421
-жұмысты орындаулын және аяқтаудың уақытын белгілеуі;
Оқытушының басқаруымен білім алушының дербестігінің, өзара байланысы,
олардың жұмысты өз еркімен және оқытушының қолдауымен жасалады. Яғни
практикалық сабақ бұл білім алушының дәріс сабағынан алған білімдерін бекіту,
пысықтау, жынақтау мақсатында өткізілетін сабақтың бір түрі болып табылады.
Оқыту әдістемесі – оқыту үдерісі барысында оқытушы мен білім алушының өзара
әрекеттестік формасын көрсететін әдістер мен тәсілдердің бірлігі. Оқытудың
негізгі үш әдісін көрсетуге болады: енжар, белсенді және интербелсенді әдістер.
Енжар әдіс – оқытушы мен білім алушының өзара әрекет формасы. Енжар әдісте
оқытушы белсенді ролде болып, білім алушылар енжар тыңдаушы роліне енеді.
Енжар әдісті ұстанғанда оқытушы мен білімалушының арасындағы байланыс
сұрақ-жауап, өзбетінше жұмыс, тест тапсырмаларын орындату т.б. формалар
түрінде өткізіледі. Қазіргі жаңа технологиялар тұрғысынан қарастырғанда енжар
әдіс ең тиімсіз әдістеме ретінде қарастыралады. Дегенмен де енжар әдістің де
өзіндік тиіміді тұстары бар. Яғни шектеулі уақыт аралығында білімалушыға
көптеген мәлімет беріліп, ақпаратты жеткізіледі. Бұл көп жағдайларда дәріс
сабақтарында кеңінен қолданылады. Ал белсенді әдіс практикалық семинар сабақ
барысында оқытушы мен білім алушының белсенді өзара әрекет формасы
негізінде анықталып, білім алушы тыңдаушы емес, белсенді қатысушы роліне
еніп, оқытушымен бірдей деңгейде сабаққа атсалысады. (2-3)
Белсенді әдіс пен интербелсенді әдіс арасында айырмашылық бар.
Интербелсенді әдіс белсенді әдіске қарағанда ауқымы кеңдеу, бұл әдіс тек қана
оқытушы мен білім алушы арасында белсенділікке ғана білім алушы пен білім
алушы арасындағы өзара пікірталасқа, ой бөлісуге, өзара бірлесіп негізгі
мәселелерді шешуге бағытталған. Интербелсенді әдіске негізделген сабақта білім
алушыларды сабақ мақсатын шешуге бағыт беріп отыру, ал оның белсенді
орындаушылары білім алушылар болады. Интербелсенді әдістерді қолдану
бүгінгі күннің талабы себебі қазіргі қоғам талабына сай, тұлғаның ой-өрісін
дамыту, біліктері мен шеберліктерін қалыптастыру, оны өз тәжірибесінде, жаңа
жағдайларға байланысты қолдана алу, ой дербестігін кеңейту, заман сұранысына
сай ізденімпаз, шығармашыл тұлғасын қалыптастыру қажет. Жаңарған оқыту
құрылымы мен ұйымдастырылуы білім алушылардың қызығушылығы мен
қабілеттеріне, рухани дамуына, олардың өмірлік жоспарларының жүзеге
асырылуына бағытталған, көпвариантты және икемді болуы қажет. Жалпы,
практикалық сабақ барысында жаңа білім беру парадигмасына сай интербелсенді
әдістерді қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: