Байланысты: Тұлғаның дамуына арналған білім беру .Семинар
Сабақтың тақырыбы:Информатика әлеміне саяхат
Сабақтың мақсаты: 1. Информатика пәні бойынша алған білімдерін пайдалана отырып, информатика ғылымының даму тарихымен таныстыру.
2. Оқушыларды алдына қойған мақсатына жете білуге дағдыландыру, білім дағдысын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3. Оқушыларды эстетикаға, экономикаға, еңбекке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Білім сайыс сабағы
Құрал жабдығы: Информатика әлеміне саяхат жасауға арналған интерактивті тақтада салынған карта, конкурс тапсырмалары (флипчарттың 1-беті, карта суретін салу, тапсырмаларды «Мәтін» құралы көмегімен енгізу).
Информатика әлеміне саяхат жасауға арналған «Математика әлемі» қақпасы салынған сурет (флипчарттың 2-беті, «Математика әлемі» мәтінін «Мәтін» құралы көмегімен енгізу, алдын ала дайындалған кітапхана ресурсындағы қақпаның суретін орналастыру)
Қақпаны ашуға арналған кілттер салынған кішкене сандық (флипчарттың 2-беті, алдын ала дайындалған кітапхана ресурсындағы сандық суретін орналастыру, сандық суретін басқанда келесі бет шығатындай сілтеме жасау)
Сабақтың өту барысы: Сайыс сабаққа 7, 8-сынып оқушылары қатысады. Оқушылар екі топқа бөлініп жарысады. Екі топ оқушыларының мақсаты білімдерімен жарысып «Информатика әлеміне» саяхат жасай отырып, «Компьютер әлеміне» І-ші болып жету.
Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер!
Баршаңыз да бүгінгі сайысымызға қош келдіңіздер!
Бүгінгі сайысымызда білімдерін ортаға салып, ұйымшылдықпен жарыса отырып, «Информатика әлеміне» саяхат жасайтын екі топты ортаға шақырамыз. Ал, қазір сайыс шартымен таныстырып өтейін: 1. Амандасу рәсімі. 2. Капитандар сайысы («Математика әлемі» қақпасын ашатын сандықшадағы кілтке сәйкес сұраққа жауап береді, флипчарттың 3-беті, кілтті шерткенде сұрақтар 4-бетте шығады) 3. Информатиканың даму тарихы бойынша әр кезеңіне сұрақтарға жауап беру. 4. «Компьютер әлеміне қош келдіңіз!». Жеңген топтың капитаны «Компьютер әлеміне» кіру үшін сандықшадағы кілттегі сөзді оқиды. Ал енді сөз кезегін «Microsoft Word», «Microsoft Excel» топтарының сәлемдесу рәсіміне берейік.
“Microsoft Word” тобының сәлемдесуі: Шақырып жарыстарға сан-салалы,
«Microsoft Word» тобы жар салады!
Ту етіп достық пен татулықты
«Microsoft Excel» командасын қарсы алады!
Білімдерің биіктерде қалықтасын!
Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.
Жеңіс туың желбіреп алауласын,
Бәйгені сенен ешкім ала алмасын.
Ұраны: «Нақты жауап, сапалы шешім таба біл»
«Microsoft Excel» тобының сәлемдесуі: Осындай достар кез-келгенде,
Жетсін-ау, жарыстарда жеңгенге не?
Қарсылас болғанмен құрбысыңдар,
Тілейміз ізгі тілек сендерге де!
Құрметтеп біз сіздерді ой саналы,
Біздің топ сәлем беріп ән салады.
Бүгінге сайыстан достарына,
Қашан да тапқыр бол деп ой салады.
Ұраны: «Қандай сынақ болса-дағы беріспе.
Әрқашанда ұмтыла біл жеңіске»
Екі топ сәлемдесулерін айтып, топтарының атына байланысты шығарған газеттерін таныстырады.
Жүргізуші: «Өмір деген көк мұхиттың толқыны,
Бір-бірімен жатқан шулап жалғасып,
Бір-бірімен жатқан тулап арбасып,
О, толқындар, арпалысып алға шық,
Өмір деген мәңгі гүлдеп жататын,
Құштарлықтың толғағы мен көктемі» деп Т.Айбергенов жырлағандай өмірдің өзі сайыс, – деп айтпақшы келесі кезең бойынша «Капитандар сайысына» сөз кезегін берейік.
Капитандар сайысы. Екі топтың топ басшылары «Математика әлемі» қақпасын ашуға болатын сандықшадағы кілтке сәйкес сұрақтарға жауап береді.
1-кілтке сәйкес сұрақ: Қосарланып жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 12 км жол жүрді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүрген? (Ол 12 км жол жүрген)
2-кілтке сәйкес сұрақ: Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғай атып алды. Торғайлардың қаншасы қалды? (Он торғай қалды. Басқалары ұшып кетті)
2 топқа тапсырма: «Математика мақал-мәтелдерде»
2 топтан бір оқушыдан шығып, мақал-мәтелдер айтып жарысады (ауызша)