Серік Мырзалы философия оқу құралы


келіссөздер арқылы бір-бірімен  ұштастыруға тең



Pdf көрінісі
бет355/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

келіссөздер
арқылы бір-бірімен 
ұштастыруға тең
. Жер бетіндегі 
жергілікті соғыстардың осы уақытқа шейін тоқталмауы, негізінен, 
ірі мемлекеттердің кішілерді өз еркіне көндіру саясатынан шығады. 
Тек бүгінгі таңда ғана Ресей мемлекеті бірте-бірте империялық 
сана шеңберінен шығып, бұрынғы одақтас мемлекеттермен өзара 
тәуелділіктің негізінде ғана жақсы тиімді қатынастарды орнатуға бола-
тынын сезгендей. Халықаралық саясаттағы бұл оң өзгерістерге өзінің 
барша тәжірибесі мен білімі, тапқырлығын қосқан елдің президенті 
Н.Назарбаевтың үлесін асыра бағалау өте қиын.
Тәуелсіздік – қай халықтың болмасын, аса бағалайтын құнды-
лығы, өйткені тек осы жағдайда ғана алға кеткен халықтарды тиімді 
түрде қуып жетуге, халықтың шығармашылық мүмкіндіктерін сыртқа 
шығарып гүлдетуге, негізінен алғанда, тәуелсіздіктің терең түп-
тамыры өз болмысының қайнар көзіне, жаңа деңгейде қайта оралуына 
жағдай туады. Қоғам өміріндегі көп нәрселерді реформа барысында 


381
өзгертуге, басқа елдердің озық тәжірибесін қабылдауға, әрине, болады. 
Бірақ халық болмысының қайнар көзінде жатқан, тәуелсіздіктің өзіндік 
негізін құрайтын нәрселерді өзгертуге болмайды. Ондай жағдайда біз 
«жаңа мәңгүрттікке» тап болып, өз-өзімізден айырылып қалуымыз 
мүмкін. Айтылған ойды тереңдете, қоғам өміріндегі кейбір өзекті 
мәселелерге тоқтала кетейік.
Тәуелсіздіктің соңғы 10 жылында елімізді бүкіл әлемге таныту 
мен мойындату жолында көп жұмыстар жасалды. Бұрынғы Кеңес 
қоғамының ядролық қаруларынан бас тартудың арқасында, ең ірі мем-
лекеттерден, соның ішінде АҚШ, Ресей, Қытай елдері де бар, тәуелсіз 
өмір сүруіміздің кепілдігін алдық. Бұл біздің жас дипломатиямыздың 
ең ірі жетістіктеріне жатады. Соның арқасында қазақ елі бүкіләлемдік 
қауымдастыққа бейбіт өмір аңсайтын қоғам болып танылып, мәртебесі 
көтерілді. Біздің несібемізге тиген мол табиғи байлықтың арқасында көп 
дамыған елдердің мүдделерін елімізде қалыптастырдық, миллиардтаған 
доллар инвестицияларды тартып, халық шаруашылығын жаңа жолға 
қойдық. Бұл да тәуелсіздіктің негізгі факторларын құрайды. Ел астана-
сын жаңа жерге көшіру – жаңа мемлекетті құрудың символы, тәуелсіздік 
жолындағы қажымас саяси ырықтың көрінісі болды. Отандық мәдениет 
дамуының жаңа сапалы сатысы ашылып, ұлттық руханияттың қайнар 
көздері ой елегінен өткізіле бастады.
Сонымен қатар кемшіліктер де жоқ емес. Ол ең алдымен елдің 
экономикалық қауіпсіздігінде жатқан сияқты. Энергетикалық ресурс-
тарды көптеп сыртқа шығарсақ та, осы уақытқа шейін Ресей, Өзбек-
стан сияқты елдердің газы мен мұнайына тәуелдіміз. Ұлттық іскер 
топтар тек сауда-саттықпен айналысып, өз өндірісімізді дамытуға 
аса ынта көрсетпей отыр. Біржақты мұнайға басымдық жасау елді 
трансұлттық компанияларға тәуелді етуі мүмкін. Екінші жағынан, біз 
табиғи байлықтардың шексіз емес екенін ұмыт қалдырған сияқтымыз, 
олар болашақ ұрпақтарға да керек емес пе?!
Реформалар барысында өткен қоғамды жаппай терістеу орын алды. 
Ал оның өзі тәуелсіздік ұғымына түбегейлі қайшы, өйткені филосо-
фиялық тұрғыдан келгенде, ол өз болмысымыздың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет