Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет231/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Әдебиеттер
1. Молодой ученый. 
— 2018. — № 45 (231). — С. 240-242. — URL: 
https://moluch.ru/archive/231/53434/ 
(дата 
обращения: 
07.04.2022). 
2. https://www.opinionstage.com/blog/types-assessments/. 
ӘОЖ 372.8:002 
ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАСЫ 
Мамраим Г.С.
– 1503-10а тобының студенті 
Ғылыми жетекші:
Құрманбаева Ж.И. – Магистр оқытушы 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент 
Summary 
In this article we will talk about the fact that the lesson is still the main form of organization 
of school education, the effectiveness of the lesson depends on the level of training of the teacher, 
the ability of students to organize educational activities. 
Оқытуды ұйымдастыру формасы – оқыту процесінің міндеттерін іске 
асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс–әрекеттерінің сыртқы көрінісі. 
Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай 
жүзеге асады.Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқытудың ұйымдастыру 
тәсілдері де өзгеріп тұрады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында, 
оның негізінен үш түрлі формасы қалыптасқан: жеке –дара, топтық және 
сынып–сабақтық жүйе. 
Жекелеп оқыту жүйесі көне орта ғасырларда пайдаланылды. Мұғалім жеке 
оқушының орындаған жаттығу жұмыстарын тексеріп, мәтінді оқытып 
тыңдайтын, қалай оқу керектігін көрсететін, үй тапсырмаларын орындау 
амалдарын түсіндіретін, музыкалық құралдармен пайдалануды үйрететін. Дене 
шынықтыру тәрбиесінен жарыс және бәсеке жұмыстарын ұйымдастыратын, 
жеке не бірнеше оқушымен әңгіме жүргізу әдістерін де қолданатын.Бұрын 
қазақ еліндегі молдалардың балаларды оқытуы да осы орта ғасырлық оқу 
жүйесіне өте ұқсас еді. Әр жастағы балалар молданың алдында жүгініп отырып, 
әр 
кітаптан 
оқыған. 
Жаңа 
дәуірде 
Англияда 
оқытудың “белл 
– 
ланкастер” жүйесі тарады.”Сатылы” немесе “өзара оқыту” түрінің ерекшелігі: 
бір оқу жылында жас шамалары, білім дәрежелері әртүрлі, құрамы тұрақты 
емес оқушыларды жылдың қай мезгілінде болмасын оқуға қабылдап отырған. 
200–300 немесе 600–ден астам оқушыны мұғалім сатылып оқытуды 
ұйымдастырған, түске дейін ересектерді оқытса, түстен кейін олар өз кезегінде 
жасы кіші оқушыларға өздерінің мұғалімнен алған білімдерін үйретіп отырған. 
Оқытудың кең таралған сынып–сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос 
Коменский болды. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы педогогикалық 
тәжірибелерді зерттеп , оқу ісін жүйелі ұйымдастыруды ұсынды. 

Оқушыларды сыныпқа жас шамаларымен таным қабілеттері бойынша 
топтастыру. 

Сыныптағы оқушылар құрамының әркезде тұрақты болуы. 


494 

Жеке пәндерді тұрақты оқу кестелері арқылы алмакезек оқыту. 

Оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдарлмалары және оқулықтарға негіздеу. 

Оқытуды жылдың тұрақты бір мезгілінде бастап , аяқтау. 

Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі. 
Жалпы айтқанда, мұғалім бір мезгілде жас шамалары бірдей, құрамы әркезде 
тұрақты оқушылар тобымен жұмыс істейді. 
Оқыту жұмысын тек сабақ арқылы ұйымдастыру мүмкін емес.Сыныптық–
сабақ жүйесінің негізгі кемшілігі–оқушылардың дара ерекшеліктерін дамытуға 
жеткілікті мүмкіндіктердің болмауы – оқытуды ұйымдастырудың басқа 
жолдарын іздестіруге себеп болды. Сондықтан оқушылардың сыныптық–
сабақтағы танымдық әрекетін дамыту, толықтыру және оқушылардың өзіндік 
шығармашылық белсенділіктерін, қабілетттерін арттыру мақсатында оқыту 
жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері қолданылады. Олардың қатарына 
семинар, экскурсия, факультативтік, қосымша, конференция сабақтары, 
өндірістік оқу, үйдегі оқу жұмысы, тәжірибелік зертханалық (практикум) және 
пәндік үйірме жұмысары, олимпиада, сынақ және емтихан, өзіндік жұмыс 
түрлерін жатқызуға болады. 
Сабақтың талабын орындау мен оны түсінуге байланысты, мұның өзі 
әлеуметтік сұранымға қатысты анықталып, оқушылардың жеке басының 
қажетсінуіне орай құрылады, оқыту мақсаты, міндеттері, заңдары мен 
принциптері басшылыққа алынып, жоғарыдағы іс-әрекеттің мазмұнын 
айқындайды. Жалпы талаптардың ішінде, бүгінгі сабаққа сәйкес келетін, болып 
қарауға олатын жіктеме төмендегідей: (И.П.Подласый) 

ғылым жетістіктерінің жаңа түрін озық іс тәжірибені, оқу-тәрбие үрдісінің 
негізгі заңдарына құрылған сабақты; 

сабақты өту үрдісінде, барлық дидактикалық принциптер мен ережелер; 

оқушылардың санасын қалыптастыруға әсер етерлік, пәнаралық байланысты; 

бұрынғы білімнің байланыстыруға, оны меңгеруде икем-қабілетін және 
оқушылардың білім сапасын арттыру барысындағы тіректік ұғымдарға сілтеме 
жасау; 

тұлғаны жан-жақты дамытудың белсенді және түрінің қажеттілігі; 

педагог оқу-құралдарын ұтымды қолдануы; 

алған білімнің, өндірістік қызметпен, оқушының жеке іс-тәжірибесімен 
байланысты жүзеге асыруы; 

білімнің, икемнің, қабілетін тәжірибеде қалыптастыру, оны ойлау – амалы мен 
іс-әрекетке тиімді қолдануы; 

сабақты диагностикалау, жоспарлау, жобалау және болжау алуы. 
Әрбір сабақ тұтас педагогтың процестің функциясын жүзеге асыруға 
бағытталған: оқыту, дамыту, тәрбиелеу. Соның нәтижесінде сабақ 
көпжоспарлы, 
құрылымы 
әр 
түрлі 
болып 
келуі 
мүмкін. 
Сабақ 
құрылымының ерекше көп тараған түрі болып келуі мүмкін. Сабақ 
құрылымының ерекше көп тараған түрі барлық дидактикалық міндеттерді 
шешуге: білімді енгізу, жаңа материалды зерделеу, өткен материалды бекіту, 
бақылау, оқушылардың білімін бағалау, үйге тапсырма берумен байланысты. 


495 
Көріп отырғанымыздай, сабақтың құрылымы кездейсоқ болмайды, ол оқыту 
үрдісінің заңдылықтарын жүзеге асырады, жаңа сабақты меңгерту логикасын 
ішкі психологиялық құбылыс ретінде, оқушының өзіндік ойлау іс-әрекетінің 
заңын,жеке таным қабілеті сапасында алып, мұғалім қызметінің түрін және 
оқушыны педагогтік үрдістің субъектісі ретінде алады. Сабақ элементтері, 
ішінара бөліктердің өзара біртұтастығында аталған заңдар жүзеге асады, 
өзектілігі анықталып, оқушылардың жаңа ұғымдық түсініктер қалыптасады, 
сөйтіп, іс-әрекет тәсілдерін меңгеріп оны тәжірибеде қолдануға төселеді.
Педагогикалық жүйеде бұлар оқытудың кезеңдері сияқты, негізгісі, 
өзгертуге болмайтын, әр сабақта дидактикалық бірліктегі міндеттерді 
жинақтап, сабақтың дидактикалық құрылымының компоненті сапасында 
келеді. Міне, осы компоненттер сабаққа қажетті шарттар мен бағдарламалық 
материалдарды меңгеруге жеткілікті біліктілік пен икем, қабілеттерді және 
оқушылардың ойлау әрекетінің белсенділігін өздігінен қалыптастыру, олардың 
өмірге бейімделуге және интеллектуалдық қабілетін дамыту — оқушыларды 
өмірге бейімделуге және еңбек етуге жаттықтыруға тиісті қадам. 
Сабақтың сапасы мен нәтижелі өтуі, көбінесе, мұғалімнің өзінің және 
басқалардың жетістіктері мен қателерін дұрыс талдай алуына байланысты. Өз 
жұмысына талдауды сабақ өткізе салысымен және келесі сабақтың алдында, 
яғни сабақтың конспектісінің негізі дайын болған кезде жүргізуі тиімді. Бұндай 
жағдайда мұғалім өткен сабақтың нәтижелеріне сүйене отырып, келесі сабаққа 
дайындығы кезінде осының барлығы ескерілуін ойластырады. Өзін-өзі бағалау 
өткен сабақтың талдауына негізделеді, яғни мұғалім жасаған жоспарын тағы 
қайтара талдап, сәтсіздіктерінің себебін табуға тырысып, дидактикалық 
тұрғыдан ұтымды тұстарын қайталауға тырысады. 
Осылайша, қазіргі уақытта да сабақ оқушылардың мектепте білім алуын 
ұйымдастыру түрінің ең негізгісі болып қала береді. Сабақтың нәтижелілігі 
мұғалімнің дайындық деңгейіне, оқушылардың оқу-танымдық әрекетін 
ұйымдастыра алуына және ол оқу әрекетінің нәтижесін болжай алуына 
байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет