495
Көріп отырғанымыздай, сабақтың құрылымы кездейсоқ болмайды, ол оқыту
үрдісінің заңдылықтарын жүзеге асырады, жаңа сабақты меңгерту логикасын
ішкі психологиялық құбылыс ретінде, оқушының өзіндік ойлау іс-әрекетінің
заңын,жеке таным қабілеті сапасында алып, мұғалім қызметінің түрін және
оқушыны педагогтік үрдістің субъектісі ретінде алады. Сабақ элементтері,
ішінара бөліктердің өзара біртұтастығында аталған заңдар жүзеге асады,
өзектілігі анықталып, оқушылардың жаңа ұғымдық түсініктер қалыптасады,
сөйтіп, іс-әрекет тәсілдерін меңгеріп оны тәжірибеде қолдануға төселеді.
Педагогикалық жүйеде бұлар оқытудың кезеңдері сияқты, негізгісі,
өзгертуге болмайтын, әр сабақта дидактикалық бірліктегі міндеттерді
жинақтап, сабақтың дидактикалық құрылымының компоненті сапасында
келеді. Міне, осы компоненттер сабаққа қажетті шарттар мен бағдарламалық
материалдарды меңгеруге жеткілікті біліктілік пен икем, қабілеттерді және
оқушылардың ойлау әрекетінің белсенділігін өздігінен қалыптастыру, олардың
өмірге бейімделуге және интеллектуалдық қабілетін дамыту — оқушыларды
өмірге бейімделуге және еңбек етуге жаттықтыруға тиісті қадам.
Сабақтың сапасы мен нәтижелі өтуі, көбінесе, мұғалімнің өзінің және
басқалардың жетістіктері мен қателерін дұрыс талдай алуына байланысты. Өз
жұмысына талдауды сабақ өткізе салысымен және келесі сабақтың алдында,
яғни сабақтың конспектісінің негізі дайын болған кезде жүргізуі тиімді. Бұндай
жағдайда мұғалім өткен сабақтың нәтижелеріне сүйене отырып, келесі сабаққа
дайындығы кезінде осының барлығы ескерілуін ойластырады. Өзін-өзі бағалау
өткен сабақтың талдауына негізделеді, яғни мұғалім жасаған жоспарын тағы
қайтара талдап, сәтсіздіктерінің себебін табуға тырысып, дидактикалық
тұрғыдан ұтымды тұстарын қайталауға тырысады.
Осылайша, қазіргі уақытта да сабақ оқушылардың мектепте білім алуын
ұйымдастыру түрінің ең негізгісі болып қала береді. Сабақтың нәтижелілігі
мұғалімнің дайындық деңгейіне, оқушылардың оқу-танымдық әрекетін
ұйымдастыра алуына және ол оқу әрекетінің нәтижесін болжай алуына
байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: