Семинар -15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 30 сағат СӨЖ 30 сағат


Дәріс№5 Табиғат ресурстарын пайдалану, қалпына келтіру. Минералды ресурстарды тиімді пайдалану



бет45/90
Дата12.09.2020
өлшемі0,74 Mb.
#63667
түріСеминар
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   90
Дәріс№5

Табиғат ресурстарын пайдалану, қалпына келтіру. Минералды ресурстарды тиімді пайдалану.

Табиғат дегеніміз мезгіл мен кеңістікте шексіз, тұрақты қозғалыста, өзгеруде, дамуда болатын бейорганикалық және органикалық дүние.

Ол адамзат қоғамының өмір сүруіне қажетті әлемдегі барлық материалдық – энергиялық , информациялық және әр түрлі құбылыстардың жиынтығы.

Адамның шаруашылық әрекеті үнемі табиғатпен байланысты, оған тікелей немесе аралық әсерін тигізеді.

Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас тұтас күрделі мәселе. Халықтың өмірлік әрекетіне , денсаулығына тікелей немесе әлеуметтік – экономикалық жағдай арқылы жанама түрде табиғи ортаның құраушыларымен олардың жиынтығы – атмосфералық ауа, табиғи сулар ,топырақ жамылғысы, геологиялық құрылым , өсімдіктер мен жануарлар немесе биосферадағы барлық процестер ықпал жасайды.

Қоғамның материалдық ,мәдени, т.б. мұқтаждығын қанағаттандыру үшін қазіргі кезде немесе болашақта қолданылатын табиғи ортаның құрауыштарымен табиғи құбылыстары табиғи ресурстар деп аталады.

Оларға атмосфералық ауа, су, топырақ, кен байлықтары, күн радиациясы, ауа-райы, өсімдіктер мен жануарлар жылу энергиясы т,б, жатады.

Табиғат ресурстары әр түрлі жолмен жіктеледі:

Қол жетерлікке (іске асатын немесе нақтылы және потенциалды) , пайда болуына (табиғи, антропогенді), химиялық табиғатына (органикалық, минералдық) , көздері мен орналасуына ( жер, су, кен, өсімдік, орман), қолдану міндетіне(өнеркәсіптік, ғылыми эстетикалық рекреациялық) пайдалану өрісіне (энергетикалық, шикізат, тамақ) .

Сонымен қатар бастапқы (тікелей табиғаттан алынатын ) және қосымша материалдық (әр түрлі өндіріс салаларының утилдеуге жататын қосалқы өнімдері) болып бөлінеді. Энергетикалық ресурстарға барлық механикалық, химиялық және физикалық энергия көздерін жатқызуға болады.

Таусылуына байланысты табиғи ресурстар сарқылатын және сарқылмайтын болып бөлінеді. Сарқылмайтынға біздің планетаға қатысты сыртқы процестер мен құбылыстарды жатқызуға болады. Ол космостық ресурстар , жылжымалы ауаның энергиясы, су толқыны, ай мен күннің тарту күшіне байланысты теңіз суының толысуы мен қайтуының энергиясы , космостық шаң, климаттық ресурстар –атмосфералық ауа, жауын-шашын, жел, жер қойнауындағы жылу. Сарқылмайтын ресурстардың жердегі қоры пайдаланған сайын азаймайды, бірақта әр ресурстың пайдаланатын шегі болады. Мысалы, белгілі бір мөлшерден артық күн энергиясын пайдалану жер маңындағы кеңістіктің t-ның артуына әкеліп,термодинамикалық дағдарысты туғызуы мүмкін.

Ал, табиғи ортадан алынған сайын қоры сарқылатын, табиғи процестердің нәтижесінде орны толмайтын ресурстар сарқылатынға жатады. Бұлар ең алдымен қазба байлықтар, тірі табиғат ресурстары (биологиялық ресурстар), Сарқылатын бірақ қалпына келетін ресурстарға өсімдіктер мен жануарлар, өзен сулары, құнарлы топырақ жатады. Салыстырмалы қалпына келетіндерге топырақ, жертезек, ағаш жатады. Топырақтың негізгі қасиеті оның құнарлылығы, өсімдіктер өнімі соған байланысты, оның түзілуіне көп уақыт керек. Қарашірік қабатының 1см түзілуіне 100жылдай уақыт керек,20 см түзілуі үшін 5-7 мың жылдай уақыт керек.

Ресурстардың ішінен судың орны ерекше. Су ластану нәтижесінде уақытша (сапалық жағынан) сарқылады, бірақ сандық жағынан сарқылмайтын ресурс. Жердегі су қорының мөлшері өзгермейді, түрлерінің таралуы әр түрлі болуы мүмкін.

Көміртегінің қосылыстарынан тұратын ресурстарды пайдалану жылдамдығы ерекше назар аударады. Себебі, (ол энергия мен азық-түліктің көзі) соның нәтижесінде ғаламдық проблемалар туындап отыр; парниктік эффект, қышқылдық жауындар т. б. Қазіргі кезде табиғатта млн-даған жылдар барысында жиналған жанғыш қазба байлықтар бір жылда жағылады, егерде пайдалану жылдамдығы дәл осылай болса мұнай қоры 30-40 жылда, газ 40-50 жылда , көмір 70-80 жылда таусылады. Көмірқышқыл газымен ластану негізінен технологиялық процесте кокстың пайдаланылуымен байланысты.

Энергетикалық ресурстарға барлық механикалық , химиялық, физикалық энергия көздерін жатқызуға болады. Қатты органикалық отын және уран ресурстарының көп мөлшері өнеркәсібі дамыған елдердің жерінде болса, мұнай ресурстары , гидроэнергия негізінде дамып келе жатқан Азия, Африка ,Латын Америкасы елдерінде.

Жер қойнауындағы отын қоры болып көмір, мұнай ,газ, уран рудалары болып саналады.

Көмірдің дүниежүзілік қоры 9-11 трлн.тонна болса оның 50% -6 трлн. т ТМД елдерінде шоғырланған . Жылына орта есеппенпайдалануға жерден алынатын мөлшер -4,2 млрд т.

Кей елдерде АҚШ -430 млрд т. ,Германия -100 , Англия 50, Индия 29 , ТМД елдері 290 , Қазақстан 51 (40%) барланған кен орындарындағы көмір мөлшері.



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет