Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих



Pdf көрінісі
бет534/667
Дата29.01.2022
өлшемі47,68 Mb.
#115926
1   ...   530   531   532   533   534   535   536   537   ...   667
Байланысты:
kozybaev mk bas red kazakstan tarikhy kone zamannan buginge

К€ЖР-І».8

ч Қазакстанныңбарлыккалаларында 17 казандағы манифестке арналған саяси 

шерулер, митингілер мен жиналыстар толкыны жайылды. Перовскідегі, Орал- 

дағы, Каркаралыдағы, Павлодардағы және баскаларындағы манифестациялар 

неғүрлым ірі  болды.  Оларды орыстар арасынан да, казактардан да шыкқан 

жергілікті зиялыларұйымдастырды^Омбьі жандарм баскармасы бастығының 

мойындауынша, Ә.Бөкейханов «барлықмитингілер мен петициялардың және 

үкіметке қарсы үгіттердің ұйыткысы, даладағы...  казактардың барлыкдіни- 

саяси  қозғалысының  көшбасшысы  ж әне  жетекшісі  сиякты»  болды.  Бұл 

күндерде Оралда Б.Каратаев пен Ж.Сейдалин, Қаркаралыда А.Байтұрсынов, 

Бекметовтер ж әне Ж .А кбаев ж әне т.б. ерекше белсенділік көрсетті. Ә. Бө- 

кейханов былай деп жазды: «Ж. Акбаевтың Павлодардан Қаркаралыға баруы 

үгіт сапарына айналды. Жол бойында шешенді барлык жерде топтанған казак- 

тар карсы алып, көптен күткен қонағы сиякты кабылдады... онымен туыстары 

сиякты, қоштасты. Ол туған қаласы Каркаралыға карашаның ортасында жетгі. 

Полиция баскармасының қарсы алдындағы бірден-бір аланда дереу митинг 

ұйымдастырылды».^өйтіп  1905жылғы  15карашадаәйгіліКаркаралыокиғала- 

ры басталды, ол мұсылмандардың кұрбан айт мейрамына тұстас келДТЗ^Іегізінен 

казақтардан, татарлардан, орыстардан ж әне баскаларынан тұратын 400-дей 

адам катыскан митингіде Ж .Акбаевтан баска бітістіруші судья Вайсерт, сот 

тергеушісі Михалевич, священник Иванов, орманшы Астрейн, мұғалім  Чемо­

данов,  жергілікті әскери команданың бастығы Гомбинский, өскери дәрігер 

Богуславский, орыс-казакучилищесініңмұғалімі Аяғанов, бітістіруші судья- 

ның хат жүргізушісі Төлеңгітов, саяси бакылауда жүрген Соколов және бас- 

қададсөз сөйледі.

/ Б ұ л   Қаркаралы  окиғаларының кең әлеуметтік базасы болғанын дәлел- 

дейді, дегенмен оларды ұйымдастырушылар казак зиялыларының алдыңғы 

катарлы  өкілдері:  Ж .Акбаев,  Ахмет  Байтұрсынов  (жергілікті  орыс-казақ 

мектебінің мұғалімі), Көлбай Тоғысов (бітістіруші судьяның хат жүргізушісі), 

Ережеп Итбаев (Щ ербина экспедициясына катысушы,  1896—1906 жылдары 

Ә.Бөкейхановтың көмекшісі) ж әне баскалар болдыД0 Ж .Акбаев саяси «бос- 

тандыкты манифест бойынша патша өз еркімен бершотьірған жоқ, одан күшпен 

тартып алынды» деп атап  көрсетті ж әне халыкты отаршылдык әкімшілікке 

бағынбай, кайта оған карсы күресуге шакырды.11 Кейіннен Қаркаралы окиғала- 

ры ны ңбасш ы лары  куғынға ұшырады, кейбір шенеуніктер жүмыстан боса- 

тылды немесе баска жерлерге ауыстырылды, қалғандары кашып кетті, ал Ж .Ак­

баев Якутияға жер аударылды.

Қазакстанда жұмысшылардың кішігірім және стихиялы бой көрсетулер- 

ден неғұрлым ірі ж әне үйымдаскан бой  көрсетулерге ұласуы  бірінші  ресей 

революциясының ең жоғары өрлеу кезеңі болып табылатын 1905 жылғы казан-

610



желтоқсан кезеңі н деде бол ып жатты. Өлкедегі жұмысшы қозғалысы 

накосы

 

айларда кен-зауыттардағы,  кеніштердегі,  шахталардагы, темір жолдирдиіы 



және  қала  кәсіпорындарындагы  ірі  бас  көтерулермен  сипатталады, 

ОЛіір 


Ресейдегі революциялықоқиғалардың жалпы барысымен тыгыз байланыстм 

еді.


Казахстан теміржолшылары Ресейдіңжалпы барлықтемір жолдарын кдм- 

тыған  1905 жылғы казандағы жалпыға бірдей саяси ереуілге белсеие катысты, 

оның негізгі талаптары саяси кепілдіктер мен бостандыктарды дереу жария- 

лау,  К ұры лтай   ж и н ал ы сы н   ш ақы ру  ж ә н е   т.б .  болаты н .  К а за х с т а н  

теміржолшылары экономикалыкталаптар да қойды.

17 казандағы  саяси бостандықтар беру туралы  жоғары  мәртебелі  мани­

фест жұмысшы қозғалысын бәсендеткен жоқ, қайта оның бірінші толкынын 

туғызды.  Орынбор-Ташкенттеміржолындағы поездардыңжүрісі: солтүстік 

бөлігінде (Орынбордан Казалыга дейінгі) — 14 қазаннан 20 қазанға дейін, ал 

оңтүстік бөлігінде (Ташкенттен Казалыға дейінгі) — 15 қазаннан 2 қарашага 

дейін тоқтатьілды, Рязань-Орал темір жолының Покровск-Орал учаскесінде 

ереуіл  11  казанда басталып, 23 қазанда аяқталды ж әне оған қоса поездардын. 

жүрісі тоқтатылды. Сібір темір жолындағы, соның ішінде оның Омбы-Пет- 

ропавл учаскесіндегі қазан ереуілдері және одан кейінгі саяси ереуілдер кезінде 

поездардың жүрісі токтатылмады, бұл магистральдің ерекше жағдайына бай- 

ланысты еді, онымен сол кезде батысқа жаралыларга, Киыр Шығыстан қай- 

тып келе жаткан  солдаттарға лык толы  поезд эшелондары  үздіксіз ағылып 

өтіп жатты.12 Сонымен бірге Орынбор-Ташкент темір жолының оңтүстік бо- 

лігінің жүмысшылары бүкіл Түркістанды қамтыған Таш кент гарнизонының 

көтеріліс жасаған солдаттарын патша өкімет орындарының айуандыкпен жа- 

залауына қарсы наразылық белгісінде өткен қарашадағы саяси бас көтеруге 

қатысты.  Казахстан теміржолшылары Ресейдің жалпы барлыктемір жолда­

рын камтыған желтоксандағы саяси ереуілге хосылып, бұл орайда экономи- 

ік сипаттағы да талаптар ұсынды.



Іетропавл,  Орал,  Перовск,  Казалы, Түркістан  ж әне  баскалары  сиякты 

темір жол шеберханалары мен деполары бар көптеген станцияларда ереуілдік 

темір жол комитеттері күрылып, поездардың жүрісіне басш ылык етуді ғана 

емес, сонымен катар іс жүзінде жергілікті жерлердегі бүкіл билікті өз колына 

алдьЦБасқа станцияларда жаңа революциялык өкіметтің бастамасы болтан 

ереуіл комитетгерінің міндеттерін аткарған делегатгар сайланды. Бұл жөнінен 

Перовск революциялык комитетінің кызметі сипатты, ол  1905 жылғы қазан- 

нан  желтоксанға дейін  үздіксіз дерлік  ереуіл  жүріп жаткан  Таш кент темір 

жолының бүкіл оңтүстік бөлігін іс жүзінде басқарып,  теміржолшылар ара- 

сында жетекші рөл аткарды.  Комитеттің өкімімен Түркістан станциясынан 

Казалы станциясынадейін поездардыц жүрісі тоқтатылып тасталды,  паро- 

воздар ағытылып, олардың механизмдері іске косылмады, ал кондукторлар 

мен кызметшілер үйлеріне жіберілді. Перовскіден екі ж акка да телеграфты 

комитет  бақылаута  алды.  Ол  өз  станциясындағы  тана  емес,  жолдың  бүкіл 

оңтүстік бөлігіндегі азық-түлік істеріне де өз бақылауын орнатты,  жұмыс- 

шыларта станция буфетінен өнімдер үлестіріліп берілді,  мүқтаж жүмысшы- 

лартакаражатжинау жөнет.б. жүргізілді. К ом итетқогамды қж әнеәкім ш ілік 

өмірді баскарды,  котамдык кауіпсіздік пен қазына мүлкін күзетуді жүргізді, 

арандатушылар мен штрейхбрехерлерге карсы сот ісін талқылаумен жөне т.б. 

айналысты. Комитеттіңтөрагасы темір жол кызметшісі,  бұрынты халықшыл



611


(«Халыкеркінің» мүшесі)  Е.З.Новоковский болды.  Комитетке депо жұмыс- 

шылары — социал-демократтар С.З.Табацкий мен А.И.Торохов жөне басқала- 

ры кірді.  1905 жылғы қарашанык аяғында теміржолшыларды басып-жаныш- 

тау үшін Ташкентке әскер келіп, олар станция мен депоны басып алды,  бірақ 

ж олдыңоңтүстік бөлігіндегі караша бас көтеруі Перовск комитетініңтабан- 

дылығы арқасында  16 қарашадан 9 желтоксанға дейін жалғасты. Ал бүл кезде 

көршілес Орта Азия темір жолында ол 3 желтоқсанда аяқталған еді.13

1905 жылдың желтоқсанындағы Ресей теміржолдарындағы бүкілресейлік 

саяси ереуілге орай Рязань-Орал темір жолының Покровск-Орал учаскесінде 

11—23 желтоқсан аралығында жолаушылар және тауар тасу катынасы тоқта- 

тылды. Орал станциясында теміржолшылардың көп адам катысқан жиналы- 

сы  өтті.  Оларда осы  магистраль  жұмысшылары  мен  кызметшілерінің  1905 

жылғы  15 карашадан 6 желтоқсанға дейін өткен съезінің Мәскеуден оралған 

делегаттары сөз сөйледі.

Ереуіл ге теміржолшылардың комитеттері басшылық етті, олар телеграф­

ты, жүріс және жол қызметтерін өздерінің қолына алды, темір жол бастықта- 

рын шеттетті. Ж ол бойындағы жұмысшылар мен қызметшілердің мұктажда- 

рына арналған азық-түл ік поездарының жүрісі ғана жүзеге асырылды.  14 жел- 

токсандағы Орал станциясы мен депосын әскерлер басып алды, ал ереуіл 22 

желтоксанға дейін жалғасты, барлықпоездардыңтұрақты жүрісі 23 желток- 

саннан бастап кана калпына келтірілді.

Ж елтоқсан  саяси  ереуілі  Орынбор-Ташкент темір  жолының  солтүстік 

бөлігі  бойынша  ерекше  табысқа  жетпеді,  оларға  Орынбор станциясы  бас 

шеберханалары жүмысшылары, Ақтөбеніңтеміржолшылары ғана косылды; 

поездардың жүрісін тоқтату әрекеттеріне дер кезінде шакырылған казактар 

мен әскери күзет кедергі жасады.14

1905 жылдың желтоқсанында Павлодарда өзенші эКұмысшылар ұйымдасқ- 

ан түрде бас көтерді. Олар комитет сайлап, әкімшілікке өздерінің: жалакыны 

арттыру, зейнетақы қорын көбейту, тегін медициналық көмек корсету, ақы 

төленетін демалыс беру және т.б. жөніндегі талаптарын койды.

Ереуіл қозғалысы жергілікті жұмысшылардың, әсіресе кен ж әне кен-за- 

уыт өнеркәсібінде жұмысшылардың баска да санаттарын камтыды. Өлкенің 

кенші-жұмысшыларының ең ірі ж әне ұйымдаскан бас көтерулері  1905 жыл- 

дыңжелтоқсанында Успен кенішіндеөтті, ол баска кеніштермен, Караганды 

көмір кен орындарымен және Спасск мыс-балкыту зауытымен бірге бұл кез­

де француз капиталисі К .А .К арноны ң иелігінде болатын.  Кеніште 334 адам 

жұмыс істеді, олардың ішінде 269 к а за к және 65 орыс болды: соңғыларының 

арасында Оралдан, атап айтқанда, Нижний-Тагиль зауытынан келген түракты 

жұмысшылараз болмады,  бой көрсетулерге катысушылардыңалдыңғы катар- 

лы  бөлігін  құраған да солар  болатын.  Кеніш  жүмысшылары  1906 жылғы  6 

желтоксанда митингіде өздерінің өкімшілікке талаптарын әзірлеп, олардың 

алдына койды, олар негізінен экономикалықсипатта болды (жұмысшыларға 

босатылатын  барлык  өнімдердің  бағасын  төмендету;  жалақыны  арттыру, 

жұмысшыларды суық өтпейтін киіммен ж әне аяқ киіммен жабдыктау, казак 

жұмысшыларына арналған үй-жайлар — казармаларды жаксарту, орыс-қазақ 

училищесін ашу ж әне т.б.), «Орыс-қазақ одағын» кұрды. Оны Петр Топор- 

нин, Владимир Мартылога, казак жұмысшылары Әлімжан Байшағыров, Ыскак 

Қасқабаев ж әне басқалар баскарды, өздерінің талаптары канағаттандырыл- 

маған жағдайда «орыс-казак бас көтеруін» жариялайтын болып шешті. Ол  11

612



желтоксанда басталып, «капитализмге қарсы оры с-қазақ одағы» үранымен 

өтті. Кеніш басқарушысы бас көтерушілерге карсы күресте жергілікті болы- 

стардың билеушілерін билер мен ақсақалдарды пайдаланды, олар казак жүмыс- 

шыларына  кысым  көрсетті.  Бұл табыска жеткізбеді,  өйткені  жұмысшылар 

үйымдасқан түрде және біртүтас табандылыкпен кимыл жасады. Сондыктан 

кеніш әкімшілігі жүмысшылардың негізгі талаптарын қанағатгандырды: жа- 

лакыны  көтерді,  8  сағатты қ  жұмыс  күнін  енгізді,  азы қ-түлік  бағасын 

төмендетті, су өткізбейтін киіммен ж әне аяқ киіммен камтамасыз етті ж әнс 

т.б.  Бірақ ереуіл  аякталғаннан  кейін  оның ұйымдастырушыларын  жазалай 

бастады,  16 адамды, соның ішінде П.Топорнинді және жұмысшылардың баска 

да басшыларын жұмыстан шығарды.  Успен кенішіндегі бас көтеру, әсіресе 

«орыс-қазақ одағының» кызметі, өздерінің саяси және экономикалык күкыкта- 

ры жолындағы күрестер Қ азақстанныңқазак, орыс және басқа жұмысшыла- 

рының ынтымағы нығайғанын дәлелдеді.15

Мәскеудегі желтоқсан  қарулы  көтерілісі жеңіліске үшырағаннан  кейін 

революцияның шегінісі басталып, реакция шабуылға шыкты, бұл Кдзакстан- 

да да дереу үндестік тапты. Егер бұрын іргелес жаткан елді мекендерімен коса, 

Сібіртемір жолы соғыс жағдайында деп жарияланса,  1905 жылғы 23 желток- 

саннан бастап патшаның жарлығы бойынша соғыс жағдайы осы магистраль 

өтетін барлык уездерге, атап айтканда, Акмола облысының Петропавл ж әне 

Омбы  уездеріне таратылды,  ал  1906  жылғы  6  каңтарда  патшаның арнаулы 

жарлығымен Акмола жөне Семей облыстарының бүкіл аумағына соғыс жағ- 

дайы енгізілді. Сібірге, Солтүстік Қазакстанға  Меллер-Закомелскийдің жа- 

залау экспедициясы әкелініп, ол революция күштерін жаппай жазалау жо- 

лымен аяусыз басып жаныштауға кірісті. Өлкенің баска аудандарында да кон- 

трреволюциялык күштердіңтірегі — казактар, жандармдар, полицейлер және 

өскерлер қатаң жазалау шараларын жүзеге асырды. Бірінші кезекте, жұмыс- 

шы козғалысының белсенділерін, бас көтерулер мен ереуілдерді үйымдасты- 

рушыларды және баскаларды жаппай камауға алу, жер аудару ж әне жұмыс- 

тан шығару басталды. Дегенмен, осындай жағдайларда да Казақстанда жұмыс- 

шылардың, әсіресе қалалык кәсіпорындарда, ұйымшылдығы азы рақ болса 

да, жекелеген бой көрсетулері болды.

1906 жылдың маусымында Семей каласының жалпы барлық кәсіпоры н- 

дарының жұмысшылары  бас көтеру жасады.  Ереуілді  жекеш е жүн жуатын 

оры ндар  мен  өзен   ж ұм ы сш ы лары   бастап,  оған  құры лы сш ы лар,  ұсак 

қызметшілер ж әне кара жұмысшылар косылды. Олардың арасында орыстар- 

дан баска казактар мен татарлар едәуір көп болды. Бас көтерушілердің бұка- 

ралыкдемонстранциясы 6 маусымда халық үйіндегі жиналыспен аякталды, 

онда кәсіподактар кұрылып, кәсіпкерлерге койылатын талаптар әзірленді. 

Олар экономикалык жеңілдіктерді ғана емес, сонымен қатар жиналыстар мен 

жиындар өткізу бостандығына құкыкты талап етті, каланың жалпы барлык 

көсіпорындарында  жұмысш ылардың  талаптары  қанағаттандырылды,  өз 

кожайындарының ішінара жасаған жеңілдіктеріне риза болмаған жүн  жуу 

орындарының жұмысшылары ғана бас көтеруді жалғастыра берді.16

1907  жылдың  наурызында  Семей  каласындағы  М усиннің  зауыты  мен 

диірмені жұмысшыларының, Орал каласы полиграфистерінің кыска мерзімді 

бас көтерулері мен толкулары болып, олар 8 сағаттык жұмыс күнін, жалакы- 

ны  арттыруды  ж әне т.б.  талап  етті.17  1906  жылы  Қазақстанның  темір  жол 

бойында  жалпыға  бірдей  ірі  бас  көтерулер  болмағанымен  де,  осы  уақытта

6 1 3



теміржолшылардың ұиымшылдығы мен саналылығы одан әрі өсіп,  олардың 

үйірмелері  мен  кәсіподақ ұйымдарының нығаюы ж әне күшеюі орын алды. 

1906 жылдың көктемінен бастап темір жол бойларында тағы да жұмысшы қоз- 

ғалысының өрлеуі басталады.  Үжымдықжиындар, қыска мерзімді бас көте- 

рулер, маевкалар ж әне т.б. ұйымдастырылады.  Қазалы жөне Орынбор-Таш- 

кент темір жолының баска да станциялары деполарының жұмысшылары  8 

сағаттық жұмыс күнінің енгізілуін талап етті, ол Ташкент станциясындағы 

шеберханалар  мен  деподағы  өз  қүқықтары  жолындағы  табанды  күресінің 

нәтижесінде енгізілді.  1906 жылдың күзінде (қыркүйек пен казанда) Петро- 

павл станциясы депо жұмысшыларының екі бас көтеруі болды, онда жұмыс- 

шылар  айдаудан  қайтып  келген  өз  жолдастарын  —  1905  жылғы  қазан  бас 

көтерулеріне катысушыларды жүмысқа кабылдауды талап етті.

1906 жылдың жазы мен күзінде, сондай-ақ  1907 жылдың басында өлкенің 

темір жол станцияларында жекелеген саяси акциялар өткізілді. Мысалы,  1906 

жылғы  14—16 шілдеде Қазалы станциясында,  1906 жылғы 7 тамызда — Петро- 

павл станциясында,  1906 жылғы 20 тамызда Ақтөбе станциясында митингілер 

ж әне саяси қамаудағылармен кездесулер өткізілді;  1907 жылғы  14 ақпанда 

Орал станциясында Мемлекетгік Думаның депутаты И.И.Космодамианскийді 

Петербургке шығарып салудың аяғы саяси митинг! мен шерулерге айналды. 

Ақтөбе, Петропавл станциялары мен басқаларында да осындай оқиғалар орын 

алды.  Сібір темір жолының Омбы-Петропавл  учаскесінде теміржолшылар 

күресінің негізгі нысаны итальяндық ереуіл дейтін болды, бұл орайда поез- 

дардыңжүрісін тоқтатуға мүмкіндігі болмаған жүмысшылар жұмысқа ыжда- 

ғатты  түрде  шығып,  бірақ өз  міндеттерін  орындамады.  1907  жылғы  темір- 

жолшылардың ірі бой көрсетулерінің бірі Омбы-Петропавл бас көтеруі бол­

ды, ол Сібір темір жолының жұмысын бір айдан астам, 8 ақпаннан  19 наурызға 

дейін тоқтатып тастады.  Бірақ бұл бас Көтеруді Сібір магистралының баска 

шеберханалары мен деполары қолдамады. Осыны пайдаланғанжергілікті өкімет 

орындары оған катысушылардың бой көрсетуін аяусыз басып тастады. Әске- 

ри күштер де іске қосылды. Паровоз бригадалары паровоздарға әскери айдау- 

ылмен апарылды, ал станцияны әскер коршап алды, жұмыстан бас тартқан- 

дардыңорнына Омбы әскери гарнизоныныңжұмысшыларыжіберілді. Жұмыс- 

шыларды ж әне т.б. жаппай камауға алу, жер аудару және жұмыстан шығару 

басталды.18 1907 жылғы 28 мамырда Перовск станциясы депосының шеберха- 

наларында жұмысшылардың бас көтеруі тұтанды, оны жөндеу жұмыстары 

үшін кесімді ақыны үнемі төмендету,  әкімшіліктің озбырлығымен жұмыс- 

шыларды жұмыстан шығару туғызған еді. Бірнеше күнге созылған бас көтеру 

жеңіліспен аяқталды .19 М ұның бәрі бүкіл Ресейдегі сиякты, Кдзақстанда да 

1906—1907 жылдарда революциялық күштердің, әсіресе жүмысшы қозғалы- 

сының қарсыласа отырып шегінгенін көрсетеді.

Бұл жылдарда азаттықкүресіне жаңа күштер, атап айтқанда, казактардың 

ең кедей топтары, жергілікті гарнизондардың солдаттары, оқушы жастар және 

өлкеніңбасқададемократиялы қкүш терітарты лды .  1905 жылғы  Ібқаңтарда 

Жетісу облысының Ж аркент уезі гарнизондарының солдаттары мен казакта- 

ры оның бастығына 20 тармақтан тұратын, соның ішінде солдаттар, казактар 

мен олардың отбасы мүшелері үшін мектептер мен кітапханалар ашу туралы, 

офицерлердің солдаттарға сыйластықпен қарауы ж әне т.б. туралы талаптар 

қойды.  1907 жылдың көктемінде Оралдың, өлкедегі баска да қалалардың оқу 

орындары оқушыларыныңтолкулары болып өтті.  1907 жылдың сәуірінде Вер-

614



ный  кдласында  жұмысш ылар  ғана  емес,  сонымен  катар  қолөнерш ілер, 

мұғалімдер мен оқушылар, ұсақ қызметшілер ж әне калаға келгсн шаруплир, 

барлығы төрт мындай адам катысқан, қызыл жалаулар көтеріп, революция- 

лык әндер шырқалған ж өнет.б. көп ұлтгы шерулер болды.20

Жұмысшы қозғалысының ж әне басқа да револю циялык күрес нысаида- 

рының дамуында социал-демократтардыңжергілікті ұйымдары мен топтары 

маңызды рөл атқарды, олардың кызметіне Қазакстанға тікелей жакын жердс 

өрекет жасаған Орынбор, Ташкент, Сібір, Астрахан, Самара, Саратов РСДЖП 

комитеттері зор ықпал етті.  1904 жылы пайда болған «Сібір социал-демокра- 

тиялық одағының» әсіресе оның Омбы ұйымының ерекше маңызы болды. Ол 

еңбекшілер арасында бірінші кезекте, Петропавл, Көкшетау және Қазакстан- 

ның баска да солтүстік-шығыс аудандары жұмысш ыларының арасында зор 

насихат  жұмысын  жүргізді,  сонымен  бірге  «Сібір  социал-демократиялык 

одағы» өзінің революциялык прокламациялары мен үндеухаттарын Жетісуда 

жөне Қазакстанның баска да аудандарында таратты.

Атбасарда 1896 жылы Оралдан келген айдаудағы жұмысшы А .Д.Ушаков 

ұйымдастырған үйірме Қазақстандағы тұңғыш маркстік өздігінен білім алу 

үйірмесі  болып есептеледі. XX ғасырдың басында Ақмолада, Петропавлда, 

Оралда, Қостанайда, Семейде, Верныйда ж әне өлкенің баска да қалаларында 

маркстік үйірмелер пайда болды. Бұл үйірмелерді ұйымдастырушылар: Акмо- 

лада Оралдан келген айдаудағы жұмысшылар В.Невзоров пен П.Н.Топорнин, 

Успен кенішіндегі «Орыс-казакодағының» (1905 ж., желтоксан) болашақ кай- 

раткерлері, Петропавлда Омбыдан жер аударылған теміржолшылар, соның 

ішінде слесарь Н.Васильев болды, баска қалаларда үйірмелерге айдауда жүрген 

социал-демократтар басшылық етті.21 Верныйда жергілікті гимназияның жо- 

ғары  сынып  окушылары  арасында маркстік  өздігінен  білім алу  үйірмелері 

пайда болды. Гимназист М.В.Фрунзе де кірген үйірмелердің біріне айдауда 

жүрген  социал-демократ,  Петербург  университетінің  тарих-ф илософ ия 

факультетінің студенті  Г.М.Тихомиров  басш ылық етті.22  1904 жылы  Омбы 

кадет корпусында  оқып  жүрген  жас  В.В.Куйбышев  Көкшетауда  маркстік 

үйірме ұйымдастырды.23 Қазакстанның маркстік үйірмелері өз қатарларын 

бірте-бірте нығайтып, революциялык идеяларды үйрену мен насихаттаудан 

саяси үгіткежәнепрактикалықкимылдарғакөшебастады. 1903 жылғы  1  Ма- 

мырды Оралдың м аркстік үйірмесі ж ергілікті баспахана ж ұм ы сш ы лары - 

ның саяси ереуілін ұйымдастырумен атап өтті, ол К азақстандағы  тұңғыш 

саяси ереуіл болды.  Верный гимназистерінің м аркстік үйірмелері калада 

револю циялык әдебиет, үндеухаттар, проклам ациялар ж өне т.б. таратты. 

Бірінші Ресей революциясының қарсаңында жөне сол жылдарда нақ осын- 

дай үйірмелер өлкеде Р С Д Ж П  топтары мен ұйымдарын кұруды ң негізіне 

айналды.


Революцияның  алғашқы  айларында  бұрын  болған  маркстік  үйірмелер 

негізінде Петропавл мен Оралда РС Д Ж П  ұйымдары, Петропавлда, Қазалы 

мен Түркістанда, ал сәл кейініректе -  Ақмолада, Көкшетауда, Актөбеде, Пав- 

лодарда ж әне өлкенің басқа да калаларында социал-демократиялы ктоптар 

құрылды.  1906 жылы Семейде де РСД Ж П  ұйымы кұрылды. Петропавл үйы- 

мында — 147, Орал үйымында 150 адам болды. Шамамен жасалған есептеулер 

бойынша, бірінші Ресей революциясы жылдарында Қазақстанда барлығы 500- 

re жуык социал-демократ болды.24 Көріп отырғанымыздай, өлкедегі социал- 

демократиялыктоптар мен ұйымдардың көпшілігі темір жол бойларында op-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   530   531   532   533   534   535   536   537   ...   667




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет