519
және дәстүрлі педагогикалық оқу формалары мен әдістерін виртуалды
оқытудың қазіргі концепция жағдайларында пайдалану мүмкіндіктері маңызды
болып табылады. Соңғы жылдары білім беру жүйесінің ақпарттандырылуы
мәселесі көптеген писхологиялық-педагогикалық зерттеулердің зерттеу нысаны
болып жатыр [2].
Виртуалды зертханалар іс-әрекетті компьютерлік оқыту ортасында
модельдеуге мүмкіндік беретін, педагог-практиктердің назарын өзіне
аудартатын орта болып табылады. Дегенмен виртуалды ақпараттық-білім
берушілік зертханалардың қазіргі заманауи жалпы орта мектептерінің
жағдайында оқу үрдісін құрайтын әдістемелерді құраушы ретінде қалыптасу
мәселесі әлі толық зерттелмеген. Сондықтан қоғамның білім беру сұранысына,
ақпараттық, коммуникациялық технологиялардың, заманауи ақпараттық ағын
және білім беру үрдісі арасында қарама-қайшылық туындайды. Сонымен қатар
жалпы білім беретін мектептерде ақпараттық қоғам жағдайында виртуалды
зертханаларды жоғары деңгейде жүзеге асыру үшін ғылыми-педагогикалық
база айтарлықтай дамымаған [3].
Виртуалды ақпараттық-танымдық зертханалар жағдайында жаңа
салаларды зерттеу кезінде мотивация жоғарылап, оқушыларда практикалық
дағдылар мен білім дамиды, олардың танымдық іс-әрекеті белсенді бола
бастайды. Виртуалды зертханалар жүйесін пайдалану дәстүрлі білім берудің
бай педагогикалық потенциалын қолдана отырып, оны жаңа деңгейге –
виртуалды компьютерлік технологиялар деңгейіне ауыстырады.
Достарыңызбен бөлісу: