Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет32/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly
№2 Нарык экон сипаттама 42 топ тапсырмалар, №2 Нарык экон сипаттама 42 топ тапсырмалар, user file 5829f37e87cf4
 
-62
-


Мұны айтқан кішілеуі. Жақсы қыз екен! Арал қуана жауап қатты:

Аралмын.
Екі қыз сықылықтап күлді.

Ой, как интересно!
«Үлкені қазақша білмейді екен. Күлгені несі?»

Атың кім?
«Кішісі қазақша біледі екен. Жаңа айттым ғой. Қайталап сұрағаны несі?»
-
Арал.

Арал деген теңіз ғой. Адамға да осыңдай ат қояды екен, ә?

Қояды. Біздің ауылда Арал деген адам көп.

Мейлі, кел, ойнайық. Менің атым —
Жазира. Ал мынау —
менің әпкем Нәзира.
Енді Арал күліп жіберді. Жазираның кіп
-
кішкентай болып алып «әпке» деп сызылып тұрғаны 
жараспайды екен. Соған күлді.

Что он смеется? Дурак, что ли?
Аралды орысша білмейді дегенімізбен, «дурактың» жынды 
екенін жақсы білетін. Нәзираның өзін «жыңды» деп тұрғанын түсіне қойды.

Ой, шүлдірлеген пәле. Өзің дурак!

Мынау тақылдап қалған пәле қайдан шыққан бала өзі?!
Аралдың төбесінен жай түскендей болды. Есіктерінің алдында кесек, еркек жүзді, толық әйел 
тұр. Арал қалшиып тұрып қалды. Жазира жауап берді.

Бұл —
Арал. Жақсылық ағаның інісі.

Бәсе. Колхоздың баласы екені көрініп
тұр.

Мама, бұл —
жақсы
бала. Нәзираның өзі мұны «жынды» деді.

Десін. Ойнамаңдар онымен. Ауылдың баласынан қайбір өнеге үйренемін дейсіңдер. Ал, сен 
бала, бар үйіңе.
Арал ыза болып кетті. Мұндай сұмдықты бірінші рет естуі еді. «Колхоздың
баласы жаман» 
деген не пәле бұл? Арал намысты қолдан беретін бала емес.

Бармаймын...
Мен жаман емес, қызыңыз жаман. 
Арал тағы бірдеңелер айтпақ болып еді, тынысы бітіп
қалды. Беті қып
-
қызыл болып өртеніп 
барады. Үйіне қойды да кетті.
-63- 


Арал мына екі қызбен қайтып ойнамасқа бекінді. Содан үйде біраз отырып көшеге 
шықты. Көшеде машиналар ерсілі
-
қарсылы ағылып өтіп жатыр. Зу
-
зу етіп бір толастар емес. 
«Қалада машина көп болады екен. Міне, бұл енді қаланың ауылдан
артықшылығы!» Көшенің 
осы маңдағы жалғыз
қабатты жыпырлаған үйлері біраз жер созылып барып, биік үйлерге 
жалғасады екен. Арал солай қарап сәл тұрды. «Нағыз қала
сонда екен ғой» деп ойлады. Жаңағы 
ашуызасы тарқап, аңсары сол биік үйлерге ауа берді, тротуармен тартып отырды.
Үлкен
үйлер, шынында, көрікті екен. Бәрінің асты —
дүкен. Арал оның ешқайсысына 
кірмей, жай аралады да жүрді. Үлкен
-
үлкен әйнектің арғы жағында тамақтың алуан түрі тұр. 
Мұндай дүкендерден жұрт нан,
сүт көтеріп шығып жатыр. «Е, бұл ауылдағы Нұршакүлдікі 
сияқты азық
-
түлік дүкені екен». Енді бір әйнектің тұсына келе бере, Арал тесілді де қалды. 
Әйнектің арғы жағында ұзын көйлек киіп, оң қолын көтерген бір әйел тұр. Жүзі сарғыш. Дәл 
Нұрлыбектің шешесі тәрізді. Ол кісі де осындай ұзын, сұсты. Арал әрі қарады, бері қарады. 
Әйел
қозғалар емес, бір түрлі жансыз сияқты. Арал әйелдің көзіне тіктеп қарады. Әйел де
кірпік 
қақпай Аралға тесіліп тұр екен. Арал
шошып кетіп, кейін қарай зытып берді.
Ол келе ебін тауып, ешкімге көрінбей үйге кіріп алды да, күн ұаққа тысқа шықпады. Іші 
пысып, жыларман болды. Далаға қаншама аңсары ауғанымен, Нәзира мен Жазираның шешесіне 
көрінгісі келмеді. Оның Аралды «ауылдың баласы, колхоздың баласы» деп кемсіткені, 
қыздарына ара түсіп тап бергені шымбайына батқан.
«Қалаларың өздеріңе. Мен кетемін ауылға. Қызбен ойнамаймын мен әуелім, айта 
берсеңдер. Сендермен ойнайтын кіммін мен? Қыз емеспін, баламын —
мен! Бала баламен 
ойнауы керек. Биыл оқуға алынбай қалғаныммен, ендігі жылы жасым жетпек түгілі, асып кетеді. 
Осыдан партаға бір отырайыншы, бітті. Қыздар түгілі, баламен де ойнауды қойып, кітаптан бас 
алмай оқи беремін, оқи беремін. Сөйтіп, алдымен әдемілеп тұрып мектепті бітіремін, ал қалаға 
содан соң келемін».
 
-64- 


* * * 
Ағасы келісімен:

Ал, Арал, көрші қыздармен таныстың ба? —
деді.

Жоқ. Танысқым да келмейді. Ауылға кетемін.

Неге?

Мен кешке дейін тесіліп үйде отыратын қыз емеспін ғой. Менің ойнауым керек.

Ойна көрші қыздармен.

Ойнамаймын олармен. Олар мені кемсітті.
Арал болған жайды ызаға булығып, айтып берді. Ағасы мен жеңгесі Аралға болысудың 
орнына жатып күлді.

Шынында, бекер әкеліппіз. Саған мұңда көңілсіз болады екен. Аддағы сенбіде апарып 
тастаймын ауылға, —
деді ағасы.
Осы сәт Арал өрістен шұбап қайтқан қалың сиырды, күрең атымен тепеңдеп оның соңын 
айдап келе жатқан
Тайжан жездесін көргендей болды. Сиырлар енді аздан соң ауыл алдындағы 
электр сауғыш орнатылған ойға жиналады. Содан соң, Тайжан Аралды күрең атқа мінгізеді. Арал 
өрістен тоймай қайтқандай болып жалмаңдап ауа жайылғысы келген сиырды қайырып тұрады. 
Бұдан қызық не бар?! Арал аулына қайтуға асықты. Ол оқуға ендігі жылы алынады. Ал қалаға
кейін, ағасы құсап үлкен болғанда, институтқа түсуге келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет