500
Үдеріс бойынша саралау: Бұл мазмұнды түсіну немесе меңгеру үшін
оқушы қатысатын іс-әрекеттер. Оқушылар мазмұнды жақсы түсіну үшін
орындайтын жаттығулар мен практикалық жұмыстар және іс-әрекеттер.
Нәтиже бойынша саралау. Нәтиже дегеніміз сабақтың соңында мазмұн
бойынша оқушының алған білімін демонстрациялау әрекеті. Мұғалім білімді
игерту мақсатында тапсырма береді, барлық оқушылар бір тапсырманы
орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады.
Оқу ортасы бойынша: мұғалімдер сыныпта қауіпсіз және қолайлы оқу
ортасын қамтамасыз ететіндей оқу үдерісін ұйымдастыруы қажет.
«Саралау қай кезде жүзеге асырылады?» деген сұраққа келсек, саралау
сабақты жоспарлаудан басталады. Яғни, сабақтың тақырыбына сәйкес оқу
мақсатын оқу бағдарламасындағы ұзақ мерзімді жоспардан дұрыс, нақты
таңдау, оқу мақсатының нақты, шынайы, қолжетімді, өлшенген, уақыты
шектеулі болуы, яғни, СМАРТ-қа негізделуі керек. Оқу мақсатынан сабақ
мақсатын нақтылау: оқушылардың барлығы, көпшілігі, кейбіреуі орындай
алатын мақсаттарды анықтау. Ойлау дағдыларының деңгейлерін анықтау: Блум
таксономиясына негізделген білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау.
Оқу мақсатына сәйкес бағалау критерийлерін нақты құрастыру. Бағалау
критерийлеріне сәйкес тапсырмаларды саралап алу. Тапсырмаларды саралауда
оқушылардың жас ерекшелігі, қажеттілігі, қабілеті, деңгейлері ескерілуі тиіс.
Тапсырмаларға сәйкес дескрипторды дұрыс, дәл, нақты құрастыру. Сабақ
соңындағы оқушының рефлексиясын ұйымдастыру. Пәнаралық байланыс,
сабақ үдерісінде қолданылатын ақпараттық – коммуникациялық құралдар,
ресурстар, қалыптастырушы бағалау жүргізу тәсілдері – барлығы жоспар жасау
барысында мұқият сараланып, жан-жақты талдаудан өткізілуі керек. Қысқа
мерзімді сабақ жоспарын жасауда сабақ үдерісі кезіндегі мұғалім мен
оқушының әрбір әрекетіне жете мән беру маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: