мекендерін тастап кетуге 

мəжбүр болды. Ал, армяндар бұл жағдайда Кеңес Одағының құра-

мында өмір сүретін кіші республикаларға жер аударып мекенін өз-

гере бастады. Қазір, сондықтан болар армян ұлтының жан-жақта 

шашылып жүргені. Қанды қақтығыстар кезінде тек армян тарапы 

құлдырамады. Қарсы тарапта біраз шығынға ұшырады. Көп нəр-

се жетіспеді. Жабдықтауда үзілістер болды. Ұзақ ереуілдер облыс 

экономикасын құлдырауға əкелді [4.с22].

ХХғ.  80-ші  жылдардың  соңы  мен  90-шы  жылдардың  басын-

дағы əлемдегі үлкен өзгеріс, социалистік жүйенің күйреуі, КСРО-

ның  ыдырауы  мен  оның  территориясында  тəуелсіз  мемлекет-

тердің пайда болуы таулы Қарабақ оқиғасының басталуына тағы 

бір түрткі болды.

1991  жылы  ауданды  соғыс  қимылдары  өршіп,  екі  жақтан  да 

шығындар көп болды. КСРО басшысы Б.Ельциннің бұйрығымен 

қарулы  қақтығысты  тоқтатуға  əскери  операция  жасақталады. 

Аталған операцияның мақсаты- заңсыз қарулармен жүрген армян 

əскерін қолға түсіріп, тізгіндеу еді. Құжатсыз жүргендер де жазаға 

ілікті.  Осының  салдарынан  қару  қолданып  атыстың  басталуына 

түрткі болды. Соңында бейбіт халықтың нақақтан-нақақ өлім құ-

шуына əкеліп соқты. Жер аударылған ауылдар да болды. 

Екі халық арасындағы жанжал 1994 жылы тоқтағандай нəтиже 

берді. Дəл осы сəтте Əзірбайжан жерінің жиырма пайызын армян-

дар өз қолына алып бақылауға кіріскен болатын. Бұндай жеңілісті 

əзірбайжан халқы күтпеді. 30 мыңдай адам қаза тауып, жүздеген 

мың адам үйлерін тастап қашуға мəжбүрленді. Басып алу салда-

рынан  мыңдаған  адам  жер  жастанып,  тұрғылықты  мекенжайла-

рынан кетуіне тура келді. Бұл келісімге Франция, Ресей жəне АҚШ 

өкіл болып кірді. ЕҚЫҰ болған жағдайларға қарсы шара қолдану 

керектігін түсініп Минск тобын құрды. Бұл құрамның алдыңғы қа-

тарында АҚШ, Франция, Ресей тұрды. Бірақ бұл келісім діттеген 

мақсатына  жеткен  жоқ.  Алғашқыда  жасақталған  құрам  мəселені 

түбегейлі шеше алмады. Минск тобы Қарабақ қақтығысын бейбіт 

жолмен  шешу  жолдарын  іздеумен  айналысатын  ЕҚЫҰ-ға  мүше 

елдерді біріктіреді. 

Бұл  келісімде  Əзірбайжан  өзінің  аумақтық  тұтастығын  сақта-

уды талап етсе, Армения танылмаған республиканың мүдделерін 



481



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   423   424   425   426   427   428   429   430   ...   514




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет