Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет354/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

математиканың
ең абстрактіліқ саласы – 
метаматематиканың өзін алсақ, оның өзі де 
ауыспалы тәуелсіздікке 
негізделген.


380
Жоғарыда айтылғанды қорыта келе, тәуелсіздік санатының болмыс-
тық мәртебесін мойындауға тура келеді.
Сонымен қатар дүниедегі өмір сүріп жатқан бірде-бір зат, құбылыс 
өзіндік болмысына қаншалықты «ұмтылса да», толығынан өзімен-өзі 
бола алмайды, сондықтан ол өз тәуелсіздігінің белгілі бір бөлігінен 
айырылуға мәжбүр болады. Мұны соғыстан кейінгі Албанияның 
әлеуметтік тәжірибесі айқын көрсетті. Батыспен де, Шығыс социалистік 
елдерімен де байланыстарын үзген сол елдің басшылары өз Отанын 
толық апатқа дейін әкеліп тіреді емес пе? Бүгінгі әлемде адамзатқа 
қажет 2,5 млн. жуық әртүрлі заттар өндірілсе, бірде-бір мемлекет, 
қанша алып болса да, басқа елдермен қарым-қатынасқа, кооперацияға 
түспей, дербес өмір сүре алмайды. Олай болса, тәуелділік тәуелсіздікке 
қарама-қайшы, яғни қарсы бағытталған санат болып шықты. Егер 
тәуелсіздік жалқының қайталанбайтын өзіндік жақтарымен тығыз бай-
ланысты болса, тәуелділік жалпылықтың негізінде өмір сүреді. Аталған 
екі санаттың «басын біріктіретін» дәнекер – заттар мен құбылыстардың 
өзара тәуелділігі, өйткені зат пен құбылыстың өзіне тән қайталанбас 
жақтарымен есептеспейтін біржақты тәуелділік ертелі-кеш бұзылады, 
басқа жағдайда – тәуелді заттың құруына әкеледі. Мысалы, бұрынғы 
Кеңес Одағының күрт жарылуының негізгі себептерінің бірі оның 
халықтардың тілі мен діні, әдет-ғұрпына тигізген зәбірлігі болды емес 
пе? Барлық халықтарды «орыстандыруға» бағытталған саясат ішкі 
наразылықты тудырып, ұлт-азаттық сезімді, халықтың ар-намысын 
оятты. Егерде Ресей саясатшылары уақытында шешен халқына 
федерацияның шеңберінде дербес даму мүмкіншілігін бергенде, бүгінгі 
қантөгіс болмас еді.
Халықтар арасындағы өзара тәуелділік – олардың мүдделерін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет