Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет277/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov
Презентация (1), 1. дәріс Тарихқа дейінгі адам эволюциясы ҚТ МЕЖ ФАК, 2-дәріс меж.фак ҚТ, ДБ Өтініш үлгісі, Жутов ОКТЯБРЬ 2023, Image to PDF 20231108 10.43.21
Әдебиеттер
1.
 
Өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру (ust.kz)
 
2.
Строев К. Ф. О краеведческом принципе в преподавании географии. “География в 
школе”, 2013, № 3.
http://school-kraevedenie.narod.ru/stroev/stroev1.htm
 
3.
Щербаков А. М. Краеведческая работа в школе. М., Горизонт, 2019. 
4.
 
https://melimde.com/bafdarlamasi-negizgi-sratar-olketanu-kursin-oitudi-
maizi.html?page=3
  


593 
5.
Казиева А. Н. Роль краеведения в школах Казахстана. Журнал: Вестник КазНПУ. - 
Алматы, 2015. 
ӘОЖ 378.147:811.512
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СӨЗДІК ҚОРЫН 
МОЛАЙТУДЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ 
Мухамбетжанова А.Т. – 
1301-81 тобының студенті 
Ғылыми жетекші: Уристенбекова Г.К. 
– п.ғ.к., аға оқытушы 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент 
Summary 
In this article, the authors explore the linguistic foundations of vocabulary development of 
younger students. 
 
Адамның жеке тұлға ретінде дамуына ықпал етететін факторлардың бірі – 
тіл. Тіл арқылы әрбір адам өз ойын, пікірін, сезімін жеткізеді. Сондай-ақ, тіл – 
адамдарды қауымдастыратын, біріктіретін құрал. Адамдар арасындағы қарым-
қатынас қызметін атқаратындықтан, тіл арқылы адамдар бір-бірімен тілдік 
қатынасқа түсіп, пікірлесіп, түсінісе алады. А.Байтұрсынов; «Тіл – адамның 
адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі» - деп, оның тек адамдарға 
тән құбылыс екендігін көрсетеді [1, б.173].
Тіл «адамдық белгісі» болғандықтан, ол арқылы қарым-қатынасқа түсу 
тек адамдардың меншігі. Сонымен қатар, тіл – халық мәдениетінің негізі. 
Қандай халық болмасын, өз мәдениетін ана тілінде қалап, дамытады. Ана 
тілінде жазылған түрлі өнер туындылары, әдебиет мұралары сол халық 
мәдениетінің жетістігі.
Сондықтан мектепте тілді оқыту жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Тіл 
арқылы балаға барлық ғылымның негіздері үйретіледі. Тіл арқылы балаға 
барлық ғылымның негіздері үйретіледі. Ә.Садуақасовтың: «Адамды бір-бірімен 
қоғамдастыратын басты құралдың бірі – тіл. Оқушылардың білімді болуының 
басы айтушының сөзін тыңдай білуден, дұрыс сөйлей алудан басталады. Әрбір 
пәннен тиянақты білім алу да тілге байланысты»,- деген пікірі өзінің құнын 
бүгінгі күнге дейін жойған жоқ [2, б.12].
Адам айтайын деген ойын сөйлеу арқылы яғни әр түрлі сөз, сөз 
тіркестері, сөйлемдер басқаларға жеткізеді. Студенттерді қазақша сөйлеуге 
үйрету қазақтың дыбыстық жүйесі мен оның өзіндік ерекшеліктерін 
меңгертуден басталады. Олар дыбыстау мүшелері, олардың дыбыстарды 
айтуға қатысы, дыбыстарды топтастыру, буын, екпін, интонация, үндестік заңы, 
дұрыс сөйлеу, дұрыс жазу заңдылықтары, дыбыстардың айтылу, жазылу 
ерекшеліктері, дыбыс алмасулары т.б. көптеген заңдылықтарды туралы 
мағлұматтар алады
.
 
Сөзді қатысым әрекетінде, сөйлеу процесінде Ф.Ш.Оразбаева «Сөйлеу 
процесіндегі сөздің ерекшелігі – сол объективтік шындыққа, өмірге 
байланысты ұғымдарды сананың қабылдауы нәтижесінде ойды білдіретіндігін» 
қарастырып, оның мынадай қасиеттерін: 


594 
1. Сөз адам санасында бейнеленген ұғымның жарыққа шығуын қамтамасыз 
етеді; 
2. Сөз басқа қатысымдық тұлғалардың жасалуына ұйытқы болады; 
3. Сөз өмір шындығын нақтылы мағына арқылы түсіндіре келіп, адам ойының 
екінші біреуге жеткізілуіне әсерін тигізеді; 
4. Сөз адамдар арасындағы тілдік қатынасты жүзеге асыруға негіз болады», -
деп анықтаған [3, б.29].
Сонымен қатар сөз тек қатысымдық тұлға ғана емес, сол сонымен бірге тілдік 
тұлға. Тілдік тұлға ретінде сөздің мынадай бірнеше қасиеттері бар: 
1.
Сөз заттың атауын білдіреді 
2. Сөз тіркестерінің не сөйлемнің жасалуында пайдаланар құрылыс 
материалдары болып табылады. 
3. Әрбір сөзде өзіне меншікті мағынасы болады. 
4. Сөз күрделі тілдік құбылыс ретінде мағына мен дыбыстардың жиынтығынан 
тұрады.
5. Сөз тіркесі не сөйлем құрылымында сөзді пайдаланады. 
Оқушылар сөздің лексикалық заңдылықтарын меңгеру нәтижесінде тілдік 
қатысым әрекетінде сөзді еркін, орынды пайдаланады. Бұл орындалмаған 
жағдайда шәкірттер сөздерді орынды, мағынасына қарай сай қолдану 
дағдыларын меңгере алмайды. Демек, оқушылардың сөздік қорын молайту 
жұмыстарында сөздің лексикалық заңдылықтарын ұғындыру арқылы оларды 
тілдік қатысым әркетінде дұрыс қолданылуына әсер ету қажет.
Сөз – ғалымдардың пікірлерінше, мағына мен дыбыстардың бірлігінен 
тұратын тұлға. І.Кеңесбаев: «Сөз – дыбыстар мен мағынаның тұтастығы, ақиқат 
заттың, құбылыстың жиынтық атауы» - деп, сөзді ұғым тұрғысынан таныса [4, 
б.4], Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиев сөзді сөздің номинативтік мағынасы тұрғысынан: 
«Сөз дыбысталу мен мағына бірлігінен тұрады. Әрбір сөз белгілі-бір 
құбылыстың аты», -деп таниды [5, б.81]. Ә.Хасенов сөздің болуы тарихи-
әлеуметтік тұрғыдан шартты байланыс негізінде туындаған деп есептейді: «Сөз 
дегеніміз мағына мен дыбысталудың тарихы, әлеуметтік шартты байланысы» 
[6, б.68].
Ғылымда мағынаның өмір сүруі екі түрге бөлінеді: 
Бірінші – тілдік немесе таңбалық, символикалық, вербальдық мағыналар. Бұлар 
тілдің сезімдік тұрағында (базасында, қорында) арнайы таңбалар түрінде өмір 
сүреді. Мұндай жағдайда мағыналар таңбаларға «байланып» тұрады.
Екінші – заттық мағыналар. Бұлар адамның санасында, есінде, қиялында 
өмір сүреді. Бұлардың болуына шарт ретінде шындық өмірдегі мағынаның 
көрінісі (зат) тұруы қажет. 
Бастауыш мектеп оқушыларының сөздік қорын молайту жұмыстарын тіл 
білімінің грамматика саласымен тығыз байланыста жүргізу керек. 
Оқушылардың сөздік қорын белсенді қолдану үшін сөздерді тіркестіре алулары 
керек. Сөздерді тіркестіру заңдылықтарын білген бала сөздерді орынды 
қолдану дағдыларына да ие болады. Балаларға сөз тіркесін танытуда 
оқушылардың сөздік қорын молайтуға арналған сабақтарының сөз тіркесіндегі 


595 
әрбір компоненттің мағынасын түсіндіру арқылы оқушыларды сөздерді дұрыс 
тіркестіруге үйрету қажет. Мұнда мыналарды ескеру керек: 
1)
Сөз тіркесінде басыңқы сөздің мағынасын анықтау; 
2)
Сөз тіркесінде бағыныңқы сөздің мағынасын айқындау; 
3)
Сөз тіркесінің екі компонентінің мағынасын ұғындыру; 
4)
Сөз тіркесіндегі сөздердің тура не ауыспалы мағынада қолданылып 
тұрғанын анықтау. 
Мұнда біз әдістемеші ғалым Х.Арғыновтың еңбегін негізге алдық. 
«Сөйлем» тақырыбында оқушыларға сөйлем туралы түсінік, сөйлемнің түрлері 
және жасалу жолдары үйретіледі. Себебі, сөйлем тілдегі басты бірліктердің 
бірі. Сөйлемде ой толық беріліп, тілдік қатысым жүзеге асады. Сөйлем 
тақырыбын оқыту барысында оқушылардың сөздік қорын байыту үшін 
мынадай жұмыстар атқарылады. Оқушыларға сөздерді пайдалана отырып, 
сөйлемді дұрыс қарау, дағдылары қалыптасады. Бұл шәкірттердің сөздерді 
орынды, белсенді қолдануының алғышарты [ 7, б.31].
Сөйлем – ойды тиянақты білдіруде ең негізгі тұлға. Сөйлемнің 
қатысымдық тұлға екендігі Ф.Ш.Оразбаеваның төмендегі пікірінен көрінеді. 
«Сөйлем – тілдік қатынастың орындалуын тікелей себепкер болатын ең қажетті 
тұлға. Сөйлем баяншының айтайын, жеткізейін деген ойын, хабарын 
қабылдаушыға түсінікті етіп қана қоймай, сонымен бірге оның 
/қабылдаушының/ қайыра жауап беруінің көзі, көрсеткіші де болып табылады» 
[ 3, б.26].
Шәкірттер сөздік қорындағы сөздерді орынды қолдану үшін сөйлемді 
құру заңдылықтарынан хабардар болуы керек, бұл үшін алдымен сөздің 
мағынасын дұрыс түсінуі қажет. 
Сондықтан бастауыш мектепте оқушылардың сөздік қорын байыту 
мақсатында жүргізілетін жұмыстарда әрбір сөздің мағынасын ашып көрсеткен 
абзал. Бұл балалардың ойлау қабілетін қалыптастыруға, жетілдіруге негіз бола 
алады. 
Бастауыш мектеп оқушыларының сөздік қорын молайту барысында сөз 
мағынасын түсіндіруге баса көңіл аудару керек. Себебі, әрбір сөздің мағыналық 
жағы – ұғым ғана емес, балалардың қарым-қатынас қызметінде пайдаланар 
басты материалы. Сөз өзінің мағынасы арқылы бала санасында зат, құбылыс 
т.б. туралы түсінікті қалыптастырады. Баланың сөз мағынасын қаншалықты 
дұрыс түсініп, оны сөйлеу кезінде ретті қолдануы, оның сөздік қорының мол 
болуына әсер етеді. 
Бастауыш мектеп оқушыларының сөздік қорын байыту жұмыстарын 
жүргізген кезде ең алдымен оған қанша сөз беру, қандай сөз беру керектігін 
ескеру қажет. Бастауыш мектеп оқушыларының сөздік қорын байыту 
жұмыстарына лексикалық минимум беру арқылы оқушылардың жаңа сөздерді 
игеру, жоспарлы жүргізуге болады. Бұл үшін бастауыш мектеп оқушыларының 
сөз байлығын жетілдіруге ықпалы бар лексикалық тұлғаларды сабақ барысында 
жете түсіндіріп отыру қажет. Оқулық мәтінінде сирек қолданылған сөздерді 


596 
жеке-дара ұғындырмай, оны өтілген тақырыппен, сөз тіркесімен және 
сөйлеммен байланыстыру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет