424
мазмұнда, көркемдік педагогикалық талапты қанағаттандырарлықтай дәрежеде
және оқушылардың жас ерекшеліктеріне, аспапта ойнау мүмкіндіктеріне сәйкес
болуға тиіс. Демек, жетекші оркестрде ойналатын әрбір репертуарға
творчестволық тұрғыдан келіп оның идеялық эстетикалық мәнін көркемдік
ерекшелігін дұрыс ашып таныта білгенде ғана оқушылардың музыканы терең
сезініп, дұрыс түсіне білу қабілетін ескергені жөн.
Музыкалы мейрамдар мен кештерге қатысушы оқушының музыкалық
қабілетін одан әрі дамытуға, әлем туралы білімін тереңдетіп, биік мәдениетке
тәрбиелейді. Баланы ұйымдасқан түрде концертке, театрға, түрлі мәдени
мекемелерге, музейлерге апару олардың өмірге деген көзқарастарын кеңейтіп,
өнерге деген құмарлығын арттырады. Одан басқа оқушымен еңбек, әншілерді
кездестіруге немесе олар туралы әңгіме, баяндамаларды әрдайым ұйымдастырып
тұрудың мәні зор. Өнерпаздық қабілеттері ұшталып, арман қиялдарына қанат
бітеді. Сондықтан жалпы білім беретін қазақ мектептерінде оқушыларды
дәстүрімен, өнер атты әлемнің шоқтығы биік жұлдыздары
шығармашылығымен таныстыру, олардың ой- пікірін оқу тәрбие ісінің тірегін
айналдыру- бүгінгі күннің өзекті мәселесі деуімізге әбден болады.
[3]
Сондықтан өскелең ұрпаққа музыкалық тәрбие берудегі біздің
алдымыздағы ең басты міндет- оқушыларға көркемдік білім беру мен
эстетикалық тәрбиені айтарлықтай толық, өнер шығармалырының , туған
табиғаттың сұлулығы мен байлығын түсініп, бағалай білу қасиетін
қалыптастыру. Осы мақсатта әрбір оқу пәнінің, әсіресе, зор танымдық және
тәрбиелік күші бар әдебиет, музыка өнерінің эстетикалық мүмкіндіктерін
жақсы пайдалану қажет.
Қорытындылай келе айтарымыз, оқыту барысында оқушылардың сыныпта
алған білімін дамытып, оны ары қарай жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстардың
маңызы зор. Сыныптан тыс жұмыстардың оқушылардың белсенділігін арттыруда,
өзіндік көзқарасының қалыптасуында, білімін жетілдіруде бірден – бір маңызды
тәрбие құралы екендігін көріп отырмыз. Сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс
ұйымдастырған жағдайда оқушылар бойында ұйымдастырушылық, белсенділік
дамиды. Бағалы моральдық қасиеттер қалыптасады. Сыныптан тыс оқытуды
жүйелі түрде ұйымдастыру, адам тәрбиесіне айтарлықтай үлес қоса алатыны
сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: