дезинтеграция (ыдырау),
энтропия (күш-
қуаттың төмендеуі),
хаос (бытырау) үдерістері жүріп жатқанын мо-
йындайды. Ал мұның өзі де заттар мен құбылыстардың болмыстағы
«өз еріктігіне» деген «ұмтылысын» көрсетпей ме? Өйткені олардың
әрбіреуінің болмыста өз негізі бар! Классикалық механиканың негізгі
қағидаларының бірі – әрбір зат өзінің салмағы арқылы ерекшеленеді, ал
оның өзі бастапқыдан бір-біріне
тәуелсіз берілген.
Тірі табиғатта да біз осындай жайттарды байқаймыз. Мысалы,
ағаштың бұтақтарында өсіп тұрған 50 мың жапырақтың бір-біріне
толығынан ұқсас екеуін тауып алу мүмкін емес. Әр жапырақ дүниеге
өз болмысымен келіп, соңында – кетеді. Бір ананың бойында өсіп,
дүниеге келген егіз – екі түрлі болып келеді, олар қанша бір-бірімен
ұқсас болғанымен, тәуелсіз, қайталанбайтын, ұқсас емес жақтарымен
танылады.
Ал егерде адам болмысына келер болсақ,
«дүниеде болу – ерек- шеленуге» теңеледі, яғни әр тұлға өз бойындағы табиғи дарында-
рын өрістетіп, дамыту арқылы өмір сүреді.
«Адам құқықтары» аталатын бүгінгі таңдағы кең таралған қағида өзінің тереңге кететін
түп-тамырында
тәуелсіздік ұғымына , тұлғаның басымдылығына
негізделген. Бүгінгі қоғамдарды шарпыған әлеуметтік ауытқулардың
терең себептерінде адамдардың өз болмыстық негіздерінің дамуына
қанағаттанбаушылық жатыр. Сондай-ақ әр халық өз тәуелсіздігіне
жетуге, соның негізінде мәдени құндылықтарын, дүниесезімі мен
дүниеқабылдауын сақтауға тырысады.
Қоғамның рухани саласына келер болсақ, тек қана өзіндік болмы-
сымен көрінетін төл шығарма ғана құндылығымен танылады. Сол
себепті Құрманғазы мен Абайдың, Қастеев пен Тәттімбеттің т.с.с.
шығармалары халықтың санасында мәңгілік сақталады. Ал өзіндік
негізі жоқ «біркүндік» туындылар бүгін дүниеге келіп, ертең-ақ
ұмытылып қалады. Тіпті