426
Ыңғайлылық
Студент, оқушы қай жерде болмасын шалғай ауылдарда, тіпті шет елде
жүрсе де кез-келген уақытта сабақтарын орындай алуға мүмкіндіктері бар.
Жаңа технологиялармен танысу
Электронды оқыту үшін бізге планшет немесе ноутбук қажет болады. Осы
жаңа технологияларды қодану арқылы кез-келген технологияны қиындықсыз
меңгере аламыз.
Бірақ, барлық жерде артықшылық пен қатар кемшіліктер де қатар жүретіні
мәлім.Кемшіліктеріне тоқталар болсақ:
Экран алдындағы уақыт
Жаңа технологияларды пайдаланып оқытудың ең басты кемшіліктерінің бірі-
адам денсаулығына зияндығы. Интернет алдында ұзақ уақыт отыру әрі көзге, әрі
аданың эмоционалдық көңіл-күйінің бұзылуына әкеледі.
Техникалық ақаулар
Қанша дегенмен технологиялар соңғы үлгіде болса да, ол тірі жан емес,
кейде техникалық ақаулар туындауы мүмкін.Ал, шалғай ауылдарда интернеттің
тапшылығының да орын алуы техникалық ақауларға жатады.
Білім алушы мен білімберуші арасындағы байланыс
Электронды оқыту барысында студент пен мұғалім арасындағы байланыс
әлсірей түседі. Қашықтықтан оқыту барысында қарым-қатынас виртуалды түрде
болады. Мұның салдарынан білімалушының оқуға деген ынтасы әлсіреп кетеді.
Білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары
мен технологияларына тең қол жетімділігін қамтамасыз ету.
Е-learning технологиясы – бұл оқыту ортасы, оның көмегімен оқу үрдісін
жаңартуға болады, оқытудың типін, уақытын таңдауға мүмкіндік береді.Білім
алушы жұмысты компьютердің, ноутбуктың, планшеттің көмегімен
ұйымдастыра алады. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының көлемін көбейту оқу
үрдісін ақпараттық технологиялардың арқасында нығайтуға мүмкіндік береді [3].
Қорыта айтқанда, E-Learning жаңа талапқа сай, білім алушылардың басым
көпшілігі таңдаған білім беру үрдісі. Білім беру үрдісінде әрқашан дамып отыру,
жаңа үрдістер қалыптастырып отыру қажет.Әрқашан дамып отыру білімнің жаңа
деңгейіне көтереді.
E-Learning –бұл коммуникациялық және ақпараттық технологиялардың
қазіргі құралына мультимедиа құралдарына, бейнебайланыс құралдарына сүйене
отырып, оқытушы мен білімалушыларға ұсынатын арнайы оқыту формасы
Достарыңызбен бөлісу: